Құрық порты құрамасы жеңімпаз атанды

Спорт
21.07.2021, 11:01
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстауда жылдағы дәстүр бойынша теміржолшылардың төл мерекесіне орай «Қазкөліккәсіп-2021» шағын футбол лигасының кезекті іріктеу туры өтті. Бір уақытта екі жерде өткізілген ойында жергілікті теміржол мекемелерінен құралған 13 команда өзара бақ сынасты. Жүк тасымалы және магистральдық желі бөлімшесі әкімшілігінен, жолаушылар тасымалы, вагон және локомотив деполары, электрмен жабдықтау, байланыс және белгі беру, сондай ақ жол дистанцияларынан, станциялардан, теміржол полицияларынан құралған командалар төртке бөлініп, екі топтан екі спорт залында қатар сайысқа түсті. Бірі «Жеңіс» спорт кешенінде болса, екіншісі «Миғраж» мешіті спорт залында өтті. «Жеңістегі» футболшылардың бірінші және екінші тобынан Құрық порты станциясының, ПЧ-13 мекемесінің жігіттері финалға шығып, финал біріншілігі үшін жарысты. Бұл ойында Құрық порты командасы үстем шығып, әрі қарай үшінші және төртінші топтар арасындағы жеңген командамен бас жүлде үшін ойынға шықты. Нәтижесінде ақтық сайыста локомотив депосының теміржолшыларын жеңген Құрық порты құрамасы бірінші, локомотив депосы екінші, ПЧ-13 ойыншылары үшінші орынды иемденді. – Жеңімпаз командаларға кубок, грамота және ақшалай марапаттар табысталды. Жалпы қатысқан барлық команданы бос қалдырмадық. Қазір азық-түлік бағасы қымбат, малға шөп мәселесі дегендей, сондықтан 13 команданың бәріне де қаржылай сыйлық берілді. Бірінші орынды иеленген Құрық порты станциясының ойыншылары Ақтөбеге жолдама алды. Енді олар сол жақта тамыз айында Батыстың жеңімпазы болу үшін бақ сынайды. Одан жеңіске жетсе, әрі қарай маңғыстаулықтардың намысын Шымкентке барып қорғайды. Шымкенттен де бірінші орынға шықса, Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық жарысқа жолдама беріледі. Біздің ендігі межеміз сол. Себебі осы турнирде Құрық портының жігіттері өте жақсы ойын көрсетті. Жалпы, бұл команда республикалық басқа да сайыстарға қатысып жүрген, әбден шираған жұмысшылардан құралған. Өткен жылы ПЧ-13 командасы Батыс аймақтың бәйгесінде екінші орын алып қалған еді. Осы жылғы мақсатымыз – бас жүлде, – дейді Маңғыстау өңірі бойынша аға спорт нұсқаушысы Нұрайна Қыдырова.

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл