Бұрынғы теміржолшы мүмкіндігі шектеулі жандар арасында үстел теннисінен өткен спартакиада жеңімпазы атанды

Спорт
08.10.2021, 13:42
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстаулық бұрынғы теміржолшы Мейірбек Өтепов үстел теннисінен түбектің алғашқы чемпионы атанды. Ол тірек қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында өткен Қазақстанның VI спартакиадасының алтын медалін жеңіп алды. Мейірбектің тағдыр тауқыметінен теміржолдағы арманы орындалмаса да, спорттағы жұлдызы жарқырай түсуде. Олай дейтініміз, бұдан он жыл бұрын теміржолдағы еңбек жолын бастаған жалындаған жас жігіттің бір-ақ жылдан кейін мамандығымен қош айтысуына тура келді. Өз міндетін атқару кезінде вагондардың астында қалып қойып, бір қолы мен бір аяғынан айырылды. Солай болса да жігерін қайта жанып, өзін өзге қырынан көрсете білген ол бұдан төрт жыл бұрынғы спартакиадада спорт шеберіне үміткер болған еді. Енді бірден екі алтынды алып, спорт шебері дәрежесін орындады. Ол жеке сында да, топтық жарыста да бірінші орыннан көрінді. 170 спортшы қатысқан дүбірлі додада мұндай нәтиже көрсету екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. Бұл хабарға бәрінен бұрын оның бұрынғы әріптестері – теміржолшылар қуанып, жаңалықты бірінен соң бірі хабарлап жатты.

– Төрт жылда бір рет болатын жарысқа дайындалуға уақыт жеткілікті еді. Дегенмен жүлдені жеңіп алу оңай болған жоқ. Қарсыластарым мықты, халықаралық деңгейде атағы бар, шетелдерге шығып жүргендер, бірнеше рет чемпион болғандары бар. Бес турдан өтіп, финалда атыраулық спортшымен кездестім. Топтық сайыста Алматы облысының спортшыларымен ойнап, 3:0 есебімен жеңдік. Бізге қарсы шыққан екі спортшының біреуінде халықаралық дәрежесі бар, екіншісі спорт шеберіне үміткер. Еңді алға қойған мақсатым – Азия ойындарын бағындырып, паралимпиадаға қатысып, жеңімпаз болу, – деген Мейірбек Өтепов, жанкүйерлеріне қолдап, сенім білдіргендері үшін алғысын жеткізді.
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл