Қауіпсіздікті қадағалаудың қандыағаштық үлгісі

Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе аймағындағы теміржол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Қандыағаш вагон пайдалану депосының орны бөлек. Бір жылда 5 миллионнан аса вагонға техникалық қызмет көрсетілген депода 500-ден аса вагон қараушы еңбек етеді. Тәулігіне мыңдаған вагон қозғалысын бақылап, қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған ұжым үшін кәсіби жауапкершілік – басты қағида.

Қандыағаш вагон депосы Ақтөбе мен оған шектес өңірлердегі жалпы ұзындығы 1631 шақырым, ал кепілдік иіндер 1741 шақырымды құрайтын желі бойындағы қауіпсіз қозғалысқа қызмет көрсетеді. Депо құрамында 7 техникалық қызмет көрсету пункті, 2 бақылау-техникалық қызмет көрсету пункті, 24 бақылау пункті, 8 техникалық тапсыру пункті, 5 ағымдағы жөндеу пункті бар. Вагон ақауларын ерте анықтау үшін 39 пункт 73 байланыссыз бақылау құрылғыларымен жабдықталған. Міне, бүкіл аймаққа тармақталған алып өндірістік қуатқа ие депо қысы-жазы үздіксіз, жоғары жүктемемен жұмыс істейді.  

Депо бастығы Еркін Жананбаев үлкен ұжымды 2016 жылдан бері басқарып келеді. Штаттағы 708 адамның 520-сы вагон қараушылар. Бұл – депоның негізгі тірегі, пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін тікелей қамтамасыз ететін мамандар.  

– Өткен жылы депо бойынша 5 146 000 вагон техникалық бақылаудан өткізілді. Бұл көрсеткіш біздің жұмыс ауқымымызды көрсетеді. Бүкіл Ақтөбе аймағындағы қозғалыс қауіпсіздігін қадағалап отырған Қандыағаш депосының өз жұмыс үлгісі қалыптасқан. Басшылық құрам басқару жүйесін жетілдіруге, өндірістік үдерістерді орталықтандыруға және жауапкершілікті арттыруға күш салса, вагон қараушылардың қалыптасқан өз жұмыс тәсілдері, өз мектебі бар. Нәтижесінде қандыағаштық вагон қараушылар жылжымалы құрамнан анықтаған ақау саны жыл сайын артпаса, кеміген емес, сонымен қатар олардың арасында ерен еңбегінің арқасында «Үздік вагон қараушы», «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін», т.б. марапат иелері аз емес, – дейді депо бастығы.  

Өткен жылы «Үздік вагон қараушы» марапатын алған вагон қараушы Алматжан Аманжолов – солардың бірі. «Бұл марапат – оның көп жылғы тәжірибесі мен кәсібилігінің нәтижесі» деген депо бастығы тағы екі тәжірибелі маман Үсен Байжігітов пен Әбдімұрат Жақыпов Президенттің Құрмет грамотасымен марапатталғанын мақтанышпен жеткізді. Алматжан Аманжолов – Қандыағаш қаласының тумасы. 35 жылдан бері табан аудармай осы депода еңбек етіп келеді. Бүгінде Ақтөбе, Никельтау, Шұбар, Орал бағыттарынан келетін құрамдарға қызмет көрсетеді. Келу паркінде вагондарды дөңестен түсіріп, техникалық ақауларын тексереді. Жүк тиелетін вагондарды толық дайындап, жөнелту паркіне жібереді.  

– Ең бастысы әр дыбысқа, әр белгіге мән беру керек, қалғаны тәжірибемен келеді. Біз жұмы сымызды бастаған кезде бәрі әлдеқайда қиын еді, ақауды анықтау да күрделі болатын. Бүгінде технология дамып, түрлі құрылғылар көмекке келіп, жұмыс та жеңілдеді, – деді тәжірибелі вагон қараушы.  

Ол бүгінде депоға келген жас мамандардың тәлімгер ұстазы ретінде кәсіпке үйретіп, бағыт-бағдар береді. Ақауды алдымен байқаса, жанындағы жас шәкіртінің қырағылығы мен тәжірибесін арттыру үшін өзіне тапқызуға тырысады екен.  

– Жұмысшылардың еңбек жағдайын жасау – біз үшін бірінші кезектегі міндет. 2025 жылы депо инфрақұрылымын жаңғырту аясында Жем мен Шұбарқұдық станцияларындағы ғимараттарға ағымдағы жөндеу жүргізілді. Жылу жүйелері, душ бөлмелері мен ас ішуге арналған орындар жаңартылып, еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар атқарылды. Сонымен қатар Қандыағаштың өзінен депо қызметкерлерін таңертең жұмысқа, кешке үйлеріне тасымалдайтын 25 орындық ПАЗ автобусы ұйымдастырылған, – деді депо бастығы.  

2026 жылдан бастап Қандыағаш вагон депосы тікелей Астанаға қарайды, «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Тасымалдау үдерісі дирекциясы» филиалы құрамында жұмыс істейді.  

 

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді