Пойызды айдап кеткендер...

Әлемде
22.11.2023, 10:46
Сурет: tpnnational.com
Қазақстан теміржолшысы

Әдетте көшедегі автокөліктерді ұрлау әрекеті жайлы көп естиміз, ал пойызды ұрлапты дегенді естуіңіз бар ма? Қанша таңқалғанымызбен ондай жайттар болып тұрады. Бүгін пойызды бөтен адамдардың айдап кету оқиғалары жайлы баяндамақпыз.  

2014 жылдың жазында Солтүстік Қазақстан облысында контрабандист жолсеріктер «Бішкек-Екатеринбург» пойызын ұрлап әкетуге талпынады. Абырой болғанда пойызды шекарашылар стоп-кранды басу арқылы тоқтата білді. Вагондардың бірінде қырғызстандық екі жолсерік киім-кешекті контрабандалық жолмен алып өтпек болған. Біздің шекарашылар бұл заттардың заңсыз жолмен өтіп бара жатқанын анықтап, оларды түсіруді бұйырған. Жолсеріктер шекарашылармен дауласып тұрғанда пойыз ақырында қозғала бастайды. Ал, вагондағы шекарашыларды итеріп түсіріп тастамақ болады. Бірақ олардың ойы іске аспады. Екі жолсерік те ұсталды. Олар шамамен екі тоннаға жуық престелген киім-кешекті алып өтпек болған.  

Шекарашылардың ойынша жолсеріктер машинистпен, пойыз бригадирі және пойыз бастығымен келісім жасасқан деп есептейді. Өйткені оларсыз пойыз қозғалмас еді. Шекарашылар бұған пойызды алып қашу әрекеті деген баға берді.

Пойыздарды бөтен адамның айдап әкетуі әсіресе Ресейде және Еуропа елдерінде жиі болып тұрады екен. 2014 жылдың 22 қазанында Мәскеу маңындағы Лобнеде белгісіз ер адам электричканы ұрлауға оқталған. Ол депо аумағынан құрамды айдап шыққанымен өзіне қарсы келе жатқан электричкамен соқтығысады. Осыдан кейін қаскүнем оқиға орнынан қашып кетеді.  

Осыған ұқсас оқиға 2013 жылы Американың Чикаго қаласында орын алды. Қала маңындағы Форест Паркте екі электричка соқтығысты. Белгісіз адам тоқтап тұрған электричканы ұрлап әкетіп, жол бойында тұрған келесі құраммен соқтығысады. Ал, өзі ол жерден табанын жалтыратады.

2014 жылдың 14 қазанында американың Вайоминг штатында көмір шахтасында жұмыс істейтін 22 жастағы Дерек Брукс жолаушылар пойызын ұрлап әкетеді. Абырой болғанда пойызда жолаушылар болмаған. Дегенмен, мамандар ұрланған пойызды қашықтан басқарып, отынмен қамтамасыз ету жүйесін өшіреді. Брукс қашуға талпынғанымен ол ұзаққа бармады.

Ресейде 2013 жылы Мытищи мұнай өнімдері базасында пойыз құрастырушы болып істейтін 30 жастағы Роман Мироненко базадағы серіктес компанияның локомотивін ұрлап әкетеді. Ол пойызбен «Мытищи-Северные» паркіне дейін жетіп, дистпечерді алдап станцияның бір жолына шығуға рұқсат алады. Мироненко сол жерде тоқтап тұрған пойыздан алты цистерна мен тағы бір вагонды шешіп алып, ұрланған локомотивіне тіркеп алады. Алайда ұзаққа бара алмады, сол жерден шығып бара жатып басқа пойызға соқтығысты. Цистерналардың бірінің түбі тесіліп, төгілген бензин отқа оранды. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер қызыл жалынды сөндіріп, кабинадан мас әрі жарақат алған Мироненконы алып шығады.  

Ресейдің темір жол саласында жұмыс істейтін қызметкерлер арасында пойызды алып қашу жағдайлары жиі болып тұрады. Көп жағдайда олар ішімдік ішіп осындай жолға барып жатады екен. Мәселен, 2007 жылы Петрозаводскте болған пойыз ұрлығын да теміржолшы жасаған. Жүк пойызында кондуктор болып істейтін Владимир Спиров  Чална-Онежская станциясында бос тұрған локомотивті айдап кетеді.

Пойыз жүргізіп көрмеген Спирин кабинкаға кіріп локомотивті бірдеңе қылып іске қосады. Бір шақырымдай жол жүрген ол көлікті басқара алмай тұйық тіркекке барып соқтығысады. Осылайша рельстен шығып кеткен локомотив өздігінен тоқтайды. Ал, кондуктор 4 жыл шартты түрде жаза алады.

Романтика  

Пойыз ұрлығы ішіндегі ең қызықты оқиға 2008 жылы 6 наурызда Украинаның Кривой Рог қаласында болды. Халықаралық Әйелдер күні қарсаңында Мелитополь қаласының 22 жастағы тұрғыны станциядан электровозды ұрлап әкетеді. Бірақ 200 метр жол жүрген соң оны тәртіп сақшылары ұстап алды.

Жас жігіт  туған қаласында қалған сүйіктісін сағынғандықтан мұндай әрекетке барғанын айтқан. Ол пойызды күте-күте жаяу бармақ болған, бірақ көп жер жүру керек болғандықтан локомотивті айдап кетуді жөн көріпті. Ол бұған дейін машинист көмекшісі болып жұмыс істеген, сондықтан ол диспетчермен байланысқа шығып, жол жүруге рұқсат алған.

Пойызды алып қашқан әйел

Пойызды айдап кету жағдайы 2013 жылы Стокгольмде тіркелді. Тазалық қызметінде жұмыс істейтін 20 жастағы әйел жолаушылар пойызын іске қосып жібереді. Бос құрам бар жылдамдықпен келіп жеке тұрған үйге келіп соғылады. Бұл сәтте үйде бес адам болған, абырой болғанда олар дін аман. Құтқарушылар пойызды алып қашқан әйелді таңға қарай әрең дегенде үйінді астынан алып шықты. Кейін белгілі болғандай әйел пойызда тазалық жұмысын жүргізіп жатқанда абайсызда қосу тетігін басып жіберген және оны қалай тоқтатарын білмеген.  

 

Жолаушылар тасымалы
19.09.2025
Жаңа кезеңге нық қадам
Трансформация
19.09.2025
Кәсіподақ басшылығы диагностика орталығы жұмысымен танысты
Аймақтар
19.09.2025
Сапалық көрсеткіштер орындалды
Аймақтар
19.09.2025
Вокзалдардың құрылыс сапасы бақылауда
ҚТЖ келбеті
19.09.2025
Адал еңбек – ардың ісі
Жаңалықтар / Мұрағат
19.09.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 19 қыркүйек 2025 жыл
Аймақтар
18.09.2025
Көкшетауда Құрметті теміржолшы Мұратбек Тілеуленовпен кездесу өтті
Жаңалықтар
18.09.2025
Теміржолшылар экологиялық акцияны белсенді қолдады
Жүк тасымалы
18.09.2025
Қазақстаннан Қытайға өсімдік майының пилоттық партиясы жеткізілді
Цифрландыру
18.09.2025
Германия теміржолға 5G желісін енгізуде
Жаңалықтар
18.09.2025
Қарағандыда жүк пойызынан дизель ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
Жаңалықтар
18.09.2025
Алматыда оқыту семинары өтті
Жолаушылар тасымалы
17.09.2025
Адамдар неге пойызбен жүруді жөн санайды?
Жолаушылар тасымалы
17.09.2025
Тағы қай бағыттың пойыздары Starlink интернетіне қосылатыны айтылды
Әлемде
17.09.2025
Калифорнияда сутекпен жүретін алғашқы пойыз іске қосылды
Жаңалықтар
17.09.2025
ALT университетінде ҚТЖ басшыларына арналған «Үздіктер алаңы» бағдарламасы басталды
Жүк тасымалы
17.09.2025
Қостанай өңірінен темір жолмен астық тасымалдау 20%-ға артты
Жаңалықтар
17.09.2025
Теміржолшылар қалдықтарды сұрыптау жолдарын үйренді
Жаңалықтар
16.09.2025
Теміржолшылардың қысқы маусымға дайындығы талқыланды
Жүк тасымалы
16.09.2025
Қытай – Қазақстан – Түрікменстан – Иран теміржол дәлізі жанданады