Литерлік пойыз жайлы не білеміз?

Әлемде
07.02.2024, 14:33
Қазақстан теміржолшысы

Литерлік пойыз дегенді бұған дейін естіген шығарсыз. Бүгін сол литерлік пойыздың не екенін, онымен кімді тасымалдағанын, сондай-ақ қарапайым пойыздан оның қандай ерекшелігі барын түсіндіруге тырысамыз.

Литерлік пойызы – бұл мемлекеттік маңызы бар жоғары шенді адамдарды тасымалдауға арналған, сонымен қатар кейде құнды жүктерді жеткізуде пайдаланып отырған. Қысқаша айтқанда президенттерді таситын «Бірінші борт» ұшағы іспетті.

Бастапқыда литерлік пойыз деп ұйықтайтын орны бар қарапайым құрамдарды атаған. Содан кейін ғана бірінші республикалық маңызы бар адамдарды тасымалдайтын пойыздар деп атала бастады.

Литерлік пойыздың пайда болуы

Литерлік пойыздар Патшалық Ресейде Николай I кезінде пайда болған және мұндай алғашқы пойыз 1836 жылы 3 қарашада Кузьмин-Павловск аралығында жүріп өткен екен.

Бірінші класты классикалық вагонда патша және оның жұбайы мен мұрагері сапарлаған. Кейін Александров зауытында арнайы вагондар жасала бастайды, онымен Патшаның отбасы мүшелері 1917 жылғы революцияға дейін қатынады.  

Совет уақытындағы литерлік пойыздар

Кеңес дәуіріндегі литерлік пойызды қолданудың ең бір есте қаларлық оқиғасының бірі – Совет билеушісі Ленинді Петроградтан Мәскеуге тасымалдау болды. Сондай-ақ  Троцкий де осы пойызды пайдаланған. Революциядан кейін мұндай пойыздарда қолда бар бірінші класты вагондар ғана пайдаланылып келді. Қандайда бір арнайы вагондар жасалған жоқ.

Тек, Сталиннің тұсында мұндай пойыздардың дамуы қарқын ала түсті. Совет үкіметінің билеушісі үшін сол кезде брондалған пойыз жасалды. Оны жасау соғыс жүріп жатқандықтан  өзекті бола түскен.  

Сталин пойызында бірнеше демалыс вагондары болды, күзет үшін жеке вагон, штаттық вагон, асхана, тіпті екі автокөлікті тасымалдауға арналған вагоны да болды. Айтпақшы, броньды вагонның салмағы 80 тоннаға дейін жетті.

Кейіндері литерлік пойызды Хрущёв пен Брежнев те қолданды. Брежнев жұмыс сапары кезінде өз пойызымен ел аралап, Қырымға демалуға барыпты. Бұл пойыздар Кеңес Одағына келетін шетелдік маңызды адамдарды да тасымалдады.

Литерлік пойыздың ерекшелігі

Әрине, литерлік пойызда маңызды жолаушылардың жеке қауіпсіздігіне көп көңіл бөлінді. Мысалы, Сталин пойызында мына тізбек қолданылған: литерлік пойыздың алдына бақылау паровозы жіберілді, ал литерлік пойыз одан шамамен 10 минуттай артта жүріп отырды.

Бақылау паровозының артында келе жатқан литерлік пойыздың паровозында төрт адам болды, олар екі машинист пен екі күзетші. Күзетшілердің міндеті локомотив бригадасының жұмысын бақылау болды, қажет болған жағдайда оларды алмастыра білуі шарт еді.

Ал, литерлік пойыздың соңынан ілесе тағы бір паровоз жүріп отырды. Мұндай тізбекті Хрущёв пен Брежневтің пойызы қолданды.  

Сондай-ақ литерлік пойыз жүріп өтетін маршрут бойындағы көпір, туннелдерде күзет жағы күшейтілді.  

Бұл пойызда нөмір болмайтын, тек «А» немесе «В» әрпі болды, осыған қарап атын білетін.

Қазіргі уақытта мұндай пойыздар Ресейде әлі де қолданылады екен. Мемлекет басшысы да, оның ең жақын серіктері, әсіресе Патриарх Кирилл осындай пойызбен жүріп тұратын көрінеді.

 

Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады