Ұшақтай зулаған пойыз

Әлемде
13.02.2024, 14:17
Қазақстан теміржолшысы

Қазір техника мен технологияның заманы. Көптеген елдер жолаушыларды тасымалдауда жоғары жылдамдықты, жүрдек пойыздарға басымдық беруде. Жақында Түкрияның Көлік және инфрақұрылым министрі Анкара мен Стамбұл арасын 80 минутта еңсеретін жүрдек пойыздар жолға шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоглу Сакария облысының Арифие ауданындағы ÖZBIR Vagon Sanayi AŞ кәсіпорнында өткен салтанатты шараға қатысты. Министр салтанатты шара барысында 344 шақырымдық супер Анкара-Стамбул бағытындағы жүрдек пойыз желісінің алдын ала жобалау жұмыстарының аяқталғанын мәлімдеді. Жиын барысында Швейцария мемлекеттік теміржолдары үшін шығарылған интеллектуалды теміржол көліктерінің жаңа буыны жеткізілді.

Министр Уралоглу өз сөзінде Түркияның теміржол желісін 2002 жылғы 10 мың шақырымнан бүгінгі 14 мың 165 шақырымға арттырғандарын білдірді. Ол сонымен қатар елге нөлден бастап жүрдек пойыздарды енгізіп, жалпы ұзындығы 2251 шақырым жүрдек пойыз желісін салғанын баса айтты. Сондай-ақ ол қатысушыларға Анкара-Ескишехир, Эскишехир-Стамбул, Анкара-Кония, Конья-Караман және Анкара-Сивас сияқты маңызды бағыттар бойынша жүрдек пойыз желілерін пайдалануға бергендерін еске салды.

Стамбұл мен Анкара арасындағы жолдың ұзақтығы 80 минутқа дейін қысқарды.

Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоглу Анкара-Стамбул жүрдек пойыз желісінің құрылысына арналған алдын ала жобалау жұмыстарының аяқталғанын хабарлады.

Министр Уралоглу бұл жаңа жолдың жалпы ұзындығы 344 шақырым болатынын мәлімдеді. Сондай-ақ ол осы желіде сағатына 350 шақырым жылдамдықпен жүретін пойыздардың арқасында Стамбұл мен Анкара арасындағы жол жүру уақыты 80  минутқа дейін қысқартылатынын жеткізді.

Бұл жобаға қосымша, ол Гебзеден Явуз Сұлтан Селим көпірі арқылы, содан кейін Чаталжаға дейін Стамбул әуежайына жететін Солтүстік Мармара аралығында жоғары жылдамдықты теміржол желісі жобасын жоспарлау жұмыстары аяқтағанын айтты.

Министр Уралоглу сондай-ақ Көлік және логистиканың бас жоспары мен 2053 жылғы жол картасы аясында Анкара-Измир, Мерсин-Адана-Газиантеп, Халкалы- Капикуле бағыттары бойынша жүрдек пойыз жобалары аяқтаған кезде 52 елдімекеннің жоғары жылдамдықты пойызға қол жеткізетінін айтты. Осы жобалардың барлығы іске асқан кезде Түркияның жалпы теміржол желілерінің ұзындығы 28 мың 590 километрге жетпек.

 

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты