БАӘ алғашқы жолаушылар пойызын іске қосты

Әлемде
04.02.2024, 09:16
Қазақстан теміржолшысы

2024 жыл Бірікке араб әмірліктері үшін ерекше жаңалықпен басталды. Олай дейтініміз елде алғашқы жолаушылар пойызы іске қосылды.

Etihad Rail ұлттық темір жолы алғаш рет жолаушылар қызметін іске қосты - бірінші пойыз Абу-Дабиден Аль-Дханна аймағына дейінгі бағытты қамтыды. Маршрут Абу-Даби Ұлттық мұнай компаниясының қызметкерлеріне арналған.

2023 жылдың ақпанында аяқталған Etihad Rail 2023 жылдың мамыр айында коммерциялық қызметке кірді. Жүк тасымалы толық қуатында жүзеге асырылады. Пойыз кез келген жүк түрін тасымалдауға мүмкіндік береді.

Ұзындығы 900 км болатын теміржол БАӘ-нің барлық аймақтарын, сондай-ақ 4 теңіз порты мен логистикалық орталықтарды бір желімен байланыстырады. Құрылыс барысында 593 көпір салынып, алты тоннель қазылған. Темір жолдар Фуджейрадағы жартасты таулардан да өтті.

Бұрын жарияланған жоспарларға сәйкес, теміржол желісі соңында БАӘ-ді Парсы шығанағының қалған бөлігімен байланыстырады. Жолаушыларға қызмет көрсетуді іске қосу жоспарлануда. Жолаушылар пойыздары сағатына 200 шақырым жылдамдықпен жүріп, бір мезетте 400-ге жуық адамды тасымалдайды деп күтілуде.

Жолаушылар темір жолы БАӘ-нің 11 қаласы мен елді мекендерін байланыстырады және 2030 жылға қарай миллиондаған жолаушыларды тасымалдайды. Алғашқы жолаушылар стансасы шығыс жағалауда, Фуджейра әмірлігінде орналасады.

Жолаушылар Фуджейрадан Абу-Дабиге 100 минутта, Абу-Дабиден Дубайға 50 минутта, Абу-Дабиден Әл-Рувайске 70 минутта жете алады. Жолаушылар пойыздары Әл-Мирфа, Аль-Дхайд, Шарджа, Дубай және басқа қалаларда тоқтайды.

Пойыздар ақпараттық-ойын-сауық жүйелерін, мобильді құрылғыларды зарядтау станцияларын, жеңіл тағамдар мен сусындар, жетілдірілген кондиционер және бірінші, бизнес және эконом-кластағы ыңғайлы орындарды қоса алғанда, әртүрлі ыңғайлылық пен ойын-сауық ұсынады.

Пойыздың іске қосылу шарасына Индустрия және озық технологиялар министрі және Абу-Даби Ұлттық мұнай компаниясының (ADNOC) басқарушы директоры және бас директоры доктор Сұлтан бин Ахмед әл-Джабер қатысты.

Сапар барысында министрге ADNOC-тің Аль-Рувайс өнеркәсіптік қаласындағы жаһандық өңдеу және мұнай-химия хабына экскурсия жасалды, оның барысында ол Borouge 4, ADNOC Refining және Ruwais LNG жобасының стратегиялық өсу жобалары туралы жаңалықтар алды.

Доктор Сұлтан бин Ахмед Әл Джабер ADNOC және Etihad Rail арасындағы серіктестік БАӘ дамуы мен болашақ гүлденуіне ықпал ететін көлік шешімдерін сәтті жүзеге асыру үшін стратегиялық басымдықтарға толығымен сәйкес келетінін атап өтті.

Оның айтуынша, Etihad Rail жобасы теміржол желісі ғана емес, ол БАӘ халқының игілігі үшін декарбонизацияны жүргізе отырып, экономикалық өсу мен инфрақұрылымды дамыту үшін маңызды күретамыр болады.

 

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты