Ауғанстандағы Хаф-Герат теміржол желісін ресейлік компания салатын болды

Әлемде
03.04.2024, 12:44
Қазақстан теміржолшысы

Хаф-Герат темір жолы жобасының төртінші бөлігін салу бойынша Ауғанстан теміржол басқармасы мен ресейлік Gama Group компаниясы арасында келісім жасалды.

Құны 53 миллион долларға бағаланған теміржолдың ұзындығы 47 шақырымды құрайды және 2 жыл ішінде аяқталады деп жоспарлануда.

Ауғанстан темір жол басқармасының (ARA) төрағасы Бахт Рахман Шарафат Герат халықаралық әуежайына жететін Хаф-Герат теміржол жобасының төртінші бөлігінің екінші кезеңі жобаның соңғы кезеңі екенін айтты. Бұл кезең аяқталғаннан кейін Ауғанстан Еуропа мен Орталық Азияға теміржол арқылы қосылады. Шарафат мәлімдемесін жалғастыра отырып: «Ресейдің үлкен қолдауымен жүзеге асыратын бұл жоба бүкіл Орталық Азияны, соның ішінде Ресейді Ауғанстанмен байланыстырады», - деді.

Айта кету керек, Қазақстан Ауғанстанға бидай және өзге де ұн өнімдерін көп экспорттайтын ел. Егер бұл темір жол желісі салынып бітетін болса екі ел арасындағы экономикалық ауыс-түйіс арта түсетіні белгілі.  

Нур Ахмад Исламджар өзі губернаторы болып табылатын Гераттың ұлттық және аймақтық деңгейде, сондай-ақ көршілес елдердегі экономикалық маңызына тоқталып, Хаф-Герат теміржолының Ауғанстанды Иран,  Ирак, Түркия және Еуропамен байланыстыруда маңызды рөл атқаратынын айтты. Герат губернаторы өз мәлімдемесін былайша жалғастырды: «Хаф-Герат теміржол желісі Герат халқы мен Ауғанстан Ислам Әмірлігі үшін қасиетті. Ол мәдениеттерді, ұлттарды және әлемді байланыстырады».

Жолды салатын Gama Group президенті жасаған мәлімдемеде Хаф-Герат темір жолы жобасы жұмысының алдағы екі жылда ресейлік, түрік және ауған серіктестерімен аяқталатыны көрсетілген. Gama Group президенті Зия Рахман Фарахи маңызды ақпаратпен бөлісті. Айтуынша, Ресей мен Түркия мемлекеті де екі жыл ішінде аяқтаймыз деп жоспарлаған жобаға қолдау көрсетуде.

Ауғанстан темір жол басқармасының хабарлауынша, Герат-Хаф темір жолы жобасының аяқталуымен Фарах, Нимроз, Гильменд және Кандагар провинцияларындағы теміржол желісінің кеңеюіне де қол жеткізіледі.

Иран Ислам Республикасының ақпарат агенттігіне берген сұхбатында ирандық шенеунік Ауғанстанның теңізге шыға алмайтын ел екенін және үкіметтің теміржол жобасының ашылуына байыппен қарап отырғанын және осы уақытқа дейін теміржол желісінің құрылыс кезеңдері аяқталғанын айтқан. Теміржол желісі Гераттан Солтүстік Ауғанстанға дейін созылады. Ол Мазари-Шарифке дейін кеңейтілгенін және Өзбекстанның қолданыстағы теміржолдары арқылы Өзбекстанмен және Ауғанстанның Қытаймен ірі аймақтарымен байланыстырылғанын айтты.

Қарастырылып жатқан теміржол жобасы Иранның Хаф қаласын Ауғанстанның Герат қаласымен байланыстырумен ғана шектеліп қоймайды, ол аяқталғаннан кейін Қытай, Өзбекстан, Иран, Түркия және еуропаны қамтитын ұзындығы шамамен 2000 шақырым болатын Шығыс-Батыс теміржол дәлізінің маңызды бөлігіне айналады.  

 

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты