CRRC жаңа жүрдек пойызын таныстырды

Әлемде
03.06.2024, 16:21
Қазақстан теміржолшысы

Қытайлық CRRC компаниясы Чунциндегі Бишан-Тунлян желісі үшін жаңа жүрдек пойызын таныстырды, бұл елдегі теміржол технологиясы мен инфрақұрылымының дамуындағы тағы бір үлкен қадам болып отыр.

Сыйымдылығы 420 адам болатын бұл пойыз төрт вагоннан тұрады және максималды жылдамдығы 160 км/сағ жетуге қабілетті, жұмыс жылдамдығы 120 км/сағ.

TX Logistik жаңа интермодальды сервисті іске қосады

Ол магнитті тартқыш қозғалтқыштармен жабдықталған, бұл еңіс жерде еш қиналмай жоғары көтерілуге мүмкіндік береді, яғни Чунцин орналасқан таулы жер үшін тиімді.

Жаңа пойыздың ерекшелігі оның автоматты режимде, яғни машинистсіз жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады және жоба инновациялық сипатқа ие.

Пойыздың корпусы алюминий қорытпасынан жасалған, бұл оны жеңіл және берік етеді.

Чунцин бұған дейін өзін Қытайдың теміржол инновациясының орталығына айналғанын танытып қойған.

2021 жылы мұнда ұзындығы 15,4 км болатын әлемдегі алғашқы машиниссіз басқарылатын монорельстік желі іске қосылған болатын.

Бұл желіде қытайлық BYD компаниясы әзірлеген екі вагонды SkyShuttle пойыздары 80 км/сағ жылдамдықпен жүреді. Бұл жоба жоғары технологиялық мүмкіндіктерді көрсеткен, қалалық инфрақұрылымды дамытудағы маңызды қадам болды.

2024 жылдың қаңтарында Чжэнчжоу-Чунцин желісінде бірінші жүрдек пойызының CRH380BL жүк тасымалдау қызметінің іске қосылуы сияқты соңғы оқиғалар да Чунциннің маңызды көлік торабына айналғанын көрсетті.

Бұрын бұл пойыздар тек жолаушыларды тасымалдау үшін пайдаланылып келсе, бүгінде жүрдек пойыздардың функционалдық мүмкіндіктерінің кеңейіп жатқанын көреміз.

Бишан-Тунлян пойыз жобасы Қытайдың заманауи және жоғары тиімді көлік жүйелерін дамытуға деген ұмтылысын одан әрі қуаттай түседі.

Мұндай инновацияларды енгізу азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға, жол жүру уақытын қысқартуға және жол инфрақұрылымына жүктемені азайтуға көмектеседі.

Сонымен қатар, CRRC өз өнімдерінің экологиялық тазалығы бойынша белсенді жұмыс істеуде. Тұрақты магнитті тартқыш қозғалтқыштарды және алюминий қорытпалары сияқты жеңіл материалдарды пайдалану энергияны тұтынуды азайтады және көмірқышқыл газының шығарындыларын төмендетеді.

Бұл көліктің қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін азайтуда әлемдік үрдістеріне сәйкес келетінін айта кету керек.

Сондықтан Бишан-Тунляң желісіндегі жаңа жүрдек пойыз Чунцин аудандары арасындағы тасымалдауды жақсартып қана қоймай, сонымен қатар Қытайдағы жүрдек теміржол қатынасының дамуындағы маңызды кезеңді көрсетіп отыр.

Бұл жоба елдің көлік жүйесін түрлендіруді және әлемдік аренадағы позициясын нығайтуды жалғастыратын озық инженерия мен технология.

 

 

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты