Қытай Бразилияға деп жасаған монорельсті пойыздың алғашқысын жеткізді

Әлемде
16.07.2024, 11:44
Фото: CMSP
Қазақстан теміржолшысы

Сан-Паулу метро желісінде құрылысы жүріп жатқан 17 желіге деп тапсырыс берілген 14 монорельстік пойыздардың алғашқысы Сантос портына 2024 жылдың маусымында келді, екіншісі Бразилияға жылдың соңына дейін жеткізілуі керек, қалғанын өндіруші  қытайлық BYD компаниясы (Сычуань провинциясы) 2025 жылға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

Вагондарды пойызға қосқаннан кейін қауіпсіздік сертификаты мен жұмыс істеуге рұқсат алу үшін оны сынақтан өткізу процесі басталады. Автоматтандырылған 17 желі пойыздарды басқарудың радиоқабылдағыш жүйесін (CBTC) пайдаланады. Бес вагондық пойыз 616 жолаушыны тасымалдауға арналған, оның 114-і отырып жүре алады, сонымен қатар қозғалысы шектеулі адамдарға арналған орындар да бар.

Барлық вагондардың ені 3,2 м, бірінші және соңғы вагондардың ұзындығы 10 м, төрт вагон аралық өтуді ескере отырып, 60,8 м екі жағынан екі есікпен жабдықталған, ені 1,6 м.

Монорельсті пойыз ені 800 мм болатын бетон тіреуіш құрылым үстімен қозғалады. Әрбір вагонда екі арба бар, олардың әрқайсысы тартқыш қозғалтқышпен, екі тірек доңғалақтарымен, төрт бағыттаушы дөңгелектермен және екі тұрақтандырғыш дөңгелектермен жабдықталған. Пойыздың жылдамдығы 80 км/сағ дейін жетеді, 750 В тұрақты тоқпен қамтамасыз етілген.  

Сондай-ақ ол қайта аккумуляторлы батареялармен жабдықталған, ол негізгі тоқ өшіп қалған жағдайда келесі аялдамаға дейін қозғалысты жалғастыруға мүмкіндік береді.

17,7 шақырым болатын 17-ші желі 2026 жылдың маусымында ашылады деп жоспарланған және Сан-Паулу метро желісінің бірінші монорельстік желісі болмақ.

 

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты