RailPulse серіктестігі Wabtec компаниясының жүк вагондарының орналасуы мен жағдайын бақылауға арналған борттық датчиктері мен телематикалық құрылғыларын сертификаттады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

RailPulse Солтүстік Америкадағы жүк вагондарына арналған стандартталған борттық телематикалық құрылғыларды пайдалануды ілгерілетуде. 2024 жылғы қыркүйекте серіктестік телеметриялық ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау үшін аттас бұлттық платформаны іске қосты. Серіктестік құрамына Солтүстік Американың теміржол, вагон жасау және лизингтік компаниялары кіреді.

Wabtec корпорациясы жүк вагондарына арналған әртүрлі компоненттерді, сондай-ақ вагондардың жағдайын тексеруге және бақылауға арналған жерүсті және борттық жабдықтарды әзірлеп, өндіреді.