Қазақстандық PTC holding компаниясы Грузияда терминал ашпақ

Әлемде
28.05.2025, 17:29
Фото: PTC holding

Қазақстандық PTC holding компаниясы қажетті рұқсаттарды алып, 2025 жылғы 9 маусымда Грузияның Поти портында 9 гектар аумақта орналасқан өз терминалын ашуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Бұл терминал Орта дәліз құрылымындағы маңызды нысандардың бірі болмақ. Орта дәліз – Транскаспий халықаралық көлік бағдарының (ТХКБ) құрамдас бөлігі. 2025 жылы осы дәліз арқылы Қытай мен Еуропа арасында транзитпен 95 мың TEU-ге дейін жүк тасымалдау жоспарланып отыр.

Контейнерлік алаңда сағатына 50 TEU-ге дейін жүк ауыстырып тиеуге мүмкіндік бар. Ол екі заманауи кранмен және басқа да тиеу-түсіру техникасымен жабдықталған. Терминал халықаралық стандарттарға сай: өрт сөндірудің гидранттық жүйесімен, жарықтандыру, сумен жабдықтау және кәріз жүйелерімен қамтылған. Теміржол инфрақұрылымы бір уақытта 120 вагонды қабылдап, өңдеуге мүмкіндік береді. Терминалдың жылдық өңдеу қуаты – 200 мың TEU-ге дейін. Клиенттерге басқа көлік түрлерімен жеткізілген жүктерді контейнерге тиеп, теңіз арқылы тасымалдау қызметі ұсынылады. Қазіргі таңда 50 адам жұмыс істейтін терминалда 2025 жылдың соңына дейін қызметкерлер саны 120-ға дейін ұлғайтылады. Жұмыс күші негізінен жергілікті тұрғындар есебінен тартылмақ.

31,5 млн АҚШ доллары көлеміндегі жобаны қаржыландыру Қазақстан Халық банкінің Грузиядағы еншілес құрылымы арқылы жеке инвестициялар есебінен жүзеге асқан. Терминал құрылысы 2023 жылдың тамызында басталған болатын.  

 

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты