Жүк айналымының межеден төмен болуына не себеп?

Жүк тасымалы
28.02.2023, 09:59
Оқуға 3 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Жүк айналымы тасымалға байланысты. Тасымал төмен болса төмендеп, артса ол да артады. Биылғы жылдың алғашқы айындағы көрсеткіш бойынша жоспар 81,2 пайызға орындалған. Негізгі көрсеткіштердің бесеуі ғана жүз пайыздан асып отыр.

Жүк айналымы 833,4 млнткмнетто құрап, 100,9 пайызға орындалған. Жоспар бойынша кейбір көрсеткіштердің межеден төмен болуының өз себептері бар. Алдымен оған орташа жүк тиеудің және тиелген жүк вагондарының кемуі, транзиттік тасымалдың азаюы себеп. Бөлімшенің өндірістік-техникалық бөлім бастығы Әзиз Айжарықовтың мәліметінше, аймақтағы мұнай өндіруші ірі компания – «Теңізшевройл» Құлсары станциясы бойынша 1728 вагон/56115 тонна пропан, бутан, 74 вагон/5000 тонна химикатты тиеуден бас тартуы, «Батыстрансгрупп» ЖШС Теңдік станциясы бойынша мазут, кокс, ксилол тиеуді дайын өнімнің болмауы себепті шектеуі, Украинаға қандай да бір жүкті жөнелтуге және Новороссийск-Солтүстік Кавказ темір жолына мұнай өнімдерін жіберуге тоқтам қою сынды себептер мен оның салдарлары тасымал көлемін кеміткен. Сонымен қатар, Құлсары, Сағыз, Қиғаш станциялары бойынша да жүк вагондарының келуі кеміп, вагон жүрісінің азаюына әкеліп соқты.

Ресей-Украина арасындағы қақтығыс еларалық экономикалық қарым-қатынасқа да ықпалын тигізіп отыр. Соның да әсерінен экономиканың негізгі бөлігін құрайтын өңірдегі мұнай өнімдерін өндіру, оны тасымалдау көлемі, құрылыс материалдары мен халық тұтынатын, басқа да тауарлар тасымалы да қалыпты деңгейді тұрақтай алмағанын айта кеткен жөн. Соның ішінде ресурсұстаушылардан қара мұнай өнімдеріне деген тапсырыс бұрынғыға қарағанда төмен болғанын көреміз. Оған нарықтағы ауқымды дағдарыс, мұнай бағасының тұрақсыздығы, өнімнің болмауы және сатып алушылардың төлемқабілетсіздігі де себеп. Айта кетерлігі, әлемдік нарықта бағалардың құбылмалылығына қарамастан, Қазақстанда теміржол тасымалында тариф өскен жоқ.  

Қаңтар айында жұмыс вагондарының айналымы 94,3%-ті құрады, себебі вагон тиеуді игермеу, тиелген вагондарды қабылдаудың кемуі, автобұғаттаудың тоқтауы және жылдамдықты шектеуге ескерту берілуі вагон айналымына әсер етті. Жергілікті вагондар айналымы бойынша «Лянкяран Йол Тикинти» ААҚ, «СП Сине Мидас Строй» ЖШС, «ФАО АНТ Иншат маден» ЖШС-на келген шебіннің Ганюшкино, Аққыстау, Махамбет станцияларында қатып қалуына байланысты уақыт алып, жүк операциялары уақытында жасалмады. Сол секілді бұрынғы кедергілер де сақталып отыр, яғни кірме жолдардың алыстығы, локомотивтерді күту, жүк түсіру орнының бос болмауы, жүктің қатып қалуы, жұмыс күшінің болмауы, бір уақытта бірнеше пойыздың қатар келуі, т.б. себептер бар.  

Аймақтағы негізгі өндіріс ошақтарының қызметі мұнай өндірісімен байланысты болғандықтан, пойызбен тасымалданатын жүк түрлері де негізінен мұнай өнімдері. Ал кірісті тасымал көлемі анықтайды. Пойыздар қозғалысының техникалық жылдамдығы 84,6 пайызды құраған. Ал орташа учаскелік және техникалық жылдамдықтың кемуіне жинақтайтын, шығаратын пойыздардың көбеюі, Атырау-Қиғаш учаскесінде сағатына 40 км дейін жылдамдықты шектеу, технологиялық «толаскездің» берілуі, жолдағы мал-жанға байланысты локомотивті шұғыл тежеу, метеорологиялық жағдайлар – қар мен жауынның көп болуы, т.т. әсер еткен. ТЭ33А сериялы локомотивтер мұндайда кібіртіктеп жүре алмайды екен, сондықтан жылдамдық та кемиді.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды