Бірінші тоқсан бойынша Атырауда жүк тасымалы кеміді

Жүк тасымалы
25.04.2023, 10:37
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бойынша биылғы жылдың бірінші тоқсанында тасымалдағы жүк көлемі кеміп кеткен. Үш айда пайдаланымдағы жүк айналымы жоспардан төмен болып, негізгі он бес көрсеткіштің төртеуі ғана орындалған.

Аймақтағы негізгі өндіріс ошақтарының қызметі мұнай өндірісімен тікелей байланысты болғандықтан, пойызбен тасымалданатын жүк түрлері де негізінен мұнай өнімдері. Соған сәйкес, кіріс те тасымал көлеміне байланысты болады. Үш айда белгіленген пайдаланым жүк айналымының жоспары 3070 млнткм-нетто болса, орындалғаны 2383,8 млнткм-нетто, яғни 77,6 пайыз. Жүк тиеу 100,8%, вагонның орташа статистикалық салмағы 101,6%, динамикалық салмағы 100,6, пойыздың орташа салмағы 100,7, жүк вагондарының тиелген вагондарға шаққандағы жүрісі 102,6%-ға орындалды.  

Өндірістік-техникалық бөлім басшысы Әзиз Айжарықовтың түсіндіруінше, жоспар бойынша көрсеткіштердің межеден төмен болуының себептері белгілі. Ең алдымен орташа жүк тиеудің және тиелген жүк вагондарының кемуі, транзиттік тасымалдың азаюы себеп. Мәселен, «Теңізшевройл», «Батыстрансгрупп», «Тенгизская Транспортная Компания», «Исткомтранс», «ТРС Холдинг» сынды компаниялар тарапынан пропан, бутан, мазут, кокс, күкірт, ксилол тиеу азайып кеткен, өйткені жүктерді экспортқа тиеуге конвенциялық тыйым салынған. Сонымен қатар, ішкі-сыртқы түйіспелер бойынша вагондар саны, пойыз қабылдау да кеміп кеткен.  

Ресей – Украина арасындағы қақтығыста еларалық экономикалық қарым-қатынасқа ықпалын тигізді. Соның әсерінен, экономиканың негізгі бөлігін құрайтын өңірдегі мұнай өнімдерін өндіру, оны тасымалдау көлемі, құрылыс материалдары мен халық тұтынатын, басқа да тауарлар тасымалы да қалыпты деңгейді тұрақтай алмағанын айта кеткен жөн. Соның ішінде ресурсұстаушыларға қара мұнай өнімдеріне деген жасалған тапсырыс бұрынғыға қарағанда төмен болғанын көреміз. Оған нарықтағы ауқымды дағдарыс, мұнай бағасының тұрақсыздығы, өнімнің болмауы және сатып алушылардың төлем қабілетсіздігі де себеп. Мұндай жағдайда пайдаланым жүк айналымымен қоса, жүк тиеу, жүк вагоны өнімділігі, вагонның орташа тәуліктік жүрісі, вагонның статистикалық салмағы, бір жүк операциясына вагонның тұруы, локомотив жүрісі, пойыздың учаскелік жылдамдығы, пойыздар қозғалысының техникалық жылдамдығы сынды басқа да көрсеткіштер төмендейді.  

Еңбек жоспары бойынша айтар болсақ, бөлімше бойынша бір жұмысшының орташа жалақысы 356180 теңге орнына 461784 теңге болып жоспардағыдан 30 пайызға жоғары болған.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды