Көмір тасымалы: кірме жолдар тексерілуде

Жүк тасымалы
18.07.2023, 09:20
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Бүгінгі таңда Семей ЖТ бөлімшесінде жазғы көмір тасымалы қалыпты жүріп жатыр. Алдағы тамыз-қыркүйек айларында қатты отын жеткізу ісі жылдағыдай дәстүрге сай күрт қарқын алатыны белгілі. Осыған орай жуырда бөлімше басшылығы аймақтағы көмір тұйықтарына тексеру жүргізіп, алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстарды айқындады.

Әрине, бес саусақ бірдей емес, тексеру барысында көңіл көншітпейтін жайттар да кездесті. Мысалы, жекеменшіктің қолындағы кейбір тұйық желілер жазғы кезеңдегі ағымдық жөндеуден өткізілмеген. Халыққа көмір таратушы серіктестік иелерімен келісімге келе алмай отырғандары да бар. Мұның барлығы түптеп келгенде қысқы мезгілде теміржолшылар жұмысына кедергі келтіруі ықтимал. Себебі, мұндай жерлерде вагондардың жолдан шығып кету оқиғалары жиі тіркеледі. Әсіресе, Өскемен өңіріне қарасты Глубокое ауданындағы кірме жолдардың жағдайы сын көтермейді. Қазіргі таңда сол аймақты жылумен қамтамасыз ететін «Теплоэнергия» МКК-мен бөлімше басшылығы жан-жақты жұмыс жүргізіп жатыр.  

Сол тәрізді өткен жылу беру маусымында апат орын алған Риддер қаласындағы жағдай да біршама назар аудартып отыр. Мамыр айынан бастап шаһарға көмір тиелмеген. Ондағы жылу орталығы күрделі жөндеуден өткен соң ғана, яғни, алдағы тамыз айында алғашқы вагондарды жөнелту көзделуде. Жуырда Риддерге еліміздің энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев арнайы келді. Министр өткізген келелі жиынға бөлімше басшылығы да қатысып қайтты.  

Әйтсе де, жалпы көрсеткіш жаман емес. Кейбір ірі көмір тұйықтарының даярлығы өте жоғары. «Сейком» ЖШС қазірдің өзінде үзіліссіз әрі мол көлемде қатты отын қабылдауға толықтай дайын. Бір мезетте сыйымдылығы 5 мың тонна көмірді қабылдай алады. Мұнаралы крандары да даяр тұр. Бір ерекшелігі олар жекенің қолындағы кірме жолдағы бағыттамалы бұрманы өз күштерімен ауыстырып алыпты. Сол тәрізді жергілікті атқарушы биліктің көмегімен халыққа әлеуметтік көмір таратуға да әзір отыр. Бұл ретте ұлттық компаниямен тығыз жұмысты жалғастырмақ.  

Халыққа көмір таратушы шағын жеке кәсіпкерлер де даярлықтарын пысықтап жатыр. Белағаш станциясындағы «Мартышкин» ЖК-не бөлімше басшысы Владимир Бабиченко өзі барып, танысып шықты. Онда қысқа әзірлік қазіргі күннен басталып, көмір жеткізіліп жатыр.  

Сол тәрізді бөлімше басшылығы Өскемен қаласындағы жылу орталықтарында да болып, қалыптасқан ахуалмен танысып шықты. Теміржолшылар үшін басты міндет кілтипаны көп кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар вагон айналымын реттеу болып отыр. Бұл орайда ұлттық компания бойынша арнайы аудит жүргізіліп жатқаны белгілі. Семей ЖТ бөлімшесі бойынша нәтиже алдағы күндері мәлім болады деп күтілуде. Оған сәйкес арнайы шаралар қолға алынбақ.  

Ал, қазіргі таңда теміржолшылар қауымы жылу орталықтары басшылары және әкімдіктермен бірлесіп, қысқа даярлық жұмыстарын пысықтауда, Мәселен, бүгінгі күндері Шығыс Қазақстан облысындағы көмір тұйықтарында жалпы көлемі 4 965 тонна көмір бар екен. Ал, аймақтың қыс мезгіліндегі қажеттілігі 447,5 мың тоннаны құрайды. Әлеуметтік көмірдің бағасы 13 500 теңге.  

Жалпы, Дегелең станциясындағы көмір тиеу жұмыстары салыстырмалы түрде алғанда қалыпты деңгейде жүріп жатыр. Өткен аптада 129 965 тонна қатты отын тиеліп, жөнелтілген. Маусым айымен салыстырғанда біршама өсім бар. Алдағы уақыттарда тапсырыс берушілер саны арта түспек, соған орай көмір тиеу мен жөнелту ісі ширатыла бермек.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті