Қытай Қазақстанды айналып өтіп Еуропаға баратын барлық жобаларын тоқтатты – сарапшы

Жүк тасымалы
18.10.2023, 10:52
Қазақстан теміржолшысы

Пекинде ашылған Әл-Фараби бюсті тележаңалықтарға әдемі картина беріп, жақсы көңіл-күй фонын қамтамасыз етсе де, «Бір белдеу, бір жол» форумының, оның аясында өткен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин кездесуінің негізгі түбі – «Тачен – Аягөз» теміржолы туралы келісімге қол қою болатын, дейді іскерлік журналистика бойынша сарапшы Айбар Олжай.

Оның айтуынша, бүгіннен бастап Қытай Қазақстанды айналып өтіп Еуропаға баратын барлық жобаларын түгел тоқтатты. Және «Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан» теміржолы жоспарын арғы жәшікке ысырып тастады.  

«Үш күн бұрын Бішкекке өз минералкасымен барған қазақтар Алатаудың ар жағындағы ағайынға осы жаңалықты сөзбен емес, ыммен білдірген еді. Тағы бір жағымды жаңалық – Қытай Еуропа ғана емес, тіпті Ресейге де Қазақстан арқылы шығатын болады. Енді тез арада салынатын «Тачен-Аягөз» теміржолы Шыңжанды Аягөзбен байланыстырып, құрамдарды ары қарай Ресейдің Транссібір магистраліне және Қазақстанның ішкі теміржол жүйесімен байланыстырып, Ақтау портына шығарып бермек. Қазір Ресей мен Қытай арасындағы теміржол арқылы тауар тасу Маньчжурия – Забайкальск, Суйфынхэ – Гродеково бекеттері арқылы жүреді. Бірақ Аягөзге жол ашылса, Қытай үшін Ресейге Қазақстан арқылы шыққан анағұрлым тиімді болмақ», – деді ол.

Бұған дейін Қытай Еуропаға тек Алматы облысы арқылы, яғни Достық-Алашанкоу, Алтынкөл-Қорғас арқылы шығып келген еді. Енді Абай облысы арқылы жаңа қақпа ашса, онда Абай өңірі транзиттік хабқа айнала бастайды.

«2025 жылы жаңа облыс қосымша 20 миллион тонна жүк айналымын қосып алады деген жоспар бар. 2022 жылы Абай облысы Қытайға 25 миллион доллардың тауарын экспорттады. Бірақ басты фокус экспортқа емес, транзиттік логистикаға берілетін болады. Нұрлан Телманұлы Ұранхаевтың интуициясы жақсы жұмыс істесе, Абай облысы аса қиналмай өз жағдайын жасап алатын мүмкіндікке ие болайын деп тұр», – дейді А. Олжай.  

Сонымен қатар ол «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы Еуразия даму банкінің көмегімен Аягөз-Тачен жолының техникалық-экономикалық негіздемесін аяқтап біткенін, теміржол 2025 жылы пайдалануға берілуі тиіс дегенді айтты.

«Пекиннен қайта ұшатын Airbus 330 Қазақстанға қол қойылған 24 келісімшарт алып келетін болады. Қазақ халқы өз тағдырына үнсіз көз қысуда. 100 жылдан кейін планета тынысын тоқтатса да, қазақ халқы өз бақыты үшін соңына дейін күрескен ұлт ретінде тарихта қалмақ», – дейді сарапшы.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті