Қазақстан – Қытай іскерлік кеңесінің кезекті отырысы өтті

Жүк тасымалы
05.07.2024, 10:59
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген Диас НҰРМАҒАНБЕТОВ
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Апта басында Астанада Қазақстан – Қытай іскерлік кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңеске 400-ден астам адам қатысты, оның ішінде екі елдің ірі бизнес және көлік саласының өкілдері де болды.

Кеңес барысында энергетика, өндірістік қауіпсіздік, ШОБ-ты дамыту және логистикаға арналған панелдік сессиялар өткізіліп, бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылды. Кеңес Қазақстан және Қытай бизнес ортасы үшін пікір алмасу алаңына айналмақ, бұған қоса сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыруды көздейді.  

Екі панельдік сессиядан тұрған жиынның «Өнеркәсіптік қауіпсіздік, көлік-логистикалық ынтымақтастық. Энергетикалық ауысу» атты бірінші сессиясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжанов баяндама жасады.

– Қазақстан әлемде жер аумағы бойынша 9-орын алады, Еуразия жүрегінде орналасқан еліміз Қытай және Ресей секілді алпауыт елдермен және өзге де Орталық Азия елдерімен шектеседі. Теміржол желілері бойынша Қазақстан 20 ТОП елдің қатарына енеді, бүгінгі таңда біз Қазақстанда транзиттік тасымалды жүзеге асырып отырған негізгі оператормыз. ҚТЖ жүйе құраушы көлік компаниясы болып саналады. Еліміздің теміржолмен жүк тасымалына Қазақстандағы жүк тасымалының жартысынан астамы тиесілі, эксплуатациялық жүк айналымы былтыр 270 млн тонна/км болды, бұл әлем бойынша алтыншы көрсеткіш. Компания бизнес ортаның тұрақты дамуына сапалы негіз бола отырып, ел экономикасының драйвері болып табылады, – деді ол.  

Сонымен қатар Қазақстан «Шығыс-Батыс» және «Солтүстік-Оңтүстік» сияқты негізгі ірі көлік дәліздерінің тоғысқан жерінде орналаса отырып, Еуразия құрлығының қақ ортасында тұрып Еуропа мен Азия арасындағы көлік-логистикалық және транзиттік хаб саналатынын және ірі әлемдік нарықтарға жол ашатынын жеткізді.  

– Компания қызметінің басты көрсеткіштерінің динамикасы тұрақты өсіп отыр. ТХКБ бағдары бойынша тасымал көлемі 2,8 млн тонна болды. Ал биыл 5 айда осы бағдармен 1871,6 мың тонна жүк тасымалданса, соның ішінде экспорт көлемі 1362,6 мың тоннаны, импорт 285,7 мың тоннаны, транзит 223,3 мың тоннаны құрады. Транзиттік бағдардағы барлық теміржол әкімшіліктерінің ұйымшылдығының арқасында Қазақстанның контейнерлік транзиті 10 жылда 5 есе өсті. Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болуы және географиялық орналасу ерекшелігі оның халықаралық саудадағы рөлі мен маңызын әсіресе Қытаймен тауар айналымындағы орнын арттыра түседі. Бұл ретте Қазақстан Орталық Азия мен Еуропа одағы елдерінің нарығына бағытталған тауарлардың стратегиялық кіру нүктесі болып табылады. Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы негізгі транзиттік хаб ретінде қалыптасты. Қазіргі таңда сауда айналымының артуы есебінен жаңа логистикалық хаб құру арқылы жеткізу тізбектерінің біріккен жұмысын күшейту қажет, – деді спикер.  

Көлік логистикалық секторда теміржол инфрақұрылымының дамуы басым бағыт саналады. Мұндай бастамалар ең жоғары деңгейде қолдауға ие және Қазақстан басшылығы соған қолайлы жағдай жасай отыра оларды жүзеге асыруға қарқынды қолдау білдіреді. Кеңестің келесі панельдік сессиясы «Инфрақұрылым және ШОБ – өңірлік экономика негізі» деп аталды.  

 

Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?