Қазақстан логистика арқылы экономиканы дамытуды көздеп отыр

Жүк тасымалы
13.10.2025, 10:17

Экономиканы көтерудің басты жолы – логистика. Биыл елімізде 5 мың шақырым жаңа теміржол салынып, Қытай мен Еуропаны тікелей байланыстыру жоспарланған. Осылайша, Қазақстан Жібек жолын жаңғыртатын басты елге айналуды мақсат етеді. Географиялық әлеует те бұған толық мүмкіндік береді, деп хабарлайды Rail-news.kz сайты 24.KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Соңғы бес жылда елдегі транзиттік жүк көлемі екі есе артқан: 2019 жылы 17 млн тонна болса, өткен жылы 28 млн тоннаға жеткен. Биыл бұл көрсеткіш 33 млн тоннаға дейін өседі деп болжануда. Алайда, мұның қаржылай пайдасы мардымсыз.

Көршілес мемлекеттер тек теміржол транзитінің өзінен-ақ үлкен табыс табуда. Ал Қазақстанда тарифтердің тым арзан болуы салдарынан былтыр тасылған жүктің 72 пайызы өзін-өзі ақтамаған.

Көлік министрлігінің дерегінше, еліміздегі теміржол тарифтері Ресей, Өзбекстан, Әзербайжан, Беларусь және Қырғызстанмен салыстырғанда 2–4 есе төмен. Бұл өзге мемлекеттердің жүктерін біздің аумақ арқылы арзан тарифпен өткізуге жағдай жасайды.

Мирас Қуантай, Көлік министрлігі Теміржол логистикасы басқармасының басшысы:

«Ресей, Өзбекстан, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан сияқты мемлекеттермен салыстырғанда, біздің тарифтер 2-4 есе төмен болып табылады. Басқа мемлекеттердің жүк өткізушілеріне өте қолайлы. Себебі олар біздің территория арқылы өтсе, олар өте төмен тарифпен өтеді».

Мысалы, Қазақстанда 1 тонна көмірді 500 шақырымға жеткізу құны – 3 доллар. Ресейде бұл көрсеткіш екі есе, ал Қырғызстанда төрт есе жоғары — 13,5 доллар. Беларусь 17 доллар алады. Мұнай өнімдерін тасымалдау құны да бізде төмен: Қазақстанда 500 шақырымға 14 доллар болса, Ресейде – 16, Қырғызстанда – 17 доллардан асады. Ал Беларусьте бұл баға 55 доллар.

Астық транзиті бойынша жағдай тіпті күрделі. Қазақстанда астықты жеткізу құны 3,5 доллар, ал Ресейдің тарифі үш есе, Қырғызстанның жолақысы төрт есе жоғары. Беларусьтің тарифі 7,5 доллар.

«Астық өзін-өзі ақтамайды. Яғни өзіндік тасымалдау құнынан өзінің құны толық төмендеу. Төменгі деңгейде тасымалданатын көлемдегі жүктерді кросс-субсидиялау тетігі бар. Осы тетікті айыру үшін бірінші қадам ретінде тарифтерді жыл сайын 24% көтеру болып саналады», - дейді Мирас Қуантай.

Дегенмен, астық тасымалы құнын күрт көтеру шаруаларға қиын соғуы мүмкін. Сондықтан бұл мәселе кезең-кезеңімен шешілмек. Қазір шығынның бір бөлігі кросс-субсидиялау арқылы өтеліп отыр. Яғни табысты мұнай тасымалынан түскен қаражат астық секілді өзін-өзі ақтамайтын жүктердің тасымалына жұмсалады.

Сарапшы Айбар Олжай тариф саясатын өзгерту кезінде баланс сақтаудың маңызын атап өтті.

«Шағын елдер километрі аз болғандықтан тариф аз түседі деп тарифтік мөлшерін көтереді. Бірақ Қазақстанға дәл тура сол елдегідей тариф мөлшерін көтерудің қажеттігі жоқ. Себебі біз өте қымбатқа шығып кетеміз. Әсіресе Қытай теміржолдан көрі қайтадан су жолымен, теңіз арқылы контейнер арқылы тасуға қайта оралып кетуі мүмкін. Ал біз бәленбай инфрақұрылымды салып қойдық. Мысалы, Достық-Мойынтыны аштық, қазір Қызылжарды ашамыз. Одан кейін Ақтау жақты күшейтеміз. Құрық пен порт Ақтауға инвестиция салып, күшейтіп жатырмыз. Сондықтан белгілі баланс керек», - дейді ол.

Үкімет 2035 жылға қарай транзиттік жүк көлемін бес есе арттырып, 100 млн тоннаға жеткізуді көздеп отыр. Соңғы он жылда салаға 35 млрд доллар инвестиция салынған. Алдағы уақытта тағы 5 мың шақырым жаңа жол салынып, 11 мың шақырым теміржол жөнделмек.

Алайда сарапшылардың айтуынша, қазіргі тарифтермен теміржол инфрақұрылымын күтіп ұстау қиын. Себебі материалдар мен қызмет құны жылдан-жылға өсіп келеді.

«Қазіргі баға 2022 жылы актуальды болды. Бірақ қазір 2025 жыл. Ол жолдар мен инфрақұрылымды ұстап отырудың шығындары көбейді. Сол жолды ұстауға қажет материалдар, жөндеу материалдары, олардың бағалары импорт, олар қымбаттады. Сондықтан біз өз теміржолымызды белгілі бір қарыз қамытында ұстай бермей, оған да өз қарыздарын төлеуге мүмкіндік беру керек», - дейді Айбар Олжай.

Соңғы деректерге сәйкес, «Қазақстан теміржолының» қарызы 3 триллион теңгеге жуықтаған. Сол себепті Үкімет транзиттік тасымал тарифін кезең-кезеңімен көтеріп, саланың тұрақтылығын қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

 

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты