Астық тасымалы талқыланды

Жүк тасымалы
18.11.2025, 09:52
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдері ҚР Көлік министрлігі жанындағы астық тасымалдау жөніндегі жедел астық штабының отырысына қатысты. Іс-шараға ірі жүк жөнелтушілер, ауыл шаруашылығы министрлігінің, «Атамекен» ҰКП, астық терминалдарының, Құрық және Ақтау порттарының өкілдері, сондай-ақ еліміздің түкпір-түкпірінен элеваторлардың иелері қатысты.

Отырыста ҚТЖ қатысушыларға ағымдағы жағдай және тасымалдау процесін тұрақтандыруға, оның тиімділігін арттыруға және астық тасымалының уақытылы жүзеге асырылуы бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы өзекті ақпарат берді. Компания мамандары биылғы маркетингтік жылдың алғашқы екі айында астық тиеу жоспарларының орындалу барысы туралы баяндады.  

Айтуларынша, Орталық Азия бағытында уақытша қиындықтар байқалуда. Егінді сақтау, элеваторлық қуаттарды босату және астықты жөнелту қарқынын арттыру үшін ҚТЖ астықтан басқасына, Сарыағаш станциясы арқылы өтетін барлық жүктердің қозғалысын уақытша шектеді. Өзбек тарапымен бірлесіп пойыздарды қабылдауды ұлғайту жоспары келісілді.  

Өзбекстан аумағында астықты маршруттармен тасымалдау үдерісі ұйымдастырылатын станциялар анықталды.  

Отырыс барысында әрі қарай тасымалдау жоспарлары және астықты белсенді әкету кезеңіне тұрақты логистиканы қамтамасыз ету жөніндегі шаралар талқыланып, жүк жөнелтушілер өздерін алаңдатқан сұрақтарға толық жауап алды.  

Жалпы биыл жыл басынан бергі тоғыз айда Қазақстан бойынша 9,6 млн тонна астық тасымалданып, бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда 40% артық шыққан еді. Осы арада астықтың негізгі бөлігі Ресейге, Орта Азия елдеріне, Иран және Африка мен Еуропаның жаңа нарықтарына жөнелтілуде. Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанның айтуынша, жалпы көлемнің 7,3 млн тоннасы экспортқа шығарылса, қалған 2,2 млн тоннасы ел ішіне таратылған. Бұл жерде атап өтерлігі, қытай бағытына астық тасымалы төмендегенімен, есесіне жемдік ұн 4,6 есе өсіп, 2,2 млн тоннаға жетіп жығылған. Сонымен қатар Орталық Азия елдеріне экспорттың 34% өсімі байқалуда.  

– Ақтау және Құрық порттары арқылы Иран бағытына тасымал қайта қалпына келтіріліп, өсім 3,3 есе өсті, ал Ауғанстанға 40%, – деп атап өтті вице-министр.  

Белгілі болған жайт, биыл Ресейге және ол арқылы астық экспорты 4,2 есеге жуық өскен. Бұдан бөлек, Қазақстан Марокко мен Алжир сияқты Африка елдерімен қатар Вьетнам, ЕО елдеріне де жаңа нарықтар ашып отыр. Былтыр Қазақстанда 25 миллион тонна астық жиналса, биыл да осы көлем шамасын құрайды деп күтілуде.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады