Пойыз тартымындағы энергетикалық үнем өсуде

Жүк тасымалы
25.06.2021, 10:06
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Осыдан үш-төрт жыл бұрын «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның барлық локомотив пайдалану деполарында локомотивтердің электронды бағдары өндіріске енгізілгені белгілі. Аталмыш шара бүгінде тасымалдау үдерісінде зор тиімділік әкеліп отыр. Әсіресе, қағазсыз технологияның осынау түрі пойыз тартымындағы энергетикалық ресурстарды мейлінше үнемді жұмсауда және есептеуде оң нәтиже көрсетіп, шығынды да азайта түсуде. Семей ЖТ бөлімшесі бойынша өндірістегі үнем – алдыңғы кезектегі жолға қойылған мәселе. Бұл ретте жыл басынан бері қолға алынған жоспарлы шаралар біршама оң нәтижесін беріп отыр. Бір ғана мысал, ағымдағы жылдың бес айы бойынша жанармай үнемділігі өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда біршама артқан. Әсіресе, бөлімшеге қарасты ТЧЭ-22 мекемесінің локомотив бригадалары бұл орайда ерлеп тұр. Шығыстағы аталмыш депо машинистері жүктеменің өскеніне қарамастан 7326,455 тоннаның орнына 7317,070 тонна ғана дизельді отын жұмсапты. Яғни, 9,385 тонна жанармай үнемделген. Қазіргі таңда бөлімшенің өндірістік-техникалық бөлімінің мамандары аталмыш жайтты тереңірек зерттеуде. Тиімділік – өзге локомотив деполарына үлгі етіліп, елеулі деп танылған жаңашылдықтар өндіріске енгізілмек. Оған себеп, Аягөздегі ТЧЭ-25 мекемесінде межелі жоспардан ауытқу бар. Дизельді отынның шығыны 245,788 тоннаға дейін артып кеткен. Әйтсе де, бұған қарамастан Семей ЖТ бөлімшесі бойынша пойыздар тартымына жұмсалатын дизельді отынды үнемдеудің тың тәсілдері жыл сайын жаңадан қолға алынуда. Бұл орайда жүк түріндегі тепловоз паркін пайдалану бірнеше пайызға кемітіліп, вагон айналымындағы уақыт азайтылған болатын. Мұның сыртында пойыз тартымына жұмсалатын жанармай шығынының өсуіне жол бермейтін локомотив бригадаларының да саны артқан- дығы байқалады. Мәселен, ағымдағы жылдың бес айы ішінде бөлімшеге қарасты деполар бойынша 589 машинист 397,711 тоннаның жанармайын үнемдепті. Сәйкесінше, 125 машинист дизельді отынның 77,956 тоннасын артық шығын ретінде жұмсаған. Яғни, осынау тәжірибе көрсеткендей, жанар- май үнемділігінің орын алуы алғашқы кезекте машинистерге байланысты. Тек локомотив бригадаларының күш салуы себепті ғана бөлінген жанармай деполардың ресурстық қорында қалады. Бұл ретте биылғы көрсеткіш көңіл қуантарлықтай, өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 8,004 тонна артық үнемделген. Жалпы, отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеу бойынша карантиндік шектеу шаралары жанама түрде ықпал еткенін де айта кеткен орынды. Оған ҚХР бағытындағы пойыздардың техникалық станцияларда тұрып қалуын мысал ретінде алуға болады. Сонымен қатар, бөлімше бойынша жүк айналымының 107 пайызға артуы мен аралық станциялардағы қозғалыстың жиілігі де себеп болуда. Тағы бір айта кетер жайт, жалпы отын- энергетикалық қор бойынша жанар-жағармайға қол сұғу мәселесі мүлде тіркелмеген. Тоқтала кетер болсақ, қауіпсіздік шаралары мақсатында барлық тепловоздар жоғарыда айтып өткеніміздей, арнайы энергетикалық отын тартымын анықтайтын көрсеткіш дәлдігі аса жоғары АСУ ЭДТ жүйесі сынды аспаппен жабдықталған. Локомотивтердегі энергодис- петчерлік тартымды анықтайтын бұл құралдар жылу мен қуат үшін отын жұмсау бойынша адами факторлардың орын алуына мүлде жол бермейді екен.

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты