Тораптық станцияларда жұмыс қызған

Жүк тасымалы
09.07.2021, 13:17
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Ел шығысында жүк пойыздарын құрастырып, кезекті рейске аттандыруда жүргізілетін жұмыстарды жүйелендіру үшін жыл басында бірқатар шаралар қабылданған еді. Соның ішінде, вагондарды дер кезінде жинап, ауыр салмақты немесе ұзын жылжымалы құрамдарды бөгелтпей жөнелту бойынша қолға алынған тың тәсілдер тиімділігін дәлелдеді. Семей ЖТ бөлімшесі бойынша контейнерлік пойыздарды құрастыру мен қабылдап, аттандырып салудағы жұмыстарға баса маңыздылық беріледі. Бұл орайда бөлімшедегі жүк станцияларында әр контейнері 40 тоннаны құрайтын 500-ден аса транзитті пойыздарды іркіліссіз өткізуге болатыны дәлелденген. Сондықтан да жоспарлы шаралар қолға алынған еді. Басты мақсаттардың бірі контейнерлік жылжымалы құрамдардың жылдамдығын азайтпау болып отыр. Осы орайда межелі шаралар толық орындалуда. Мәселен, өткен бес айдың ішінде кестеден кешіктірілмеген 326 контейнерлік пойыздың жылдамдығы 368,7 км/ тәулікті қамтыпты. Бұл – нәтижелі көрсеткіш. Жалпы, жыл басынан бергі 5 айдың ішінде бөлімше бойынша әсіресе қозғалыс шаруашылығында ілкімді жұмыстар жүргізілді. Бірінші кезекте жоспар бойынша қолға алынған шара жүк айналымын арттыру мақсатында вагондардың бос уақытын қысқарту және локомотивтерді ұтымды пайдалануды қалыптастыру болды. Осы себепті әсіресе ірі тораптық станциялардағы маневрлік жұмыстар, жүк пойыздарын құрастыруға баса мән берілді. Осы орайда бөлімше бойынша пойыздарды құрастырып, рейске шығаруда кедергі жоқ. Уақытында жинап алынатындықтан вагондар да жеткілікті. Мәселен, бөлімше бойынша осы кезеңге дейін 444 ұзын жылжымалы құрамдар мен 32 аса ауыр салмақты пойыздар жолға шығарылыпты. Әйтсе де, пойыздарды қабылдап жөнелтуде біршама кедергілер де бар. Мәселен, карантиндік шектеулерге байланысты Қытай елімен шекарадағы «Достық» станциясында кейбір пойыздар қабылданбаған. Сондай-ақ, жоспардағы 151 рейстік пойыздың орнына 109 пойыз жөнелтіліпті. Бірақ, бұл олқылықтар күзгі жүк тасымалының артуымен қалпына келеді деп күтілуде. Себебі, жазғы мезгілдегі жүк айналымының күрт артып, динамикалық жүктемедегі көр- сеткіштердің жоғарылай бастауы осыған дәлел болып отыр. Сонымен қатар, бұл шаралардың сыртында локомотивтердің өнімділігі мен телімдік жылдамдықтың да артуы байқалады. Дегенмен алдағы уақыттарда күш салу қажет мәселелер жетерлік. Мәселен, техникалық жылдамдықты әлі де арттыра түсу, пойыздардың жол жүру жылдамдығына мүмкіндігінше шектеу қоймау шаралары межеленіп отыр. Қалай болған күнде де бөлімшедегі қозғалыс саласында өндіріс барысын ұлғайтуға күш салынуда. Қазіргі күндері семейлік теміржолшылар жыл аяғына дейінгі орындалуы тиіс межелі шараларды қабылдап, жүзеге асыруға қызу кірісуде. Атап айтсақ, эксплуатациялық жұмыстар бойынша өткен 5 айдың ішінде толық орындалмаған көрсеткіштермен шындап жұмыс жасау қажеттілігі туындап отыр. Аталмыш тарапта кешенді жұмыс жүргізу керек. Жоспарлы іс-шаралар қатары қазіргі күннен бастап пысықталуда. Соның бірі ретінде, жергілікті Қаражыра көмір кенішінен тасымалданатын қатты отын көлемін 9 мың тоннаға жеткізу көзделіп отыр. Осылайша, контейнерлік пойыздарды іркіліссіз өткізу мен ауыр салмақты жылжымалы құрамдарды жолға шығару мақсатында тораптық станциялардағы өндіріс бойынша технологиялық процестерге баса мән берілуде.

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты