Шығыста 6300 тонналық жүктерді сүйрейтін пойыздар саны көбейді

Жүк тасымалы
21.09.2021, 11:49
Оқуға 2 мин
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Ел шығысында теміржол қозғалысы бойынша жүк айналымы жыл санап артып келеді. Әсіресе көмір мен астық тасымалы кезінде жиі құрастырылатын, салмағы 6300 тоннаға дейін жететін жылжымалы құрамдар көрсеткішті еселеуде, деп хабарлайды Rail-news.kz. Семей ЖТ бөлімшесінің теміржолшылары үшін қауырт кезең енді басталды. Өткен тамыз айынан бастап еселенген жүк тиеу, түсіру жұмыстары бірқатар тың шаралар қабылдауға мәжбүр етуде. Бұл бағытта әсіресе қозғалысшылар қауымына айтарлықтай жауапкершілік жүктелуде. Мәселен, ағымдағы жылдың 8 айында жалпы саны 692 ұзын жылжымалы құрамдар құрастырылса, 66 ауыр салмақты жүк пойыздары жолға шығарылыпты. Бұл межеге алға қойылған тапсырмалардың жүз пайыздан артық орындалуы мен тасымал барысында тың әдіс-тәсілдерді қолдану және жүк жөнелтуге тапсырыс берушілер санының өсуі әсер етіп отыр. Дегенмен карантиндік шектеулердің жеңілдеуімен бірге орын алатын қауырт жүк тасымалына семейлік теміржолшылар қауымы толықтай даяр болып шықты. Тонналық есеппен алғанда жүк тиеу ісі техникалық жоспар бойынша 107,1 пайызға артып отыр. Оның ішінде Дегелең станциясынан тиелетін Қаражыра көмірі мен ауыл, Белағаш станцияларынан артылатын астық және Жаңғызтөбеден тиелетін түсті металл рудасының үлесі аса қомақты. Бұрынғы жылдардағыдан бір айырмашылық, жүк ай- налымын арттыру үшін осыған дейін тәжірибеден өткен Шаттл пойызы соңғы жылдары құрастырылып жүрген жоқ. Оған себеп, жүк тасымалы бойынша бұл бағыттағы жоспарлар бүгінгі таңда жүз пайыз орындалған. Осы ретте, Дегелең-Семей телімі бойынша 6 300 тонналық пойыздар қалыптастырылса, Локоть-Ақтоғай станциялары аралығында 4 500 тонна болатын ауыр салмақты пойыздар кідіріссіз тікелей қатынауда. Тағы бір айта кетер жайт, мұндай ерекше санаттағы пойыздар саны ағымдағы жылы өткен жылмен салыстырғанда біршама артып отыр. Нәтижесінде пойыздың орташа салмағы 101,0 пайызға арттырылған. Әйтсе де, жүк айналымын ұйымдастыру бойынша жыл соңына дейінгі көзделген техникалық жоспарлар көлемі тым ауқымды. Себебі, қатты отынға сұраныстың еселеп артуына орай көмірді 9,0 млн тоннаға жеткізу негізгі міндеттер қатарында тұр. Осы ретте аталмыш тапсырманы орындауда ауыр салмақты пойыздар бірінші кезекте көмекке келері – анық жайт.

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды