Сандық технология темір жол қызметін тиімді етуде

Цифрландыру
04.08.2023, 09:56
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жүк тасымалы қызметін цифрландыру және автоматтандырумен қамтамасыз ету – «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметінің басым бағыттарының бірі. Бүгінге дейін салаға енгізілген ақпараттық жүйелер сала жұмысының тиімділігі мен жылдамдығын арттырып отыр.

Цифрландыру саласындағы басты бағыт – тасымал құжаттарын қағазсыз технология бойынша ресімдеуге жүз пайыз көшу. Бүгінде елішілік қатынастағы вагондар бойынша қағазсыз технологиямен ресімдеу көлемі 95%. Қағазсыз технологияны енгізу клиенттермен жұмыс істеу мерзімін айтарлықтай қысқартты. Мәселен, жоспарлау уақыты ел ішіндегі қатынаста 11 сағаттан 5 минутқа дейін қысқарса, экспорттық бағытта 2 күннен 1 сағатқа дейін азайды. Сонымен бірге ресімдеу процесі 30 минуттан 5 минутқа дейін кеміді.

Қазіргі таңда қазақстандық жүк жөнелтушілер тасымал құжаттарын жоспарлау мен ресімдеуді «Келісімшарттық және коммерциялық жұмыстар» басқарудың автоматтандырылған жүйесі арқылы жүзеге асырады. Бұл жүйеге «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің 2 жарым мыңнан астам мамандары жұмылдырылып, 42 мыңнан жоғары клиент тіркелген. Мұның бәрі сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, адами факторды азайтуға септік етеді. Сондай-ақ жүк жөнелтушілер ағымдағы теңгерімді бірыңғай жеке шот бойынша көре алады. Ал қажетті ақпаратты «Төлем жүйесі» ақпараттық жүйесінің арқасында алуына болады. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС теміржол тасымалы тиімділігін арттыру мақсатында ТЭ33А сериялы жүк локомотивтері паркін Wabtec «Рейс белсендірушісі» цифрлық жүйесімен жаңартуда.  

Заман талабына сай ұлттық компания «Цифрлық трансформация» бағдарламасын әзірледі. Ол көрсетілетін қызметтердің экономикалық тиімділігін көтеру, бизнес-процестерді жетілдіру, қызметті автоматтандыру және цифрландыру, қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру есебінен іргелі өзгерістерді жүзеге асыруға бағытталған және «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 2029 жылға дейінгі даму бағдарламасында белгіленген мақсаттарға қол жеткізуді көздейді. Ұлттық компанияның «Цифрлық трансформация» бағдарламасы 13 стратегиялық бастамадан тұрады, оған 16 жоба мен 44 іс-шара кіреді.  

Ал «Магистраль» АБЖ жобасы шеңберінде мобильді диагностикалық құралдар енгізілді. Осы жоба арқасында 7 бірлік МДК, яғни заманауи мобильді диагностикалық кешендер еліміздің магистральдық желісіне диагностика жасап, ультрадыбыстық және магнитті дефектоскопия, рельс пішінінің геометриялық параметрлерін бақылау, рельстер мен бекітпелердің жай-күйін бейнебақылау, георадиолокация және тағы басқаларын жүзеге асыруда. Бұдан басқа «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласындағы ІТ-шешімдерін енгізу» шеңберінде іске қосылған өндірістік қауіпсіздіктің интеграцияланған жүйесіне компания қызметкерлерінің 97%, яғни 110 мыңнан астам қызметкері тіркелген. Бұл жүйенің нәтижесінде кемшіліктер дер кезінде анықталып, жойылып келеді.  

«Цифрлық трансформация» бағдарламасының маңызды жетістіктерінің бірі – Ақтөбе қаласында Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Орал және Ақтөбе диспетчерлік учаскелерін бір орталықтан басқарудың жолға қойылуы. Ұлттық компанияда өндіріске енгізіліп жатқан келесі бір сандық жүйе – пойыз машинистеріне арналған мобильді қосымша. Оның негізгі міндеті – тиімділікті арттыру және локомотив бригадаларының жұмысын жеңілдету. Қосымша арқылы машинистер тартым құрамының жағдайына мониторинг жүргізеді, оны бес балдық жүйе бойынша бағалайды.

 

Жаңалықтар
14.06.2026
ҚТЖ еріктілері балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін бірегей теміржол мегамузейіне саяхат ұйымдастырды
Жаңалықтар
14.06.2026
Azerbaijan-Kazakhstan Sea Cable System жобасының жаңа кезеңі
Жаңалықтар
13.06.2026
Астанада Қазақстан темір жолдары тарихының мұражайы ашылды
Жаңалықтар
12.06.2026
Абай облысында қайта жаңартудан кейін Ауыл және Белағаш станцияларының вокзалдары ашылды
Жүк тасымалы
12.06.2026
Астық және ұн экспорты 13%-ға өсті
Әлеумет
12.06.2026
ҚТЖ теміржолшылардың әлеуметтік пакетін жақсартты
Аймақтар
12.06.2026
Жамбыл теміржолында табыс та, тасымал да еселенді
Аймақтар
12.06.2026
Қырағы вагон қараушы апаттың алдын алды
Инфрақұрылым
12.06.2026
Күрделі жөндеуді межелеп қалды
Аймақтар
12.06.2026
Шымкентте теміржолшы өнертапқыштардың қатары артып келеді
Аймақтар
12.06.2026
Жаңа көшеге майдангер әрі теміржолшы Өтеубай Ордабайұлының есімі берілді
Спорт
12.06.2026
Ақтөбеде бильярдтан үздік теміржолшылар анықталуда
Жаңалықтар
12.06.2026
Талғат Алдыбергенов еңбек ұжымына үндеу жолдады
Жаңалықтар / Мұрағат
12.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №45 12 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
11.06.2026
Астанадағы C5+1 диалогында Транскаспий дәлізін дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
11.06.2026
«Теміржолсу» АҚ мыңнан астам теміржол инфрақұрылымы нысандарына жөндеу жұмыстарын жүргізді
Жаңалықтар
11.06.2026
Астана Халықаралық университетінің студенттері ҚТЖ жұмысымен танысты
ҚТЖ келбеті
11.06.2026
Семейлік инженер Мария Тұрсынова «Үздік рационализатор» атанды
Спорт
11.06.2026
Жолшылар мен машинистер арасындағы тартысты дода
Әлемде
11.06.2026
ЕО шекарааралық теміржол қатынасын жеңілдететін жаңа ережелер қабылдады