«Мойынты – Достық» телімінің екінші жолдары балқаштықтар бақылауында

Инфрақұрылым
29.11.2022, 09:27
Суреттерді түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Балқаш жол дистанциясы – «Мойынты – Достық» телімінің екінші жолдары бойынша құрылыс жұмыстарын қабылдап алатын бірден бір мекеме. Себебі, ұзындығы 800 км-ден астам жаңа жолдың 400 шақырымы осы дистанцияға тиесілі.

Аталған дистанцияны бүгінде тәжірибелі теміржолшы Ернұр Тұрбаев басқарады. 2003 жылы Тоқырбас станциясында еңбек жолын жолшы болып бастаған ол бүгінде 20 жылдық тәжірибесі бар білікті басшы. 

 – Біздің дистанцияға Мойынты – Саяқ телімдері арасындағы 400 км жол қарайды. Осы жолдың бойындағы №4 бекетте жаңа жол құрылысын бастау бойынша салтанатты жиын өтті. Мердігер мекеме «Integra Construction KZ теміржолды салуды бастап кетті. Біз олар салған жол бойындағы әр шақырымның жұмысын тексеріп, қабылдап алып отырамыз. Балқаш жол дистанциясында, өзімнің қарамағымда 300 адам бар. 16 айналымда 3 телім бастығы, 16 жол шебері жұмыс істейді. Яғни, осы аралықтағы 16 бекеттің жолын баптау, жағдайын жасау – біздің міндет, – дейді Ернұр Тұрбаев.  

Қытай мен Еуропа арасын байланыстыратын жолдың бастауында тұрған бұл теміржол телімінен күніне 6 жолаушы пойызы өтеді. Сонымен қатар 30 жұп жүк пойыздары жүреді. Енді екінші жолдар салынып, Мойынтыға дейін жеткізілсе, транзиттік тасымал артып, осы бағытта жүк жіберетін клиенттердің сұранысы толық қанағаттандырылмақ.  

Ернұр Тұрбаевтың айтуынша, дистанцияның биылғы жұмыс көрсеткіштері жоғары болған. Көктемгі және күзгі байқау комиссияларынан ойдағыдай өтіп, келесі маусымға дайындықтарын үнемі пысықтап отырады. Айына екі рет жол өлшейтін және ақауды анықтайтын вагондар осы телімнен жүріп өтеді. Дистанция ғимараты Балқаш-2 станциясында орналасқан. Жаңа жолға жауапты ұжымды басқарып келе жатқан білікті басшы «Адал еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері және көптеген құрмет грамоталары, алғыс хаттармен марапатталған.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті