Астана станциясына – 90 жыл

Инфрақұрылым
07.02.2019, 13:30

        Елорда теміржолының бас қақпасы Астана станциясына биыл 90 жыл толып отыр. Ақмола станциясына алғашқы пойыз 1929 жылы 8 қарашада келген екен. Мерейтойды станциядағы барлық тораптық құрылымдық теміржол мекемелері бірлесіп атап өтуді жоспарлауда. Себебі олардың бәрінің де тарихы осы станцияның құрылуымен бірге басталған.  

Тарихи деректерге көз жүгіртсек, алғаш бұл өлкеге темір жол келгенде кең жазық далада жолаушылар үшін ықтасын болар пана болмапты. Ақмола қаласы мен теміржол тартылған аймақтың арасын 3 км мидай дала бөліп жатқан. Екі жыл ішінде станция дамып, 10 қабылдап-жөнелту жолы, жолаушылар тасымалы мен оларға қызмет көрсету үшін 380 адамға арналған 2 қабатты вокзал бой көтерген. Сонымен қатар үш жолы, бір қоймасы, бір ашық платформасы бар жүк ауласы салынған.

 1939 жылы Ақмола-Қарталы темір жол желісі салынғасын қала Солтүстік Қазақстанның 6 облысын біріктіретін ірі көлік торабына айналды. Тың көтеру жылдары қала атауымен сәйкес Целиноград аталған станция Қазақ темір жолындағы ірі станциялардың бірі болды. Ол арқылы тәулігіне 20 жұп жолаушылар пойыздары мен жүк пойыздары өтетін. 1990 жылы жаңа вокзал салынып, пайдалануға берілді. Вокзал қуаттылығының негізгі көрсеткіші 1 800 жолаушыға дейін жетті. 1997 жылдан бастап жаңа астана ретінде дамыған қаламен қатар станция да өсіп, 2001 жылы станцияға Астана атауы берілді.

Бүгінгі таңда Астана станциясы сипаты бойынша кластан тыс сұрыптау станциясы болып табылады. Басты, жұп, тақ, сұрыптау, дөңес, ранжирлі, барлығы 6 паркі бар. Станция шаруашылығы талапқа сай дамыған, атап айтқанда, жүктерді түсіруге, тиеуге, сұрыптауға, сақтауға, жүк пойыздарын құрастыруға, жөнелтуге арналған құрылғылар, жүк және жолаушылар вагондарын жөндеу және қызмет көрсету, жолаушылар вагондарын экипировкалау, орталықтандыру және блокировкалау құрылғылары, жарықтандыру, байланыс, сумен жабдықтау, өртке қарсы қауіпсіздік құрылғылары, пойыздар мен вагондардың коммерциялық және техникалық бұзушылықтарды анықтауға арналған жабдықтармен толық қамтылған. Сұрыптау дөңесі автоматты орталықтандырылған жүйемен, АДМ датчигімен, вагон жылдамдығын бәсеңдету, магнитті педальдармен, ось есебі датчигімен және тағы басқа құралдармен жабдықталған.

– Станцияға тәулігіне 70 жүк пойыз келіп-кетеді, келген пойыздардың тең жартысын таратылатын пойыздар, қалған жартысын транзиттік пойыздар құрайды. Вагон айналымы 8,268 вагонды құраса, соның 4,132 вагоны – келген, 4,137 – кеткен вагондар. Астана станциясы бойынша 40 жолаушылар пойызы мен 16 қаламаңы электр пойызы қозғалысы ұйымдастырылған. Станцияда қуаттылығы күшті автоматтандырылған сұрыптау дөңесі бар, онда Атбасар, Ақкөл, Қарағанды, Ерейментау станциялары бағытындағы пойыздар құрастырылады. Сұрыптау дөңесіндегі жасалатын жұмыс көлемі тәулігіне орташа есеппен 2.746 вагонды құрайды, – дейді станцияның бастығы міндетін атқарушы Қайрат Оразбаев.     

Биыл тоқсан жылдығын атап өткелі отырған станция басшысының айтуынша, 2019 жылға қойған міндеттер ретінде станцияның технологиялық қуаттылығын жетілдіріп, өткізгіштік қабілетін арттыру, қозғалыс қауіпсіздігі мен еңбек қорғаудың мақсатты деңгейіне қол жеткізу көзделуде.

Нұрай СӘРСЕНҒАЛИ


Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл