Машинист болуды армандамайтын бала жоқ

Сұхбат
01.03.2022, 14:22
Оқуға 3 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалы – Ақмола жүк тасымалы бөлімшесінің жылжымалы құрам бөлімінің бастығы Мұхтар Балғоженов көктемнің алғашқы күні асқаралы 60 жасқа толып отыр. Мерейтой иесін туған күнімен құттықтап, аз-кем әңгімеге тарттық.

– Мұхтар Еренғайыпұлы, мерейлі жасыңыз құтты болсын! Туып-өскен ортаңыз, мамандық таңдаудағы шешіміңіз жайлы айтып берсеңіз.

– Мен Алтай аймағының Бөрлі ауданы Бигелді ауылында дүниеге келдім. Әке-шешем мектепте жұмыс істеді. Мұғалімдер болғасын ата-анамыз мені және екі қарындасымды кітаппен дос қылып өсірді. Қазақ тіліндегі кітап, журнал, оқулықтарды Алматыдан жаздыртып алдыратын. Қазақ эпостарын тыңдап, асық ойнап өстік. Жазғы каникулда далада шөп шабу, қой қырқу сияқты жұмыстармен айналыстық. Бала кезден теміржолшы болсам, оның ішінде пойыз жүргізетін машинист болсам деген арманым болды. Шынымды айтсам, біздің кезімізде машинист болуды армандамайтын бала жоқ еді. Соңғы сыныптарда жүргенде механизаторлар курсын бітіріп, техниканың ішкі «кухнясын» да білетін болдым. 1980 жылы Алматы теміржол көлігі инженерлері институтының механикалық факультетіне оқуға түсіп, бес жылдан соң «инженер-электромеханик» мамандығы бойынша Тың теміржолының бастығы Н.Исингариннің қолынан диплом алған мені Көкшетау бөлімшесіне жұмысқа жіберді. Ол кезде табақтай диплом алсаң да жұмысты ең төменгі сатыдан бастайсың, мен де машинист көмекшісі, машинист болып бірнеше жыл еңбек еттім. Тепловоз бен электровозды басқару құқығын беретін екі куәлігім бар. Локомотив бригадаларының машинист-нұсқаушысы болып, отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеу бойынша пойыздарды басқарудың озық әдістерін үйреттім, депоның жылу-техникалық жұмысын бақыладым. Қысқасы, өз салам бойынша барлық қызметті игеріп шықтым десем болады.

– Естуімізше, сіз рационализатор ретінде де танылған мамансыз. Бұл салаға қызығушылық қалай пайда болды?
– Қоғамдық белсенділік қасиеті бойымда жас кезімнен қалыптасса керек. Студент кезімде де спорттық жарыстарға қатысып, шаңғы теуіп, волейбол, футбол ойнайтынмын. Ал рационализаторлық ұсыныстармен машинист-нұсқаушы қызметінде жүргенде айналыса бастадым. Сол кездері пойыз- дарды тартуға кететін электр энергиясы мен дизель отынын үнемдеу бойынша экономикалық тиімділігі бар ұсыныстар бердім. Үздік техникалық шешім және үздік рационализаторлық ұсыныс аталымдары бойынша марапатталдым да. Қазір пайдалану жұмысын және компанияның кірісін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеп жатырмын.

– «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның құрылғанына биыл 25 жыл толып отыр, локомотив саласы үшін ең үлкен жетістік не деп ойлайсыз?
– Біздің буын ұлттық компанияның құрылып, қалыптасу сатысында сан түрлі реформаларға куә болдық. Мені локомотивші ретінде локомотив паркінің жаңаруы қуантады. Қазіргідей жаңа буын локомотивтер туралы біз машинист болып жұмыс істегенде армандап та көрмеппіз. Қазір KZ 8А сериялы электровозда машинистер автожүргізу бағдарламасы арқылы жүк пойызын қалай жүргізіп келе жатқанын бақылап отырады. Және ең маңыздысы, автожүргізу пойыздар қозғалысының кестесін сақтай отырып, пойызды тартуға кететін электр энергиясын үнемдей отырып жүргізудің оңтайлы режимін өзі таңдайды. Бұл – локомотив саласындағы кереметтің бірі, басқа да жетістіктер аз емес.

– Отбасыңыз туралы білсек және бос уақытыңызды қалай өткізесіз?
– Жұбайым Ардақ екеуіміз Әлия және Ернияз деген ұл-қыз өсірдік. Екеуі де мұнай саласының қызметкерлері. Қызым елордада тұрады, ал ұлым мен келінім Румынияда мұнай компаниясында жұмыс істейді. Жұбайым Ардақ теміржолшы отбасынан шыққан. Атам КСРО-ның Құрметті теміржолшысы, жолшы болып жұмыс істеген. Қазір 92 жаста. Бос уақытымды қыста шаңғы теуіп, жазда тауға шығып, көлде шомылғанды ұнатамын. Мүмкіндік болса, ел-жер көргенге не жетсін. Өткен жылы ұлым іссапармен Украинаға келді, біз оның астанасы Киевте кездестік. Украина астанасы маған өзінің тарихымен, әдемі архитектурасымен және мәдени-тарихи ескерткіштерімен таң қалдырды. Теміржолшы болған соң мен станцияны және вокзалын аралап көріп, ерекше әсер алдым.

– Әңгімеңізге рахмет!

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды