Мақсат – жүк тасымалына сапалы қызмет ұсыну

Сұхбат
12.10.2023, 10:34
Суретті түсірген Александр Жабчук
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Биыл еліміздегі ең ірі жүк вагондары паркінің операторы «Қазтеміртранс» АҚ-ның құрылғанына 20 жыл. Компанияның негізгі қызметі, алдына қойып отырған мақсат-міндеттері, жүзеге асырып жатқан жобалары барысында «Қазтеміртранс» АҚ бас директорының корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары Еділ Искаковты әңгімеге тарттық. 

– Еділ Болатұлы, «Қазтеміртранс» АҚ-ның мерейтойы құтты болсын! 20 жыл аз уақыт емес, әсіресе оның бастауында тұрған азазматтар үшін талай «тар жол, тайғақ кешуді» бастан кешкен шешуші кезең болғаны анық. Бүгінгі таңда компанияның жекеменшік вагондар паркі қанша және олар қандай жүк түрлерін тасымалдауға жұмылдырылады?

– Рахмет, әрине кез келген компанияның құрылып-қалыптастып, аяғынан тұруы үшін уақыт керек. Қазтеміртанс бүгінде сол кезеңді артқа тастап, отандық нарықта өз орнын қалыптастырған ірі операторға айналды деп сеніммен айта аламыз.  Жалпы, Қазақстанда жекеменшік иелегінде барлығы 140 мың вагон бар. Соның 40 мыңға жуығын, яғни 30%-ын біздің Қазтеміртанс меншігіндегі вагондар құрайды. Олар ашық және жабық вагондар, платформалар, астықтасығыштар, цементтасығыштар және өзге де вагон түрлері. Компанияның қызметі жүк вагондарын пайдалануға беру және арнайы жылжымалы құрамды жалға беру сияқты салаларды қамтиды. «Қазтеміртранс» АҚ вагондарында тасымалданатын жүктердің негізгі үлесін көмір, қиыршық тас, кен сияқты сусымалы жүктер құрайды. Сондай-ақ ұн, құрылыс материалдары және басқа да жүк түрлерін тасымалдаумен  де айналысамыз.  

– ҚТТ вагондары экспорттық жүктерді тасымалдаумен де айналыса ма?

– Біз ұлттық жүк вагондары паркінің операторы ретінде тасымалдың 45-47%-ын Қазақстанның ішінде жүзеге асырамыз. Жаңа атап өткенімдей, негізгі жүк көмір, қиыршық тас сияқты инертті жүк тасымалын қамтамасыз етеміз. Жылу маусымында тасымалдың шамамен 80%-ын көмір құрайды. Үкімет пен «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның біздің алдымызға қойып отырған міндеті – әлеуметтік маңызды жүк тасымалын қамтамасыз ету. ЖЭО-ларға, коммуналдық-тұрмыстық бағыттарға көмірді жеткізумен айналысамыз. Сонымен қатар мемлекеттік бағдарлама шеңберінде автожол инфрақұрылымының құрылысы жүріп жатқан учаскелерге қиыршық тас, құрылыс материалдарын тасымалдаймыз. Ал экспорттық жүктерге көбінесе Транском, Инскомтранс, Atasu Group, Atasu Logistics сияқты өзге жекеменшік компаниялардың ашық вагондар паркі жұмылдырылады. Сөз ретінде келгенде, Қазақстанда жүк жөнелтушілерге ҚТЖ-ның қатысуынсыз келісімшарт негізінде вагондарын жалға беретін 300-ден астам жеке вагон операторлары жұмыс істейтінін атап өткім келеді.  

– Демек, бұл жекеменшік операторлар ҚТТ-ға бәсекелес бола алады ғой. Мұндай жағдайда жүк ағынын жоғалтып алмау үшін Компания тарапынан қандай да бір жеңілдіктер қарастырылған ба?  

– Тасымалдайтын жүк жеткілікті. Тіпті, кейде вагондар жетіспей жатады. Мәселен, өткен жылы ҚТТ вагондарымен көмір, қиыршық тас, ұн өнімдері, азық-түлік және тез бұзылатын өнімдерді қосқанда тасымалдау көлемі 69,2 миллион тоннаны құрады. Жалпы 2019-2022 жылдардағы орташа жылдық көлем 61,4 миллион тоннаны құраған болатын. Ал биылғы жылы жүк тиеу 2022 жылмен салыстырғанда 2,8%-ға өседі деп болжануда. Десе де, біздің тариф жекеменшік операторлармен салыстырғанда 15-20%-ға төмен екенін айту керек. Бұл жеңілдікті біз жүк вагондарымен мейлінше қамтамасыз ету және жүк жөнелтушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында ұстап отырмыз. Көлік шығындары тасымалданатын жүктердің бағасына қатты әсер етпеуі керек. Өйткені жоғарыда айтып өткенімдей, біздің тасымалдың басым бөлігін әлеуметтік маңызға ие көмір, астық және мемлекеттік бағдарлама шеңберіндегі құрылыс жүктері құрайды.

– Еліміздегі ең ірі жүк операторы саналатын ҚТТ – жүк вагондары паркін жаңалау бағытында қандай шаруалар атқарып жатыр? 

– «Қазтеміртранс» АҚ-ның вагон паркінің тозу деңгейі 57% шамасын құрайды. Сондықтан компания вагон паркін кезең-кезеңмен жаңартуда. Әрине, бәрі қаржыға келіп тірелетіні белгілі. Биыл ел Үкіметі мен Көлік министрлігінің, «Бәйтерек» холдингі мен Қазақстан даму банкінің қолдауымен «Қазтеміртранс» АҚ Екібастұз қаласындағы Қазақстандық вагон жасау компаниясымен 2025 жылға дейін 3000 ашық вагон сатып алудың екі жылға арналған келісімшартқа отырды. Яғни 6% мөлшерлемедегі субсидия бөлінді. Үкіметтің біздің алдымызға қойып отырған міндеті де сол, бізге төменгі пайыздық мөлшерлеме бере отырып, отандық өндірушілер жасап шығарған вагондарды сатып алу. Бұл бізге де, вагон компаниясына да тиімді келісімшарт. Біз вагон паркін қосымша 3000 вагонмен жаңалаймыз, бұл өз кезегінде Қазақстан ішінде тасымал көлемін ұлғайтуымызға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, биыл 12 мыңнан астам вагонды жөндеп, жұмысқа жарамсыз вагондар санын азайту жоспарымыздың 80% астамы орындалды.  

– Еділ Болатұлы, қазір бизнес-процестер мен өндіріске жаңа технологиялар көз ілеспес жылдамдықпен еніп жатқан заман. Осы ретте ҚТТ-да цифрландыру үдерісі қалай жүріп жатыр? Уақыт талабына сай енгізіліп жатқан жаңа жобалар бар ма?

– Әрине, цифрландыру барлық салада қарқынды жүріп жатқан кезде біз де мұнымен белсенді айналысып жатырмыз. Қазір компанияда көптеген бизнес-процестер сандық жүйеге көшкен. Әсіресе вагон паркімен қамтамасыз ету және тасымалға қатысты дүниелер. Солай бола тұра, компанияға жүк жөнелтушілер тарапынан қойылып отырған сын да жоқ емес. Ол жүк жөнелтушілер арасында вагон паркін таратып бөлуге қатысты болатын. Қазір біз осы бағытта пәрменді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Ерекше пилоттық жоба енгіздік. Бұл бағдарлама біздің негізгі жүк жөнелтушілеріміз үшін енгізіліп отыр. Ол адамның қатысуынсыз, автоматты режимде вагондарды таратады. Яғни жасанды интеллект негізінде жасалған бағдарлама ашықтықты қамтамасыз етеді. Қазір біз пилоттық жобаны аяқтағалы отырмыз. Егер ол сәтті нәтиже берсе, біз 2024 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін жұмыс процесіне толықтай енгізіп, іске қосатын боламыз. Бұл жоба Қазақстан бойынша біз тасымалдайтын барлық жүк түрін және біз басқаратын вагон паркін толығымен қамтитын болады. Бастысы, жүк жөнелтушілер арасында вагондар әділ бөлінетін болады. Нәтижесінде компанияға айтылған сынға нүкте қойылады деген ойдамыз.  – Сұхбатымыздың соңында, ұлттық тасымалдаушы компания ұстанатын ұстаным туралы айтып өтсеңіз.

– «Қазтеміртранс» АҚ Қазақстан Республикасында ірі жүк вагондары операторы мәртебесіне сай өз қызметінде ашықтық ұстанымына басымдық бере отырып,  сапа мен санның үйлесімді болуын бақылауда ұстайды. Жүк тасымалдаумен жиырма жыл айналысып келе жатқан компанияның алға қойып отырған мақсаты – жүк жөнелтушілер сұранысын қанағаттандырып, сапалы қызмет ұсыну. Міне, осы бағытта қызметімізді жетілдіруге, заманауи технологияларды енгізуге күш-жігерімізді салатын боламыз.  

– Әңгімеңізге рахмет!

 

Жаңалықтар
14.10.2025
Қоғамдық тыңдау өтті
Цифрландыру
14.10.2025
Сандық жүйеге көшу – уақыт талабы
Инфрақұрылым
14.10.2025
«Бақты-Аягөз» құрылысы қарқын алды
Жаңалықтар
14.10.2025
Колледж оқытушылары ҚТЖ-да тағылымдамадан өтті
Аймақтар
14.10.2025
Семейлік теміржолшылар 5 мың түп көшет отырғызды
Аймақтар
14.10.2025
Экочеллендж жалғасып жатыр
Инфрақұрылым
14.10.2025
Жаңа жолдың тиімділігі неде?
Инфрақұрылым
14.10.2025
Түркістан өңірінде алты вокзалда ауқымды жұмыс жүріп жатыр
Жаңалықтар
14.10.2025
Мұражайға саяхат
Спорт
14.10.2025
Кәсіподақтар күніне орай теміржолшылар арасында боулингтен жарыс өтті
Қауіпсіздік
14.10.2025
Теміржолшылар мен құтқарушылар төтенше жағдайға дайындықтарын пысықтады
Әлеумет
14.10.2025
Теміржолшыға шұғыл көкмек қажет
Спорт
14.10.2025
Дәстүрлі турнир жалғасын тапты
Жаңалықтар / Мұрағат
14.10.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №84-85 14 қазан 2025 жыл
Қауіпсіздік
13.10.2025
Темір жол қателікті кешірмейді
Жаңалықтар
13.10.2025
Бақты – Аягөз теміржол желісінің құрылысы талқыланды
Аймақтар
13.10.2025
Теміржолшылар кәсіподағына – 120 жыл: Жамбылда үздіктер марапатталды
Аймақтар
13.10.2025
Қисановтар әулеті – байқау жеңімпазы
Спорт
13.10.2025
Корттағы күш пен құлшыныс
Жүк тасымалы
13.10.2025
Қазақстан логистика арқылы экономиканы дамытуды көздеп отыр