«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің озат қызметкерлері түрлі наградаларға ие болды

Тәуелсіздік күні қарсаңында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-не қарасты мекемелердің үздік қызметкерлері мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды. Салтанатты жиында барша әріптестерін мерекемен құттықтаған «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директоры Владимир Петров биыл темір жол үшін табысты жыл болғанын атап өтті.

«2021 жыл – тәуелсіздік жылдары ішінде ең көп жүк тасымалы жүзеге асырылған жыл. Пандемиямен қатар келген қиын кезеңнің өзінде осындай жетістікке жетіп отырмыз. Бұл табысқа барша теміржолшылар қауымының қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткізілді. Солардың ішінде ерен еңбегімен көзге түскен азаматтар бүгін лайықты марапаттарға ие болмақ. Олардың бәрі де тасымал табысын еселеуге үлес қосқан еңбек ерлері», – деп баға берді ол.

Сонымен «Адал еңбегі үшін» белгісімен темір жолда 40 жыл жұмыс істеген коммерциялық жұмыс департаментінің менеджері Айман Қасенова ма- рапатталды. «Кәсібі бойынша үздік» атағы Ақмола бөлімшесі Тасымалдарды басқарудың бірыңғай диспетчерлік орталығының аға диспетчері Марат Ахметжановқа берілді. Оның темір жолдағы жұмыс өтілі – 35 жыл. Сонымен қатар «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының Құрмет грамотасы 5 сала маманына, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының Алғыс хаты 3 қызметкерге, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының Құрмет грамотасы 8 теміржолшыға берілді. Бұған қоса «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының Алғыс хаты 10 адамға табысталды. «ӘТЖК 100 жыл» медалімен локомотив шаруашылығы департаментінің бас менеджері Серік Әбенов марапатталды. «Отпантау-2021» жедел-штабтық оқу-жаттығуының әскери техникасын тасымалдауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды сапалы ұйымдастырғаны үшін пойыздар қозғалысын басқару департаментінің аға диспетчері және бас менеджері Бауыржан Абдуллаев пен Шыңғыс Мерғалым да марапатқа ие болды.

Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты