Видео: Өрт сөндіру поездарына 100 жыл
Оқуға 1 мин
Бір өрт сөндіргіш поезд 40 машинаны алмастыра алады. Алып техника темір жолдан 600 метрге дейінгі қашықтықтағы отты өшіре алады.
Әрбір арнаулы техника жылына 4-5 рет арнайы жаттығулардан өткізіледі. Мұндай амалдар қаулаған өртті өшіруге машықтану мен құрылымдық бөлімдердің өзара іс-қимылын пысықтау үшін қажет.
Түрлі себептермен төгілген дизелді отын, бензин, тағы басқа да зиянды суйықтықтарды залалсыздандыру да осы саладағы мамандардың қызметіне кіреді. Негізгі міндет учаскелердегі апатты жағдайлардың жолын кесу және алдын алу.
Биыл бұрынғы посткеңестік елдердің барлығы өрт сөндіру поездының 100 жылдығын атап өтеді. 1921 жылы Еңбек және қорғаныс Комиссариатының өрт сөндіру поездарын жасақтауға туралы қаулысы шыққан.
Қазақстанда алғашқы өрт сөндіру поездары Құсмұрын, Тобыл, Қостанай, Орал станцияларында қызметін бастаған.