Міндет – айқын, мақсат – нақты
Жолдау
19.01.2018, 18:24
Елбасы Н.Назарбаевтың дәстүрлі Жолдауын сыр бойы теміржолшыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Қызылорда ЖТ бөлімшесіне «ҚТЖ» ҰК» АҚ персоналдар бойынша Вице-президенті Нұржан Жапарқұл мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ теміржол көлігіндегі персоналдарды бағалау және дамыту орталығының директоры Марал Марасилов бастаған топ келіп, жергілікті теміржолшыларымен кездесу өткізді.
«ҚТЖ-ЖТ»АҚ филиалы Қызылорда ЖТ бөлімшесінің директоры, «Теміржол» партия филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Аманкелді Арысбаев мәртебелі қонақтарды таныстырып, алғашқы сөз кезегін «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Нұржан Жапарқұлға берді.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын айрықша бедерленген 10 маңызды міндетке тоқталып, әрқайсысын жеке-жеке түсіндірген баяндамашы, соның ішінде теміржол саласына қатысты 4,7,9-бағыттарға толық талдау жасады.
Жолдау жүктеген міндет айқын, мақсат нақты. Оларды орындауда Ұлттық компания «Батыс-Шығыс» және «Солтүстік-Оңтүстік» – 4 бірдей басым бағытпен транзиттік тасымалды арттыру бойынша жұмыстарды жалғастырады, қазіргі таңда Қытай, Вьетнам, Европа сияқты 17 шет аймақпен жұмыс жүзеге асырылып, болашақта атқарылар міндеттер ауқымы кеңейетін болады,– деп Ұлттық компания тарапынан алда атқарылатын жұмыстардың Жолдауда көрсетілген міндеттермен астасып жатқанын мәлімдеген баяндамашы көліктік логистикалық инфрақұрылымды одан әрі дамыту арқылы тасымал үдерісін жетілдіруге Жолдауда айқындалған бағыттар мен міндеттер ықпалын тигізіп, қызылордалық теміржолшылар жұмысына жаңа серпін беретініне сенім білдірді.
Жиын барысында теміржолшылар қауымы алдында ауқымды және маңызды шаралар тұрғандығы, транзитті жүктерді тасымалдау мүмкіндіктерін жетілдіру, жолаушылар тасымалында сервистік қызметті арттыру, жылжымалы құрамды заманауи талапқа сай жаңартуға баса көңіл бөлініп, осыған орай салалық еңбеккерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға мүмкіндіктер қарастырылатындығы сөз болды.
Аймақ теміржолшыларының басшысы Амангелді Арысбаев аймақ теміржолшылары мақсаты айқын маңызды құжатта көрсетілген міндеттерді орындауда аянбай жұмыс жасайтынын мәлімдеді.
Сонымен қатар Жолдауға қатысты «Теміржол» партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева мен Қызылорда көлік прокуроры Тимур Шуленбаев өз ойларымен бөлісіп, пікірлерін білдірді.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді