Транзит әлеуеті артады
Елбасы Н.Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауы ел өміріндегі айрықша құжат саналады. Сондықтан биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауды ескі жүйеден арылудың жаңа жолы деп түсіну қажет.
Аса күрделі әлемдік, саяси-әлеуметтік жағдайлар тұсында жарияланған бұл құнды құжаттың мән-маңызын әрбір қазақстандық жіті түсініп, алдағы мақсаттарға патриоттық жауапкершілікпен нық қадамдар жасауға тиіс.
Осы орайда, жаңа Жолдауды халыққа тереңірек түсіндіру жұмысына теміржолшылар да атсалысып, алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру жайын талқылау мақсатында Луговой станциясында арнайы жиын өтті.
Жиында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ филиалы – ЖТ-Жамбыл бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Үмітбек Рысбеков, кәсіподақ ұйымының төрағасы Серік Ақшораев, Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері Жұмағали Урсаров бастаған топ луговойлық теміржолшылардың басын қосты. Жолдаудың маңыздылығына кеңірек тоқталған бөлімше директорының бірінші орынбасары Үмітбек Есмұратұлы Елбасы өзінің соңғы жылдардағы Жолдауларында көліктік логистикаға айрықша мән беріп отырғанын атап өтті. Биылғы Жолдаудағы міндеттерге жеке-жеке тоқталып, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде өндірістік үдерістерді цифрлау бойынша көптеген жобаларды жүзеге асырып жатқанын тілге тиек етті.
«Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру» атты төртінші міндет аясында Қазақстан арқылы 2017 жылы жүк транзиті 17 пайызға өсіп, 17 миллион тоннаға жуықтаса, 2020 жылы транзиттен түсетін жыл сайынғы табысты 5 миллиард долларға жеткізу міндеттелгенін жеткізді.
– Жүк тасымалын көбейту мақсатында ел ішіндегі және шетелдердегі негізгі жүк айналымының орталықтарында транспорттық-логистикалық орталық жүйесін қалыптастыру бойынша жұмыс жалғасын табады. Біз «Қытай–Еуропа» бағытындағы транзитті-контейнерлі пойыздардың Қазақстан аумағынан өту жылдамдығын арттыру бойынша жұмыс күшейеді. Транзит үшін бастысы – жылдамдық, жүктің сақталуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, – деді баяндамашы. Жолаушылар тасымалында да біршама ілгері басушылық бар. Компания вокзалдарда және пойыздарда жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру жұмыстарын да жетілдіру үстінде екені атап өтілді.
Ерман Әбдиев, Луговой
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті