Тораптық жиын түйіні
Қызылорда ЖТ бөлімшесінің оңтүстігіндегі Шиелі станциясында өткен тораптық жиын бірнеше мәселені көтерді. Оған бөлімше директоры Аманкелді Арысбаев пен магистарльдық желі бөлімшесі директоры Ибраким Басықараев бастаған сала және кәсіподақ басшылары қатысты.
Елбасы Н.Назарбаевтың дәстүрлі «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын насихаттау, Ұлттық компанияның әлеуметтік саясатын іске асыруды әрі қарай жалғастыру мақсатында компания еңбеккерлерін әлеуметтік қолдау, еңбек заңнамаларын және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтау мақсатында, сондай-ақ
«ҚТЖ-ЖТ»АҚ және оның еңбек ұжымдары арасында 2018-2020 жылдарға арналған Ұжымдық шарттағы өзгерістерді түсіндіру және өткен жыл қорытындысы мен ағымдағы жылы атқарылар міндеттерді саралау мақсатында өткен жиын мазмұнды өтті.
Алғашқы сөз кезегін алған А. Арысбаев жуырда бөлімшеге келген «ҚТЖ» ҰК» АҚ персоналдар бойынша Вице-президенті Нұржан Жапарқұл бастаған өкілдер сапарының мән-мағынасына тоқталып, негізгі мақсат Елбасы Жолдауын насихаттау, Ұжымдық шартқа енгізілген өзгертулер мен толықтырулар төңірегіндегі түсіндірме жұмыстары және өткен жыл қорытындысы мен биылғы жылға біздерге міндеттелген жұмыстарды нақтылау шаралары екеніне тоқталып өтті. Аманкелді Қонысбайұлы әрі қарай Жолдауда айрықша баяндалған 10 маңызды міндетке тоқталып, теміржол саласына қатысты 4,7,9-бағыттарға жеке түсінік беріп өтті. Елбасы Жолдауын іске асыру жолында қозғалыс қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтай отырып тасымалды, оның ішінде транзиттік тасымалды арттыра отырып бірлесе, ынтымақ аясында жұмыс жасауға шақырды. Бөлімше басшысы аймақ теміржолшыларының өткен жылы атқарған және биылғы жылы міндеттелген тапсырмаларына да тоқтала кетіп, қандай жұмыс ауқымын болсын игеруге потенциал бар екенін жеткізді.
Мұнан кейін бөлімшенің қауіпсіздік бөлімі басшысы Бекжан Өтеулиев сөз кезегін алып, Елбасы Жолдауы және «ҚТЖ-ЖТ» акционерлік қоғамымен оның еңбек ұжымы арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған Ұжымдық шартта қарастырылған түйінді мәселерді түсіндіріп өтті. Ал бөлімшенің бас ревизоры Бостан Нұрымбетов өткен жылы бөлімше бойынша пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін сақтау барысында орын алған кемшіліктерді атап, оларды қайталамау үшін сақтық пен қырағылық шараларын арттыру, кәсіби білімді жетілдіру және бекітілген міндеттерді әрбір теміржолшының аса жауапкершілікпен атқарып адам капиталын бағалауға, оның өміріне аса қырағылықпен қарауға шақырды.
«Қазкөліккәсіп» ҚБ Қызылорда филиалы төрағасы Өмірбек Жүсіпов жаңа жылдан бастап күшіне енген, үш жылға арналған Ұжымдық келісім шарт тармақтарына қатысты түсінік берді.
Тораптық жиын осындай бірнеше тақырыпты қозғап, түйінді мәселелерді аймақ теміржолышларымен бірге талқыға салып, оның шешу жолдарын да бірге табуға тырысты.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Шиелі станциясы
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды