Жастар жылы-2019: теміржолшы жастар қандай жұмыстар атқарып жүр?

Жолдау
13.06.2019, 15:24
Оқуға 3 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбелік теміржолшы жастарға жетекшілік етіп жүрген Руслан Жұмағалиев небары 22 жаста. Ол теміржол саласында жастар ісімен айналысады. Бұл қызметі үшін оған қосымша қаржы төленбейді. Десек те, жастар ұйымының атқарып жатқан жұмыстары шаш-етектен.

– Біздің негізгі бағытымыз – қайырымдылық шараларын ұйымдастыру. Әртүрлі акциялар өткізіп тұрамыз. Жыл сайын арнайы жоспар құрып, қарттар үйі, балалар үйі, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетеміз. Біздің мекемеде жұмыс жасайтын қызметкерлердің отбасында 7 мүгедек бала бар. Бұл отбасыларды әрдайым назарда ұстаймыз, мүмкіндігінше көмектесеміз. Биылғы жылы да көптеген жұмыстар жасалынды. Осы күз айында тағы да балалар үйіне баруды жоспарлап отырмыз. Теміржолшы жастар өз қалталарынан қаржы шығарып, балалар үйіндегі бүлдіршіндерге сыйлық жасағымыз келеді. Жақында төрт ардагеріміздің шаңырағында болып қайттық, - дейді Руслан Жұмағалиев.

Сөз жоқ, елімізде жастар ісіне арналған бағдарлама аз емес. Елбасы биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Жастар саясатына өз үлестерін қосып жүрген теміржолшы жастар легі де жыл санап артып келеді. Қоғамдық жұмыстарды ақысыз атқарып жүрген жастар міндеттерді өзара бөліскен.

«Қазақстан теміржолы 2009 жылы жастар саясатына басымдық бергеннен бастап осындай шараларды ұйымдастыруды бастадық. Мен бұл жобаға өзім төрт жыл бұрын қосылдым. Қазіргі уақытта қатарымызда 60-тан аса жас бар. Бәрі де теміржолшылар. Мен кеңес төрағасымын. Орынбасарым бар. Арнайы кеңесте 14 адам болып жұмыс жасап жатырмыз. Жастар ұйымы – біздің қосымша жасап жатқан жұмысымыз. Ұйымдастыру жұмыстарында ауызбіршілік танытып, жұмыстарды бөліп аламыз. WhatsApp желісінде арнайы тобымыз бар. Барлық акцияларды, тренингтер туралы хабарландыруларды сол жерге салып отырамыз», – дейді ол.

Жастар ұйымы тек қайырымдылық шараларын өткізумен шектелмейді. «Қазақстан темір жолы» компаниясында жыл сайын тренинг-семинарлар ұйымдастырылып тұрады. Мұндай шаралар жастардың дамуына, өзге өңірдегі әріптестерімен тығыз байланыс жасауға септігі мол. Русланның теміржол саласында жұмыс істеп жатқанына бес жыл болыпты. Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжін 2014 жылы бітіріген. Астанада екі апталық білім жетілдіру курсында оқып келген оны «Шалқар-Бейнеу» темір жол бағыты салынған кезде ашылған жаңа телімдегі Тассай станциясына жіберген екен. Онда ол станция кезекшісі болып екі жыл жұмыс істеп, қозғалыс шаруашылығын басқарудың қырсырымен танысады. Одан кейін тораптық станция Қандыағашқа жұмыс ауыстырыпты.

«Қандыағаш – Ақтөбе өңіріндегі үлкен тораптық станция. Темір жол қызметіне қатысты тәжірибені осы станцияда жинадым. Мұнда жұмыс қыз-қыз қайнап жатады. Кейін қалаға ауыстырды. Жастар бір қызметте тоқтап қалмау керек деп ойлаймын. Біз үнемі өзімізді дамытып отыруға тиіспіз», – деп ой түйіндеді Руслан Жұмағалиев.   

Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет