БҰҰ Транскаспий дәлізін қолдады

Жаңалықтар
19.04.2023, 15:08
Оқуға 2 мин
Қазақстан теміржолшысы

ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Женевада БҰҰ СПЕКА-ға қатысушы елдер министрлерінің интерактивті диалогына қатысты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Отырыс барысында транзиттік маршруттарды әртараптандыру, сауда және көлік рәсімдерін оңайлату, цифрландыру, жасыл бастамалар, сондай-ақ БҰҰ СПЕКА көпжақты серіктестік сенім қорын құру және т. б. мәселелер талқыланды. (СПЕКА - БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған Арнайы Бағдарламасы)

Ә. Қуантыров өз сөзінде атап өткендей, бүгінгі таңда Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы өтетін Транскаспий халықаралық көлік бағыты қазақстандық экспорт пен транзиттік жүктерді тасымалдау үшін қосымша бағыт болып табылады. ТХКБ маршрутының өткізу қабілеті жылына 6 млн. тоннаны құрайды. ТХКБ шеңберінде Ақтау және Құрық порттары арқылы жүктерді ауыстырып тиеу бойынша 2 есе өсім байқалады.

Сондай-ақ, министр️ Қазақстан СПЕКА-ны ұлттық бастамаларды, аймақтық күш-жігерді және БҰҰ тәжірибесін біріктіретін бірегей платформа ретінде қарастыратынын айтты.

"Өткен жылы Қазақстанның төрағалығымен біз жұмыс топтары шеңберіндегі ынтымақтастықты ілгерілетіп, СПЕКА-ны институттандыруда елеулі прогреске қол жеткіздік. Сараптамалық деңгейде жалғасып жатқан талқылаулар Ұйымға қатысушы барлық мемлекеттердің белсенді үлесімен нығайтылуда және биылғы жылы біз СПЕКА процесіне серпін беру үшін күш-жігерімізді біріктіруіміз қажет", - деді министр.

Қазақстан мен СПЕКА-ға қатысушы басқа елдер арасындағы тауар айналымы 2022 жылы $9,4 млрд-қа жетті. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 32%-ға артық ($7 млрд). Қазақстан экспорты 34% - ға ($7 млрд-қа дейін), ал импорт 25% - ға ($2,4 млрд) өсті.

Ә.Қуантыров ҚР Үкіметі кешенді экономикалық реформалар жүргізіп жатқанын, оның басымдықтарының бірі Цифрлық және "жасыл" бастамалар болып табылатынын еске салды. Сөз соңында министр Қазақстан тиімді өңірлік ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшін СПЕКА әлеуетін белсенді пайдалануды жалғастыратынын атап өтті.

Кездесу БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған Арнайы Бағдарламасының 25 жылдығында өткізіліп жатыр. Бұл бағдарлама 1998 жылы 26 наурызда Ташкент Декларациясымен құрылды. СПЕКА-ға қатысушы елдердің құрамына Қазақстан, Әзірбайжан, Ауғанстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан кіреді. Биыл СПЕКА-ға Әзірбайжан төрағалық етеді.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды