New Silk Way форумында теңіз және су жолдары талқыланды

Жаңалықтар
05.10.2023, 15:03
Суретті түсірген Александр Жабчук
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астанадағы  New Silk  Way  VI  халықаралық  көлік-логистикалық бизнес форумы аясында ұйымдастырылған панельдік сессиялардың бірі еліміздегі порттардың әлеуетіне арналды. «Теңіз және су жолдарындағы сауда ағындары» тақырыбында өткен сессияға қазақстандық және шетелдік порт басшылары қатысып,  Каспий теңізіндегі порттар мен терминалдарды және кеме қатынасын дамыту жайы талқыланды.  

Отырыс модераторы  «Құрық порты» ЖШС бас директоры Серік Ахметов  пен «Ақтау теңіз сауда порты» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Абай Түрікпенбаев екі порттың қазіргі даму жағдайынан кеңінен мәлімет берді. Әсіресе Транскаспийлік халықаралық көлік бағдарын дамытуда маңызды рөл атқаратын Ақтау портын дамыту перспективалары туралы тың деректер келтірілді.  

– Бүгінгі таңда Ақтау порты кең ауқымды қоймалық аудандары бар көп мақсатты заманауи терминалдарымен ерекшеленеді, бұл жүктердің сенімді сақталуын қамтамасыз етеді. Техникалық параметрлері мен бизнес-процестері жағынан Ақтау порты халықаралық стандарттарға сай келеді. Ал порттың техникалық жабдықталуы жүктердің көптеген номенклатурасын өңдеуге септік етеді. Биыл 9 айда порт арқылы жүктердің жалпы тасымалдану көлемі 3 млн 386 мың тоннаны құрап, бұл былтырғы сәйкес кезеңге қарағанда 22 пайызға артық болды. Осы жылы 17 316 ЖФЭ контейнер тасымалданса, соның ішінде 12 310 ЖФЭ ТХКБ бойынша өткізілді. Жалпы Еуразия құрлығында контейнерлік тасымалдың болашағы зор. Қазіргі таңда Ақтау портында контейнерлік хаб құру бойынша жұмыстар басталып, арнайы бизнес-модель жасалып та үлгерді, – дейді А.Түрікпенбаев.  

Расымен аталған порттағы контейнерлік хаб жобасының жүзеге асырылуы Каспий маңы және Орталық Азия елдері үшін порт аумағында контейнерлік парк құруға мүмкіндік береді. Мұнда контейнерлерді түсіріп тиеу, қоймалық қызметтер, теміржол тұйықтары, жөндеу цехтары және тағы басқа қызметтер көрсетіледі. Порт басшысының айтуынша, контейнерлік хабтың құрылысын 2025 жылы аяқтау көзделуде. 2023-2024 жылдары порттың жүк ауыстырып тиейтін паркі озық қосымша техникалармен жарақтандырылады. Құрғақ жүктер мен контейнерлерді тасымалдау үшін қуаттылықты арттыруда №3 айлақты ұзарту және 12 айлақты қайта құру жолымен қосымша айлақтар құрылысын салу жобасы жүзеге асырылмақ. Одан басқа порттың қуаттылығын арттыруда мұнай құю инфрақұрылымының қуатын қалпына келтіру мәселесі қарастырылуда. Осылайша порттың контейнерлік және басты жүктерді тасымалдау бойынша өткізгіштік қабілеті жылына 3,8 млн тоннаға дейін оның ішінде 200 мың ЖФЭ-ге дейін арттырылады. Ал мұнай құю қуаты жылына 12,7 млн тоннаға дейін жеткізіледі. Құрғақ жүктер үшін айлақ қабырғасы ұзындығын 750 метрге дейін ұзарту мұнда бір мезгілде 5 кемені қоюға септік етеді. А.Түрікпенбаев сонымен қатар цифрландыруда қол жеткен жетістіктерге де тоқталып өтті.  

Сол сияқты Құрық портының да бүгінгі даму перспективасы сөз болды. Жиында сөз алған ҚР Көлік министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары Қасым Тілепов Құрық портын ірі сауда логистикалық хаб ретінде құру көзделіп отырғанын жеткізді. Құрықта қазірдің өзінде қазақстандық компаниялар араб кәсіпорындарымен бірлесе астық терминалының құрылысын бастаған.  

– Порт инфрақұрылымын дамытудан бөлек жеке сауда флотын құруға да ерекше көңіл бөлінеді. Біз қазіргі таңда «Өзіміздің жүк. Өзіміздің порт. Өзіміздің флот» қағидаты бойынша дамып келеміз. Қазір осы бағытта бірнеше шетелдік компаниялармен бірлескен жұмыстар жүргізілуде. Мемлекет тарапынан инфрақұрылымды дамытумен қатар қауіпсіздік мәселесіне де баса назар аударылады. Сонымен қатар келесі жылы теңіз порттарындағы құжат айналымы бойынша электронды жүйенің ұлттық сегменті жобасын жүзеге асыру жоспарлануда, – деді Қ.Тілепов. 

Ол сондай-ақ көрші Ресеймен, Қытаймен теңіз бассейні әлеуетін тиімді пайдалану бойынша басқа да өзекті мәселелер шешімі қарастырылып жатқанын жеткізді. Бұл үшін Қазақстанда барлық мүмкіндіктер бар. Еліміздің кеме өткізетін шлюздері кеме қатынасын кедергісіз жүргізуге толықтай дайын. Ресейге тасымал көлемін 2-2,5 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Ал Қытаймен мультимодальды тасымалды 1 млн тоннаға көбейту көзделуде. Сессия отырысында Қазақстандағы және Грузия мен Латвия елдерінің, Орталық Азия мен Кавказ елдерінің осы саладағы мамандары сөз алып, порттар арқылы транзиттік тасымалды дамытуға  қатысты ой-пікірлері мен ұсыныстарын  білдірді.  

 

Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады
Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек