Пойызда есірткімен ұсталған азамат 5 жылға сотталды

Жаңалықтар
05.05.2025, 13:30

Өткен жылдың жазында Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Өскемен қаласының 29 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол есірткі құралдарын заңсыз сатты деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жеке тексеру кезінде ер адамның қалтасынан балалар ойыншығына арналған футляр табылып, оның ішінен есірткі затын тұтынуға арналған құрылғы анықталды. Ұсталған азаматтың автокөлігі мен пәтеріне санкцияланған тінту жүргізу барысында марихуана салынған полиэтилен пакеттері тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған есірткі затының жалпы салмағы 30 граммды құрады.

«Бұған дейін қаскүнем есірткі заттарын ақшаға сатқан болатын. Аталған дерек бойынша есірткі құралдарын заңсыз сақтау, тасымалдау немесе сату фактісі бойынша көлік полицейлерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді», - делінген хабарламада.

2025 жылғы 21 сәуірде Өскемен қалалық сотының үкімімен құқықбұзушы 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Еске сала кетейік, жыл басынан бері Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері есірткі айналымына қатысты 152 құқықбұзушылықты анықтады. Оның ішінде 27 сату, 6 аса ірі мөлшерде сақтау және 4 контрабанда фактісі тіркелген.

Заңсыз айналымнан 18 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді.

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда