Негізсіз ақаулар қайдан шығады?

Жаңалықтар
05.09.2017, 17:58
Жол бойының қауіпсіздігін толыққанды анықтау мақсатында мобильді зертханалық вагондар жыл сайын аймақтардағы рельc бойын тексеріп, жолдың ақауын «көбейтіп» кетеді.  Себебі, жол шаруашылығы мамандарының пікіріне жүгінсек, кейінгі шыққан жетілдірілген заманауи техниканың  «сезімталдығы» өте жоғары. Ал қазіргі қолданыстағы РДМ-22 ақаутапқыш арбашықтары 5 мм-ге дейінгі сынықтарды «ақау» етіп көрсетпейді. Әрі зертхана вагоны анықтайтын әлгіндей титтей негізсіз ақаулардан жолға қауіп төнбесе керек. Сондықтан, зертхана вагонының мамандары мен жолшылар арасында осыған байланысты талай түсініспеушілік жағдайлар туындаған көрінеді.    – Рельс зауыттан шығарда жолға бекітілу үшін арнайы тесілген қалыбымен келеді. Бір жылдары арнайы тесілген белгісі жоқ 25 метрлік рельстер келіп, Монтайтас пен Шанақ станциялары арасында салынды. Жолға орналастыру тәртібіне сай дистанциялықтар рельсті өз күштерімен ойып шықты. Оның стандартты мөлшері 36 мм болу керек. Бүтін келген рельстер әр айналым жолына берілген соң, тесетін техниканың  алмастары ескіргендіктен, басқадай да себеп бап шығар, бірі үлкен, бір кішкентай мөлшерде ойылған соң, арасы ашық қалып кетеді. Зертхана вагоны кейде соны да ақау етіп көрсетеді.  Немесе қазір екі рельсті жалғарда ортасын дәнекерлейді. Бұрын дәнекерлеу әлі қолға алынбай тұрғанда екі рельсті бір-біріне жалғау үшін арасынан темір өткізіп тартатын. Кейін сол темір өткізу үшін тесілген ойықтар да  ақау болып  көріне бастады. Кейде басқа  себептермен де рельстерді тарту, қатайту үшін тесетін жағдайлар болады, осындай  белгілі себептермен тесілген нүктелердің бәрін ақау ретінде тіркеле берсе жолда  сау жол қалмайтыны рас, – дейді Арыс жол дистанциясының ақаутапқыш цехының бастығы Қалдарбек Сапыұлы. Тәжірибелі маманның айтуынша, жоғарыда айтқандай «не стандартный» тесіктердің бәрін зертхана «ақау» деп көрсете бергесін, күтімі жақсы, қауіпсіздігі жоғары деген жол телімдерінің өзі жарамсыз болып шыға келеді де, ақауды арттырған деп жолшыға сөгіс береді. Бұл жерде жыл он екі ай жол күтімін жасауға дағдылаған жолшының кінәсі не, бар «кінә» заманауи техника қызметінің әсіре белсенділігінде деп санайды жол дистанциясының өкілі.

Динар МЕЙІРМАН, Шымкент

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты