Машинистер бригадасымен өткен 100 минут...
Жаңалықтар
15.07.2016, 11:12
[gallery columns="1" link="file" size="full" ids="847"]
Маңғыстаудан Алматыға бетке алған жолаушылар пойызының Шұбарқұдық станциясына келуіне әлі жарты сағаттай уақыт бар. Қолдарына «шарманкаларын» ұстаған машинист пен оның көмекшісін тепловоз аялдайтын жерден тосып алдық. Дәулеткерей Қожабаев бірнеше жылдан соң, амандық болса, құрметті зейнет демалысына шығатынын мақтанышпен жеткізді. Енді ше, машинистің қартайғанша тепловоз тізгінін ұстап, зейнетке шығуы әсте де оңай емес біле-білгенге. Біз локомотив шаруашылығында отыз жыл еңбек еткен машинисті құттықтап, «зейнеткерлікке шыққанша шаршамаңыз» деген тілек тіледік. Көмекшісі Нұрболат Бегиманов, әрине орда бұзар отыздан асса да ұстазынан үйренері көп жас. Пойыз құрамы келіп тоқтаған соң, Нұрболат дереу тепловозға мініп, өз міндетін орындауға кірісті. Ал машинист Дәулеткерей Қожабаев пойызды жеткізген машинистен құжаттарды мұқият қабылдап алып, техниканың қалыпты жұмыс жасауын егжей-тегжейлі сұрастырып жатыр. Бірнеше минуттан соң жолаушылар пойызының жүретіні туралы хабарланды... Бұл өткен жылы болған оқиға. Бүгінде машинист пен көмекшісі екі бөлек бригадада. Дегенмен, депо бастығының рұқсатымен машинистер жұмысымен танысу мақсатында Шұбарқұдықтан Қандыағашқа дейін тепловоз кабинасында сапар шеккен 1 сағат 40 минут жайлы әңгімелеудің сәті енді туды. Көмекшінің тепловоздың дайындығы туралы есебін тыңдап болған соң машинист, құрамның қозғалатыны туралы ишара танытты. Станция басынан жай жылдамдықпен жүріп отырып, бірте-бірте жылдамдығын үдеткен пойыз қалыпты жолға түскен соң машинистпен әңгімеміз қайта жалғасты. – Шұбарқұдық пен Қандыағаш арасы жақын, 85 шақырымдай болады. Көп шаршамайсың. Ал Мақатқа қатынайтын болсақ, 310 шақырымды бағындыруың керек. Жалпы біздің жолдардың өз ауыртпалықтары бар. Мәселен, биіктіктер мен ылдилар жиі кездеседі. Тепловозды да соның ыңғайына қарай басқару керек. Әсіресе тақ бағытта қатынағанда сезіледі, – дейді Дәулеткерей Қожабаев. Нұрболаттың локомотив депосында машинист көмекшісі болып жүргеніне 10 жылға жуықтапты. – Машинист ретінде тепловоз басқару құқығына ие болдым. Мүмкін болашақта жеке-дара машинист ретінде де жолға шығып қалармын. Жеке өз басым қандай жұмыс болса да, жауапкершілікпен, адал атқару керек деп түсінемін, – дейді тепловоздың алды-артын айналып келіп, жағдайды баяндап тынбай жүрген машиинст көмекшісі. – Жолға шыққанда алдымен темір жол өткелдеріне мән береміз. Екі аралықта төрт өткел бар. Ерсілі-қарсылы көліктер өтуі мүмкін. Жолға шығып кететін мал-жан өз алдына бөлек әңгіме, – деген машинист отыз жыл тәжірибесінде талай оқиғаға куә болғанын жасырмады. – Мына шаш бекерге ағармаған, бала, – деп қойды шамайын сыйпап қойып... Темір жол өткелдері демекші, биыл «Тальго-Тұлпар» пойыздары қатынағалы өткелдердің барлығында кезекші пайда болыпты. Шлагбаумдар дер кезінде көлік қозғалысын реттеп отырады. Біз жүріп өткен аралықта пойыз кесте бойынша екі станцияға аялдады. Шағын ауылдар болғандықтан, сәйкесінше, жолаушылар қарасы да аз. Екі-үш минут тоқтайды да әрі қарай қозғалады. Есесіне, жол бір телімді болғандықтан, қарсы бағыттағы пойыздар бір-бірін өткізіп отырады. Сондықтан кестеден тыс екі-үш аялдама жасадық. Қалмаққырған станциясына тоқтағанымызда машинист осы өлкенің тарихын әңгімелеп, табиғат ерекшелігін де сөз етті. Келесі разъездге аялдап, қарсы бағыттағы пойыз құрамын өткізіп жібердік. № 36 разъезден қозғала бергенде, пойыз бастығы машинист бригадасына қоңырау шалып, № 5 вагонда 7 жастағы баланың денсаулығы сыр беріп келе жатқанын жеткізді. Машинист көмекшісі дереу Темір станциясының кезекшісіне хабарласты. Ондағы кезекші Жедел жәрдем көлігінің Қандыағаш станциясынан тосып алатынын жеткізді. 1 cағат 40 минутқа созылған сапарымыз әне-міне дегенше осылай өте шықты. Қандыағаш станциясына кіріп келеміз. Күн ұясына батып барады. Машинист бригадасына қай жолға тоқтайтыны хабарланды.Перронда адам қарасы мол. Бірнеше мәрте ысқыртып барып, вокзалдан өтіп барып, созылып зорға тоқтағандай әсер берген құрам «уф» деп дем алғандай болды. Осы жерде бригада ауысады. Өздерін күтіп алған машинист пен көмекшісіне құрамды табыс еткен машинистер бригадасы қош айтысып, локомтившілердің демалыс бөлмесіне кетті. Ертең келесі жолаушылар пойызын Қандыағаштан Шұбарқұдыққа әкетпек...
Асқар Ақтілеу, Шұбарқұдық – Қандыағаш
Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды