Өнерліге өріс кең
Жаңалықтар
08.09.2017, 12:49
«Жолаушылар тасымалы» компаниясында өз ісінің майталмандары ғана емес, өнерді серік еткен жастар жеткілікті. Оның жарқын көрінісін «Жолаушы» деген атпен ән додасына қатысқан топтың екінші орын алғанынан көреміз.
Үстіміздегі жылдың наурызында «Қазақстан» телеарнасында «Ән салады мамандар» байқауы өтіп, үш кезеңнен тұратын сайыс үш айдай мерзімді қамтыған еді. Байқауға 27 команда үміткер болып қатысып, бақ сынады.Солардың қатарында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның еншілес ұйымы «Жолаушылар тасымалы» АҚ қызметкерлері – орталық жабдықтау бөлімінің бас маманы Раушан Әріп, «Солтүстік» аймақтық филианың есепшісі Русланбек Жиеншораев, «Экспресс» филиалының жолсеріктері Данияр Омаров және Азамат Алдамжаров, топ жетекшісі «Вагонсервис» АҚ техникалық-саясат қызметінің басшысы Бауыржан Қилыбайдан құралған «Жолаушы» тобы да болды.
–Біздің Қоғам басшылығына «Ән салады мамандар» байқауы өтетіні туралы хат келіпті. Басшылық тарапынан осы байқауға қатысуға ұсыныс түсті. Біз дайындыққа дереу кірістік. Қоғам қызметкерлері арасында кастинг өткізіп, өнерлі қыз-жігіттерді жинадық. Мақсатымыз бақ сынаумен қатар Ұлттық компания, «Жолаушылар тасымалы» АҚ имиджін көтеру болатын. Осы конкурсқа қатысу барысында теміржолшылар туралы 20 минутты қамтитын бейнеролик түсіріліп, ол байқаудың таныстырылымы барысында көрсетілді, – дейді Бауыржан Қилыбай.
Оның айтуынша, байқаудың бірінші және екінші кезеңдерінде қатысушыларға өздеріне ән таңдауға мұрсат берілмепті. Сол себепті олар ұйымдастырушылар ұсынған «Формат» тобының «Махаббат» әнін, сондай-ақ, танымал кәріс әншісінің «Джентельмен» әнін орындап, екі кезеңнен де сүрінбей өткен. Ал финалда «Жолаушы» тобы өз қалауларымен белгілі әнші Батырхан Шөкеновтың «Отан ана» әнін сәтті орындап, екінші орынды иемденіпті. Айта кетерлігі, үшінші орын алған маңғыстаулық «Каспий әуендері» тобының әншілері, ағайынды жігіттердің бірі теміржолшы болса, екіншісі теңіз портының қызметкері екен. Сондықтан олар д ҚТЖ намысын қорғап, мультимодалды компанияның құрама командасы ретінде өнер көрсетіпті.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты