Келешегі кемел ҚҰРЫҚ

Жаңалықтар
27.10.2017, 09:23
Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Маңғыстау облысына іссапармен барып,  Құрық портындағы паром кешенінің құрылысымен танысты. Премьер-министрге «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жүзеге асып жатқан паром  кешені құрылысының барысы туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев мәлімдеді. Жобаны жүзеге асыру арқылы тәулігіне 8 кемеге қызмет көрсетіп, темір жол вагондарымен және автотрейлер арқылы жылына 7 миллион тонна көлемде жоспарланған жүк ағымын өңдеуді қамтамасыз ететін паром кешені құрылатыны айтылды.    «Былтыр желтоқсан айында алғашқы іске қосу аясында қуаты 4 млн тонналық паром кешенінің теміржолмен құрамдас бөлігі пайдаланысқа берілген. Биыл Құрық порты арқылы 1 млн тоннадан астам жүк ауыстырып тиелді. Бүгінгі таңда Құрық порты паром кешені құрылысының екінші кезеңі жүзеге асырылуда. Батыс және шығыс, флот портының жағалауы, автомобиль пирсы, автомобиль көлігіне қызмет көрсететін нысандар, соның ішінде жүктерді кедендік ресімдеу аймағы бойынша жұмыстар және  түпті тереңдету жұмыстарын аяқтау көзделуде», – деп мәлімдеді компания басшысы. Құрық порты арқылы кедендік жүктердің өту сұлбасы туралы ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы А. Теңгебаев айтып берді. Үкімет басшысына сонымен бірге Құрық портының 2030 жылға дейінгі даму концепциясы, Құрық порты мен Құрық селосы аралығындағы авто жолдарды қайта құру жұмыстарының барысы және де кедендік ресімдеу аймағы ғимаратына, «Маңғыстау» рекреакциялық – инфрақұрылымдық кешенге қатысты интерьерлік шешімдер жөнінде де баяндалды.  Жоба шеңберінде кедендік және шекара қызметімен бірлесе автомобильді өткізу қосыны жобаланды. Аталған нысан көлік құралдарын сәйкестендіру, радиациалық және инспекциялы-тексермелеу бақылауын жүргізу, экспорттық және импорттық ағымдарды бөле отырып салмақты габаритты өлшеуді қамтамасыз етпек.  Жалпы алғанда, кедендік ресімдеу аймағында кедендік және басқа да рәсімдерді жасау бойынша қызметтерді ұсыну «бір терезе» қағидатымен жүзеге асырылмақ. Паром кешені құрылысының жобасын жүзеге асыру аясында Құрық портында Құрық селосы – Құрық порты аралығында автомобиль жолдарын қайту құру қарастырылып отыр. Жоспарланған құрылыс жұмыстарының кешені жолдың және жол имараттарының көліктік-пайдалану жағдайын жақсартып, олардың төзімділігін арттырады. Қолданыстағы автожол 5-ші санаттан 3-ге ауыстырылатын болады. Құрық порты Транскаспийлік халықаралық көлік бағдарының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және ол Қазақстанның Еуразия аймағында көліктік-логистикалық хаб ретінде қалыптасуына айтарлықтай үлес қосады. Бүгінде экспорттық жүктер, атап айтқанда қазақстандық астық, көмір, мұнай өнімдері, тыңайтқыштар, химиялық заттар, сонымен бірге Қытай, Қырғызстан және Өзбекстаннан келетін транзиттік жүктер Құрық порты арқылы  Әзербайжан мен Грузияға, одан әрі Еуропаға бағыт алады.  

Әсел ТӨЛЕГЕНОВА

Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты