Станция басшылары біліктілігін арттырды

Жаңалықтар
26.07.2016, 10:37

DSC_0168

 Тоғыз жолдың торабы Шу станциясында қозғалыс қауіпсіздігін еңсеру, еңбекті қорғау, ақаулардың алдын алу және қозғалыс қауіпсіздігі күні мен станция бастығы күнін сауатты өткізуді мақсат еткен семинар болып өтті. Оған аймақтағы барлық станциялардың басшылары қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, семинар жұмысына Шу станциясы арнайы таңдалып алынып отыр. Өйткені, елімізде кластан тыс қырық шақты ірі станциялар болса, Шу –Қарағанды-Сұрыптау, Арыс станциялары сынды маңызды торап.Басқосуға жиналғандар алдымен Шу белгі беру және байланыс дистанциясындағы полигонда болып, мұнда мамандар комиссиялық байқау кезінде станция басшыларының қандай талаптарды басшылыққа алуы керектігі талданып, түсіндірілді және тәжірибе жүзінде көрсетілді. Ал орталықтандырылған электрлік басқару жүйесінде Шу станциясы бастығының жедел жұмыстар жөніндегі орынбасары Дәурен Мұқатаев станция кезекшілерінің жұмысына шолу жасады. Оның айтуынша, орталықтандырылған электрлік басқару жүйесі станцияның «миы». Тәулік бойы бір тынбай толассыз ағылып жататын  пойыздарды қабылдау, жөнелту осы жерден басқарылады. Сыныптан тыс станцияда ережеге сай екі станция кезекшісі жұмыс жасайды. Яғни, ЭЦ-1, ЭЦ-2 басқару жүйесі бар. Таблода «терезелер» және басқа да басқару жүйелері бар. Ал станцияның аумағы жеті шақырым. ЭЦ-1 кезекшісі кестені бақылап, басқарады. Ал екінші кезекші үш диспетчермен байланысып отырады. Алматы, Қарағанды және Жамбыл диспетчерлерімен байланысып, пойыздардың құрастырылуы және қанша пойыз болады, тағысын тағы мәліметтер диспетчерлер арқылы алынады екен. Сонымен қатар вагондарды дайындаумен айналысатын вагон операторы отырады.  –Мұнда төрт парк бар. Транзиттік паркке пойыздар қойылмайды. Осыдан екі жыл бұрын жолдың жетіспеушілігінен Шу станциясында екі жолды іске қостық. 11 және 13 жол қосылды. Бүгінде парктерде жиырма пойыз құрастырылады. Сұрыптау паркінде 15 жол бар. Ал станция басында жорлаушылар пойызы паркінің үш жолы бар. Ал бірінші және үшінші жолда жолаушылар пойызына су беріледі, - дейді Дәурен Мұқатаев.             Бұдан соң станцияның мәжіліс залында өткен семинар-кеңесті  ЖТ Жамбыл бөлімшесінің Бас инженері Асылхан Тайлақбаев жүргізіп отырды. –Алғашқы жартыжылдықты жаман қорытындылаған жоқпыз. Есепті мерзімде 16 көрсеткіштің тек біреуін ғана орындай алмадық. Қалған көрсеткіштер жүз пайызға орындалды,- деді бас инженер бөлімше жұмысы жайлы мәлімет келтіре отырып, –Бүгінде ұлттық компания басшылығы бизнесті трансфармациялауға назар аударып отырғанын білесіздер. Ол бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар кешегі жартыжылдық қорытындысында таныстырылды. Жүк тасымалын арттыру, оның көлемін кеңейтуде ұлттық компания тарифтік жаңа саясат жүйесін құруда. Бізге пайданы транзиттік пойыздар кіргізіп отыр. Сондықтан транзиттік,  контейнерлік пойыздардың қозғалысын бір минут та тежемеу үшін алдын алабарлық қауіпсіздік шараларын ескеріп отыруымыз шарт. Оның үстіне бүгінде контейнерлік пойыздардың қозғалысын «Тальго» пойызымен қатар жүргізу керек. Ол пойыздар бір минут та кестеден кешікпеуі әрі еш жерде тоқтамауы керек. Сондықтан осы жұмыстарды орындауда станция басшыларының  атқаратын ролі бірінші кезекте сұралатынын ескеріп, ең алдымен қауіпсіздікті қатаң бақылауда ұстау – осы отырған әрқайсымыздың міндетіміз -, деген Асылхан Тайлақбаев станция басшыларының есебін тыңдап, күмәнді мәселелер шешімін көпшіліктің талқысына салды.  Сонымен қатар, семинар барысында еңбекті қорғау, техникалық оқуларды өткізу, сұрыптау жұмыстарын жүргізуде маневрлық жұмыстарды ұйымдастыру тақырыптарында хабарламалар тыңдалып, көпшілік пікір алмасты.         Кеңесте, сондай-ақ  айта-айта жауыр болған мал басу оқиғалары да айтылмай қалмады. Өткен жылы бес мал басу оқиғасы орын алса, ағымдағы жылдың алты айында төрт оқиға тағы қайталанған. Бұл да көрсеткіштерге өз әсерін тигізбей қоймайды. Осы мәселеге қатысты  жаңа ұсыныстар айтылып,  бұған дейінгі талаптарға жаңа өзгерістер енгізу сөз болды.  Бүгінде Жамбыл бөлімшесінде алпыс шақты станция болса, соның қырыққа жуығының  станция басшылары бас қосқан жиында, осылай қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі әр қырынан қаралды. Бас инженердің айтуынша,  бекітілген жоспар бойынша бұл екінші семинар. Жыл соңына дейін тағы да Жамбыл станциясында осындай басқосу өткізу межеленіп отыр екен.

Ерман Әбдиев, Шу

Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда