Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға пойызда үй жануарларын тасымалдау ережелерін еске салады. Үй жануарымен сапардың жайлы әрі қауіпсіз өтуі үшін алдын ала белгіленген талаптармен танысу қажет, деп хабарлайды Rail-news.kz

Жануарларды тасымалдауға қатысты талаптар Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін теміржол көлігімен тасымалдау қағидаларының 10-тарауында көрсетілген. Онда тасымалдауға рұқсат етілетін жануарлардың тізбесі, оларды тасымалдау тәртібі мен шарттары айқындалған.

Жолаушылар пойыздарында тек үй жануарларын өзімен бірге алып жүруге рұқсат етіледі. Олардың саны екіден аспауы тиіс (мысықтар, иттер, құстар, жетелеуші иттер). Үй жануарлары мен құстарды тиісті ветеринариялық құжаттары болған жағдайда ғана тасымалдауға болады. Құжаттарды пойызға отыру кезінде көрсету қажет.

Жануармен бірге жолаушылар пойызында жүру үшін басқа жолаушыларды ықтимал аллергиялық реакциялардан қорғау мақсатында купені толық сатып алу қажет. Жануардың иесі болмаса, оны пойызға отырғызуға рұқсат етілмейді.

Үй жануарларына тек иелері жауапты. Жануарлар арнайы тасымалдау құралдарында (торда, жәшікте, себетте) болуы тиіс. Иесі оларды станцияларда, пойызға міну және түсу кезінде, сондай-ақ жол бойы бақылауда ұстап, тамақтандырып, артынан тазалық сақтауы қажет.

Ірі иттерге тұмылдырық кигізіліп, қарғыбау тағылуы тиіс. Ірі итпен сапар кезінде оның салмағына қарай багаж тарифі қолданылады. Ірі иттер тек бірінші вагонның қызметтік емес тамбурында орналастырылады. Сапар барысында жануарды алып жүру мен оның қауіпсіздігіне иесі толық жауап береді.

Көру қабілеті бұзылған иесін алып жүретін жетелеуші ит кез келген үлгідегі вагонда бола алады. Ол үшін қосымша ақы алынбайды.

Сонымен қатар жануарлармен вагон-мейрамханаға кіруге рұқсат етілмейді. Жолаушылар мен пойыз қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды тасымалдауға тыйым салынады.

Ұлттық тасымалдаушы үй жануарларымен сапарды алдын ала жоспарлауды сұрайды. Жануарларды тасымалдау шарттары туралы 1433 тегін нөмірі арқылы немесе вокзалдардағы билет кассаларынан кеңес алуға болады.

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді