ҚТЖ локомотив пайдалану депосында локомотив паркінің күзгі комиссиялық тексерісі (ККТ) өтеді. Тексеру 10 қыркүйекте басталып, 31 қазанда аяқталады, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Қысқы тасымалдарға 1,6 мыңнан астам түрлі сериялы локомотивтерді дайындайды.
ККТ барысында мамандар тартқыш жылжымалы құрамның техникалық жай-күйін тексеріп, майлау материалдарын маусымдық ауыстыруды орындайды және локомотивтерді тиісті санитарлық және эстетикалық күйге келтіреді.
Жұмыстар қыс мезгілінде локомотивтердің сенімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған.