Сарайшық сапары

Жаңалықтар
26.06.2018, 12:29
Жуырда Атырау жүк тасымалы бөлімшесі ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруы және магистральдық желі бөлімшесінің қолдауымен өлкедегі бір топ ардагер теміржолшылар ежелгі Сарайшық қаласының орнындағы тарихи-мемориалдық кешенге саяхат жасап қайтты.    Жайық өзені жағасындағы Кешен құрылысы 1999 жылы ашылған болатын. Кешен құрамына мешіт, Хандар пантеоны және мұражай кіреді. Мешіттің іші толықтай жасақталып, Михраб, Мінбарлар, Құран, тағы басқа діни кітаптар қойылған.Онда әрбір жұма намазы оқылады. Хандар пантеонының биіктігі 17 метр, 8 қабырғалы. Қабырғалар арасына Сарайшықта жерленген жеті ханға арналып құлпытастар қойылған. Бұл құлпытастарға хандар туралы мәліметтер жазылған. Ал мұражайға Сарайшық қазбасынан шыққан тарихи жәдігерлер қойылып, 14-ғасырдағы Сарайшық қаласының макеті жасақталған. Теміржолшы қарттар әуелі мешітке барып, аруақтарға құран оқытты. Сонан соң «Хан ордалы Сарайшық» мемо­риалды кешенін аралады. «Бұл топырақта есім­дері елге белгілі хандар мен батырлар, әулиелер жерленген. Мөңке Темір, Тоқтағу, Жәнібек, Әмір Оқас, Қасым хан, Шейх Мамай, Жүсіп хандарға арналып жеті құлпытас қойылған. Аңыздарда айтылатын Едіге мен Ер Тарғын батырлар осында жерленген деген дерек бар.Тарихшы ғалымдар қаланың пайда болуын XIII ғасырда, яғни Шыңғыс хан мен Батудың жасаған шапқыншылығымен байланыстырады. Белгілі болған деректерге сүйенсек, бұл орын туралы жазба мәліметтер XIV ғасырдың алғашқы жартысынан басталады да, оларда Сарайшық гүлденген қолөнері мен сауда қаласы болғандығы айтылады, – деп түсіндірді  кешен директоры Орын Сағынбаева көне қала тарихына тоқталып.   Сарайшық туралы алғашқы жазба дерек қалдырған арабтың белгілі географ-ғалымы, саяхатшы Ибн-Батута екен. Бұл жөнінде ол, «Біз ат жеккен арбамен он күн жол жүріп, Сарайжүк қаласына жеттік. Бұл «Ұлысу» деп аталатын үлкен, терең, ағысы қатты өзеннің жағасындағы гүлденген әсем қала екен және дүние жүзіндегі Бағдаттан кейінгі екінші жүзбелі көпір осында екен». Сарай-жүк монғолша «кіші Сарай» деген мағынаны білдіреді. Ол кезде Алтын Орданы үлкен Сарай, Сарайшықты кіші Сарай деп атаған. Бұдан кейін Сарайшық жөнінде жазба дерек қалдырған орыс патшасы Иван Грозныймен дос болған ағылшын көпесі Антоний Дженкинсон. «Теңізден бір күндік сапарда үлкен өзен жағасындағы гүлденген Сарайшық деген қалаға келдік. Шығыс пен Батысты байланыстыратын керуен жолының үстінде болғандықтан қолөнері мен саудасы дамыған қала екен» деп жазған.Қазақ археологиясының атасы Әлкей Марғұлан өзінің 1950 жылы жүргізген қазба жұмыстары нәтижесінде «қала XII ғасырда салынған» деп байлам жасаған. Бұл пікірді, соңғы жылдары қала орнында қазба жұмыстарын жүргізіп жүрген Республикалық археология институтының ғалымдары дәлелдеп отыр. Осындай деректермен таныстырған мұражай экскурсоводы Жанар Диярова, сонымен қатар Алтын қайық, Секер көлі аңызы, музей экспонаттары туралы әсерлі әңгімеледі. Сондай-ақ, Москвадағы Кремль мен Қызыл алаң Сарайшықтың көшірмесінен алынған деген де пікір бар. Қазір кешен маңында заманауи сапар орталығы салынуда. Бұл орталықтың құрылысы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында жүргізілуде екен. Жобаға сәйкес бұл орталық туристер мен келушілер үшін барлық жағдай жасалған толық кешен болады. Мұнда әкімшілік ғимарат, қонақүй, шаруашылық-тұрмыстық үйі секілді бірнеше ғимарат салу жоспарланып отыр. Екі қабатты әкімшілік ғимарат ішінде экспозициялық-көрме залдары, қор қоймасы, 100-150 орындық конференц-зал, зертханалық және қалпына келтіру үй-жайы, кітап қоймасы мен электронды мәліметтер базасы бар кітапхана орналасады. Кешен аумағында лекция өтетін алаңдар, ашық аспан астындағы музей мен этноауыл болады. Ардагерлер осылай көне қала тарихымен қоса жаңа кешен құрылысымен де танысып, осындай шарапатты сапарды ұйымдастыруға септігін тигізген азаматтарға ризашылықтарын білдірді.  Қосұйым Мұқашев, Атырау болысы, Махамбет ауданы
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл