Қауіпсіздікке қызмет етеді
Жаңалықтар
25.07.2018, 17:28
Бүгінде Шымкент вокзалының қауіпсіздігі қаншалықты қамтамасыз етілген? Вокзалға ағылып келіп-кетіп жатқан жолаушылардың қауіпсіздігі қалай сақтандырылған? Бұл туралы бізге тексеруді ұйымдастыру бөлімінің басшысы Қанатбек Рамашев айтып берді.
Шымкент вокзалының кіреберісінде өткен жылдың маусымында іске қосылған телевизиялық рентген құрылғысы, міне, бір жылдан асты жұмыс істеп тұр. Бұл аппараттың міндеті жолаушылардың қол жүктерін тексеру, тыйым салынған күдікті заттар табылған жағдайда акт толтырып, желілік полицияға тапсырады.
– Биыл жыл басынан бері біздің инспекторлардың қатысуымен жолаушылар қол жүгінен тыйым салынған 5 зат анықталды. Ал Қызылордада 7 факті тіркелді, оны айтып отырған себебім, ол да біздің филиалға қарайды. Бір азаматтың сөмкесінен пневматикалық пистолет табылды. Бұдан бөлек 3 кастет, 1 пышақты анықтадық. Бұл фактілердің бәріне акт толтырып, ЖІІБ қызметкерлеріне өткіздік, әрі қарай полицейлер өздері айналысады, – дейді Қанатбек Қарсыбайұлы.
Оның айтуынша, «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңға сәйкес, 2015 жылы 3 сәуірде ҚР Үкіметінің адамдар көп шоғырланатын жерлерге, ғимараттарға тексеру аппараттарын қою туралы қаулысына байланысты «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «ӘТЖК» АҚ арасындағы келісімшартқа сай, Қазақстанның 16 қаласындағы теміржол вокзалдарына осындай телевизиялық аппарат құрылғылары орнатылған. Ең алдымен Алматы, Астана қалаларында ашылып, соңынан облыс орталықтарына қойылған. Бір ғана Шымкент вокзалынан тәулігіне 13-14 мың адам өтеді екен.
Бір ауысымда төрт инспектор жұмыс істейді. Бір аппараттың жанында тұрғанымен, төртеуінің міндеті төрт түрлі. Бірінші инспектор келген азаматтарды күтіп алып, заттар мен жүктерін, мәліметтерін тексеріп, шығарып салса, екінші инспектор жанында тұрған монитордан жолаушы багажында бөгде заттың бар-жоғын бақылап тұрады. Үшінші инспектордың міндеті екінші инспектормен тікелей байланысты. Егер күдікті жағдай анықталса, сөмкені тексерушіге (досмотр) алып барады. Төртінші инспектор аппараттан өтсе де күдікті белгі беріп тұрған жүктерді арнайы детектор металлмен қосымша тексереді. Сондай-ақ, 4 инспектор 20 минут сайын өзара ауысып тұрады, себебі мониторға ұзақ қарап отыруға болмайды, денсаулыққа зиян. Инспекторлар бір тәулік жұмыс істеп, үш күн демалады.
Қанатбек Қарсыбайұлының айтуынша, бүгінде телевизиялық аппарат мінсіз жұмыс істеп тұр. Жұмысшылар арнайы форма киеді. Мұнда сырттан келген кездейсоқ адамдар жұмысқа тұра алмайды. Барлығы да арнайы Халықаралық әуежай академиясы мен Президент күзеті қызметінің арнайы сертификатына ие болғандар.
Тексеру-ұйымдастыру бөліміне халықпен жұмыс жасауда қиындық тудыратын жайттар жеткілікті екен. Себебі, вокзалдың әуежайдан айырмашылығы, мысалы, жолаушы ұшу алаңына бір өзі өтсе, вокзалда жолаушыны он адам шығарып салып, он шақты адам күтіп алып жатады. Ол аздай, жол-жөнекей түрлі станцияларға тоқтайды. Сондықтан, жолаушылардың перроннан кірген кезде де және қаладан кіретін жақтан да тексерілетін себебі осы.
Шымкенттің миллион халқы бар мегаполис статусын алуына байланысты қазіргі вокзалдың жағдайы халық санына сәйкес келмейді. Әсіресе күз бен қыстың қарлы-жаңбырлы күндері вокзалға адамдар топырлап, қысылысып кетеді екен. Бұл өз кезегінде инспекторлардың да жұмысына кедергі келтіреді.
Бөлім басшысының айтуынша, бүгінде вокзалды кеңейту жоспарлануда. Тіпті Бозарық пен Бадам станциясы жақтан жаңа вокзал салынады деген де әңгіме бар. Онда мегополистерге тән қос вокзал болмақ. Бүгінгі Шымкент вокзалы тура қаланың ортасында орналасқандықтан қауіпсіз емес, адам қағу, мал басу оқиғалары болып жатады. Егер жаңа вокзал салынса, қаланың ішіне қалың нөпір мен жүктердің келуі азайып, қауіп тудырмайды деп санайды сала маманы. Бұл – енді болашақтың жобасы.
Жансая СЫДЫҚБАЙ
Суретті түсірген автор
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті