Ұлы мәртебелі қауіпсіздік – күн тәртібінде

Жаңалықтар
09.11.2018, 11:23

Бұл басқосуға бөлімшеге қарасты темір жол мекемелері жетекшілері, бөлім бастықтары, өзге де теміржолшылармен қатар Көліктік бақылау комитетінің бақылау бөлімінің бас маманы Берік Сайрамұлы, Қызылорда ОІІ департаментінің жергілікті полиция аға лейтенанты Бауыржан Байтықов, ЖІІб полиция капитаны Айғали Бақытов, партияның «Теміржол» филиалы төрағасының орынбасары Базара Танбаева, Қызылорда ЖТ бөлімшесі бойынша аймақтық бас ревизорының міндетін атқарушы Бегей Құлахметов қатысты.  

Жиынды ұйымдастырушылар сөзіне қарағанда, дөңгелек үстелді өткізуге «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Магистральдық желі Дирекциясы бойынша пойыздардың қозғалысына қауіп төндіретін жайлар, адамдардың және қараусыз малдың пойызға басылуы, жолға бөгде заттардың қойылуы, жол бойындағы байланыс кабельдерінің және өзге де заттардың ұрлығының көбеюі себеп болып отырған көрінеді. Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Ербол Оңғарбаев, биылғы 9 ай ішінде қозғалыс қауіпсіздігіне нұқсан келтірген жайттарды өткен жылдың есепті мерзімімен салыстыра отырып баяндап, алдағы уақытта осындай өрескел жайттарға жол бермеу, алдын алу үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

– Өздеріңізге белгілі, Қызылорда ЖТ бөлімшесі теміржолшыларына Түркістан-Сексеуіл-Қоскөл станциялары аралығында пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүктелген. Ал Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің пайдаланатын жол ұзындығы – 1051,7 км, оның ішінде екі жолды теміржолдың ұзындығы – 487,9 км, бір жолды жолдың ұзындығы – 572,8 км. Біздің бөлімшеге қарасты 74 станция мен бекет, 32 жол өткелі болса, 31 жол өткеліне күзет қойылған. Бұл аралықтарда қызмет көрсетіп отырған үш жол дистациясы, екі белгі беру және байланыс және екі электрмен жабдықтау дистанциялары бар. Осы аталған мекемелерде ЦЖС Кенжебековтің, НЖС Басықараевтың телеграфтық нұсқаулары бойынша «дөңгелек үстелдер» ұйымдастырылып, пойыздардың жүру қауіпсіздігін сақтаудың барлық амалдары қарастырылуда. Әрине, атқарылып жатқан жұмыс та қомақты. Өкініштісі, жұмыстар жүргізіліп жатса да, нәтиже көңіл көншітерлік емес. Мәселен, биылғы жылдың 9 айында Магистральдық желі дирекциясы бойынша 72 адам, 228 мал басу оқиғасы, 653 рет пойыз машинистерінің шұғыл тежегіш қолдануы орын алған. Соның ішінде Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі бойынша 3 рет адам басу, 13 рет мал басу тіркеліп, пойыз машинистерінің қараусыз жүрген малдың рельс үстіне шығуына байланысты 31 рет шұғыл тежегіш қолдануы орын алды, – деді Ербол Оңғарбаев.

Былтыр бөлімше аумағында 5 рет адам пойызға басылып, соның салдарынан үш адам қайтыс болған. Сондай-ақ, 19 мәрте мал басу оқиғасы және 25 рет шұғыл тежегіш қолдану орын алған. ЖІІБ қызметкерлерінің пойызға басылған мал иелерін іздестіруі нәтижесінде 9 малдың иелері табылып, әрқайсысы әкімшілік жауапқа тартылған.

– Пойыз астына басылған қараусыз малдың иелеріне әкімшілік айыппұл салу немесе ескерту берумен шектеледі, менің сіздерден сұрайтыным – осы жерде пойыздың кешіккеніне және тепловозға келтірілген шығынды өтеу мәселесі аяқсыз қалмай, кінәлі тарапқа жүктелсе екен. Себебі жолаушылар пойыздарының кешіктірілуі орын алған жағдайларда келтірілген шығын жайлы дәйектеме кештеу келіп, біз оны мал иесінен өндіре алмай қаламыз, ол шығындар сол жергілікті телім басшыларынан өндіріліп, телім басшыларының қалталарына ауыр тиіп отыр. Осы жағын қарастыру керек, – дейді бөлімшенің қауіпсіздік жөнінде бас маманы Бақытбек Сәрсенов.

Бөлімше басшылығы адамдардың және қараусыз малдардың пойызға басылу оқиғаларының алдын алу, автокөлік жүргізушілерінің темір жол өткелдерінен өту ережесінің сақтау мақсатында профилактикалық іс-шаралар тұрақты жүргізіліп отырғанын атап өтті. Биылдың өзінде станцияларда 16116 адамның қатысуымен 239, 14453 мектеп оқушыларының қатысуымен 221 мәрте жиналыс өтіп, 18969 мал иелерімен 171 рет кездесу болып, түсіндіру шаралары жүргізілген. Ал Ішкі істер қызметкерлерімен 139 рейд ұйымдастырылып, ауыл, аудан әкімдеріне 126 хат жолданған. Қауіпсіздікті сақтау ережелеріне қатысты заңнан үзінділер 16175 адамға таратылған. Сонымен қатар жол бойының 30,9 шақырымына жаңадан малға қарсы қоршаулар салынып, бұрынғы 135,7 шақырымдық қоршау жөндеуден өткізілген.

Бөлімше директорының вокзал шаруашылығы жөніндегі орынбасары Жандарбек Өтегенов, жиын барысында жолаушылар пойыздары станцияларға тоқтаған кезде, күтіп алушылардың автокөліктерін бейберекет, белгіленбеген орындарға қойып қоюын реттеу, жол кептелісін болдырмау үшін МАИ инспекторлары вокзал маңында кезекшілік атқарса деген ұсынысын жеткізді.

Дөңгелек үстел басына жиылғандарды алаңдататын тағы бір мәселе – магистральдық желінің материалдық құнды заттарының белгісіз біреулер тарапынан ұрлануы болды. Мұнда да ұрының ұсталмай, ұсталған күнде шығынның өтелмей кешіктірілуі секілді сұрақтар талқыға салынды. Мәселен, өткен жылы жеті рет ұрлық фактісі тіркелсе, биыл мұның саны едәуір артып, шығын көлемі де молайған. Мысалы, Қазалы станциясында жол бұрмаларының бөлшектері, ДГКу дрезинасының 2 дана аккумуляторы, 1 дана Р-65 типті 25 метрлік рельс, Жосалыда 2 дана 25 метрлік Р-43 типті рельс, жол дистанциясы мекемесі 64 төсем, 17 балдақ, ал Қорқыт станциясы маңынан МАУМ-К 7х4 типті кабелі ұрланған. Бұл мәселеге қатысты құзырлы өкілдердің пікірі тыңдалып, алдағы уақытта ұрлық фактілерінің ашылуына бірлесіп әрекет ету керектігі айтылды.

Бөлімшеде адамдардың белгіленбеген жерден өтуіне қарсы мердігерлік әдіспен Қызылордада – 3,6 км, Қазалыда – 4,2, Жосалыда 1,9 шақырым аумаққа қоршау салынды. Осындай қоршауды Шиелі, Жаңақорған станцияларына да салу жоспарланғанымен, қаржы тапшылығына байланысты кейінге шегеріліпті. Темір жол бойында қауіпсіздік ережесін сақтау мақсатында Көліктік бақылау комитетінің ықпал жасауының арқасында Аралтеңізі, Қазалы кенті әкімдіктері тарапынан өткелдерге бейнекамералар орнатылған. Енді осындай құрылғылдарды Сексеуіл, Төретам, Жосалы, Жалағаш, Тереңөзек, Қараөзек, Шиелі және Жаңақорған станцияларындағы өткелдерге орнату аса қажет болып отыр. Осы бағытта құзырлы орган өкілдерінің ықпал жасауына өтініш жасалды.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Суреттерді түсірген Өмірбай Түменбай


Жаңалықтар
28.11.2024
ҚТЖ мен ФинИнвест ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Жаңалықтар
28.11.2024
ҚР, РФ және ҚХР терминал салып, бірыңғай цифрлық платформаны пайдаланатын болады
Жаңалықтар
28.11.2024
ҚТЖ мен Ресей темір жолдары бірқатар келісімге қол қойды
Аймақтар
27.11.2024
Кырағы күзет қызметінің сарбаздары
Жүк тасымалы
27.11.2024
Транзиттік вагондар ағыны артты
Әлемде
27.11.2024
Румынияда алғашқы Coradia Stream пойызы іске қосылды
Жүк тасымалы
27.11.2024
Құрық портындағы жаңа астық терминалы экспортқа мүмкіндік ашады
Жаңалықтар
26.11.2024
Жаңа темір жолдардың құрылысы кезінде 157 көпір салынады
Жаңалықтар
26.11.2024
ҚТЖ 2027 жылға дейін 9 терминал салады
Жаңалықтар
26.11.2024
2029 жылға дейін 5 мың км жол салынады
Жаңалықтар
26.11.2024
Оқушылар мен колледж студенттері теміржолшы мамандығымен етене танысты
Жаңалықтар
26.11.2024
Биыл отандық өндірушілермен 1 637 келісімшарт жасалды
Жүк тасымалы
26.11.2024
Достық станциясынан ҚХР-ға тасымалдау жоспары мерзімінен бұрын орындалды
Жолаушылар тасымалы
26.11.2024
Жолаушылар вагондарындағы стоп-кранды пайдалану ережелері
Жаңалықтар
26.11.2024
Ыстамбұлда ТХКБ дамуы талқыланды
Инфрақұрылым
26.11.2024
Павлодар магистральдық желі бөлімшесінің инфрақұрылымын дамыту жалғасуда
Аймақтар
26.11.2024
Күзет мамандары үш тілді қатар меңгеруде
Аймақтар
26.11.2024
Станция басшылары біліктілігін арттырды
Станция тынысы
26.11.2024
Аймақтың бағын ашқан алып құрылыс
Инфрақұрылым
26.11.2024
Жолдарды жаңғырту – жауапты мәселе