Машинистер ұжымындағы мереке

Жаңалықтар
27.12.2019, 13:18
Оқуға 2 мин
Асхат Райқұл

Жамбыл локомотив пайдалану депосында бүгінгі таңда сегіз жүзден астам адам қызмет етеді. Жуырда мекемеде бүгінгі және кешегі буын өкілдерінің қатысуымен салтанатты кеш өтті.

Еліміздің ең қастерлі де қасиетті мерекесі тәуелсіздік күні мен жылды қорытындылауға арналған жиында Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Үмітбек Рысбеков сөз сөйлеп, естелік айтты. «Азаттығымыздың алғашқы жылдарында өзге кәсіпорындар сияқты теміржолдың да жағдайы мәз болған жоқ. Алайда, «Теміржол – ел экономикасының күретамыры» деп бағалаған Елбасы бұл салаға үлкен қолдау көрсетті, шет елдердің тәжірибесін пайдаланып, теміржол көлігін нарықтық қатынастарға сай етіп реформалау жүргізілді. Соның арқасында «Қазақстан темір жолы» құрылып, отандық теміржолдың жағдайы түзеле бастады, бертін келе қосымша 2 мың шақырым жол салынып, локомотив пен вагондар, рельс, т.т керек-жарақ өзімізде шығарылып, дамудың даңғыл жолына түсті. Халықаралық жол-көлік, транзиттік байланыстар нығайып, ел қазынасына түсетін қаражат жыл санап еселеніп жатыр. Осының бәрі – ел тәуелсіздігінің арқасы», – деді Ү.Рысбеков.

Депо басшысы Жолдас Маралбаев сөз алып, мекеменің биылғы қол жеткен жетістіктеріне тоқталып, алдағы жылдың жоспарларымен де бөлісті. Көпшілікті ұлық мерекемен құттықтап:

«Егемендіктің тойын еліміздің бүгінгі буыны зор қуанышпен атап өткеніне куә болдық. Ал осы жолда қаншама аталарымыз, бабаларымыз шейіт болды. Бұл ұлы күн сондай азаматтардың қасық қанымен, қиылған жанымен келгенін ұмытпауымыз керек», – деді. Ал мерекеге арнайы шақырылған қонақтар қатарында Құрметті теміржолшы, талай жыл осы депода тер төгіп келе жатқан ардагер Қазбек Терлікбаев теміржол саласындағы ең күрделі мамандық – машинист еңбегі жайлы сыр шертті. «Бүкіл теміржолдағы жұмыстың негізі – тасымал десек, сол тасымал машинист жұмысына байланысты. Сондықтан машинист жауапкершілігі де зор, жұмысы да жеңіл емес. Сондықтан машинистердің жас буынын тәрбиелеу – біз секілді аға буынға сын болмақ», – деді.

Ұжым қызметкерлері пайғамбар жасына толған ардагер-машинистке айрықша құрмет көрсетіп, иығына шапан жапса, басшылық Құрмет грамотасымен марапаттады. Сондай-ақ, басқосуда бір топ машинистке Құрмет грамотасы берілсе, тағы бір тобына біліктілігін көтеру жөніндегі сертификат тапсырылды. Сондай-ақ жақында ғана Нұр-Сұлтан қаласында өткен Жастар форумында «Жүз жас теміржолшы» қатарына енген жаңа есім – Мейірхан Орысбайға салтанатты жағдайда куәлігі табысталды. Жиын соңында азаттық жолында шейіт болған азаматтардың рухына арналып дастархан жайылып, ас берілді. 

Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?