Жемқорлықпен күрес: ішкі бақылау күшейтілді

Жаңалықтар
17.01.2020, 07:22
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» компаниясы жемқорлықпен күрес шараларына ішкі бақылауды күшейте түсті. Былтыр қоғам тарапынан салмағы басым бірнеше кешенді жобаның жүзеге асырыла бастауы – осының айғағы. Сондай жұмыстардың бірі – бұрын тек «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на қарасты болып, пойыздарға тексеру жүргізіп келген ревизорлар құрамы енді тікелей бас ұлттық компанияның құзіретіне өтуі дер едік.

Компанияның көпфункционалды қызмет көрсету орталығы штатына кіретін бұл жаңа мамандар – жолаушылар пойыздарына мобильді мониторинг қызметінің инспекциялық жұмыс бойынша бас менеджерлері деп аталады. Олардың саны –24 адам. Оның ішінде көп жылдық тәжірибесі бар бұрынғы теміржолшылар да, арнайы сынақтар арқылы жұмысқа алынған өзге құрылымдардан келген қызметкерлер де бар. Қазақстан бойынша шалғай темір жол телімдеріне дейін барып, «Жолаушылар тасымалы» АҚ құрамына кіретін жолаушылар пойыздарын жан жақты, атап айтқанда, билетсіз жолаушыларды, құжаттары дұрыс ресімделмеген жүктерді анықтау және пойыздың ішкі-сыртқы техникалық, антисанитариялық жағдайын пойыз бригадасына хабарламай, аяқасты келіп тексеруге олар екі-екіден бөлінеді. Сондықтан жұмыстары негізінен апталап жол үстінде өтеді. Бұл жаңа қызметке олар өткен 2019 жылдың тамыз айынан бастап кірісті. Солардың бірі Асылхан Өмірсерік өз қызметінің бұрынғы ревизорлардан айырмашылығын толығырақ айтып берді.

– Жалпы мақсат – желі ішінде қандай да бір жемқорлыққа жол бермеу арқылы жолаушылар пойыздарындағы қызмет сапасын жақсарту. Сол үшін жасақталған инспекторлар әр сапарға әр түрлі құраммен араластырылып жіберіледі. Және бізге тура пойыз жүрер уақыты таяғанға дейін қай бағытта, қай пойызға отыратынымыз ешқашан айтылмайды. Тексеретін пойыздарымыздың кестесі тура жол жүрерде ғана қолымызға тиеді. Сонымен қатар еліміздің батыс бөлігіне бүгін бірге барған екінші әріптесім келесі жолы шығысқа барғанда ермей, басқа инспектор бөлінеді. Қолымызға кесте беріліп, неше бағдар, неше пойыз, қай құрам екені көрсетіледі. Жолсеріктерге пойызды тексеруге рұқсат етілген бұйрықты көрсеткен соң, құрам қозғала салысымен тексеруді бастап кетеміз. Көрген кемшілікті бүгіп қалу, тығып қалу дегенге жол берілмейді. Бәрін арнайы рейстік журналға тіркеп, бір данасын пойыз бригадасына қалдырамыз. Екінші данасын басшылыққа жеткіземіз. Инспекторлар пойыз бригадасының бірде-бір кемшілігін жасырып қала алмайды, себебі сол пойызды бізден кейін тексеруге келген басқа инспектор әріптестеріміз дәл сол кемшілікті көріп, өз журналына тіркесе, бұл біздің қызметтегі адалдығымызға сын болады. Жалпы инспекторлар жұмысының өзі ешбір жемқорлық әрекеттерге ерік бермей, тек бар көргеніңді бұлтартпай жеткізуге негізделе отырып құрастырылған. Пойыздарды ҚР Инвестиция және даму министрінің 2019 жылдың 2 тамыздағы №611 бұйрығымен бекітілген Темір жол көлігінде багаж және жүк багаждарын, жолаушыларды тасымалдау ережесіне сай тексереміз, – дейді бас менеджер.

Кезекті сапары Нұр-Сұлтан-Қарағанды бағытында 4 жолаушылар пойызын тексеруге бағытталған Асылхан Өмірсерік пен оның әріптесі Ғалымжан Шалғымбаевпен бірге журналистер тобы да еріп жүріп, жаңа инспекторлардың бір күндік жұмысына куә болдық. Таңертең елорда вокзалына келіп тоқтаған №86 Павлодар – Сарыағаш пойызына отырып, Қарағанды бағытына бет алдық. Пойыз бригадирінің купесіне кіріп, инспекторлар алдымен рапорт кестесі журналына пойызға отырған күн мен пойыз нөмірін, тексеруді бастаған және аяқтаған уақытын жазды. Сонымен қатар пойыз құрамы неше вагоннан тұратыны және одан анықталған барлық кемшіліктер, пойыз бастығының аты-жөні толтырылады. Көшірмесін өзімен алып кетеді. Актіге сондайақ тексеруші инспекторлар есімі тіркеледі. Одан әрі олар пойыз бастығы және электр механигімен бірге құрамды тексеруді бастайды. Осы ретпен аталған пойызды Сарыбел станциясына дейін тексерген инспекторлар 21 вагоннан тұратын пойыздан билетсіз жолаушы таппаса да, бірқатар техникалық кемшілікті анықтады. – Құрам ратификатталған, локомотив бригадасымен арада байланыс жақсы орнатылған. Пойыз жуу құралдарымен жабдықталған. Бағдар парағына сәйкес пойызда 22 жолсерік бар, жол үстінде пойызды 4 арнайы қызметкер жуып, таза лайды. Жұмыс формалары толық. Алайда құрамда 1 дәретхана және вагон аралық есіктердің біреуі жұмыс істемейді. Төсек орындар сапасы бойынша дұрыс үтіктелмеген жаймалар анықталды. Осындай кемшіліктердің бәрін рейстік журналға тіркейміз. Бұдан басқа кемшіліктердің бәрінің есебін жасап, басшылығымызға жібереміз. Осы кемшіліктердің тарихын келесі келгенде біздің әріптестеріміз қарап, олардың жөнделген-жөнделмегенін біледі. Кейбір кемшіліктерді, ақауларды электрмеханигі дереу жөндей алатындай болса, сол сәтте ретке келтіреді. Сонымен қатар жолаушылар шағымына да құлақ түреміз. Бұл пойызда билетсіз жолаушылар жоқ. Оларды түрлі жолмен тексеруге болады. Әрбір жолсерікте отырғызу талоны тіркелген кассалық папка болады, соны салыстыра тексеру арқылы анықтаймыз, – дейді Асылхан Өмірсерік.

Бір айта кететіні, бұл пойыздар одан әрі Алматы, Жамбыл, Шымкент темір жолдарына өткен кезде сол жаққа бөлінген инспекторлар кестеге сәйкес келіп жатса тағы да осындай тексеру жүргізуі мүмкін. Осы пойыз бастығының міндетін атқарушы Мерей Әпселемовтің айтуынша, мұндай рейдтер «Жолаушылар тасымалы» АҚ бойынша бұрыннан жүргізіледі. Бірақ бұл жолы инспекторлар тексеруі барынша қатаңдатылғанын айтады. Бірнеше сағаттан соң Сарыбел станциясында бұл пойыздан түсіп қалып, әрі қарай мінетін №46 Омбы-Қарағанды пойызы келгенше инспекторлар осы станция вокзалының ішкі-сыртқы қауіпсіздік деңгейі мен касса жұмысын тексерді. Ал өз уақытында келген келесі пойызды тексеру барысында құрамның санитарлық-техникалық жағдайына қанағаттанарлық деген баға берілді және билетсіз жолаушы табылмады. Бұл пойыздан Мырза станциясынан түсіп, НұрСұлтан станциясынан Қарағандыға бағыт алған электр пойызына отырдық. Құрамның бір вагонынан бір билетсіз жолаушы анықталды. Одан әрі Қарағандыдан келген бағытымызға қарай Сарыағаш-Павлодар пойызына отырдық. Инспекторлардың рейдтік тексеру жұмыстары мұнда да жалғасын тапты. Жалпы, бірлескен іссапар барысында инспекторлардың тосын тексерулері олардың көргенін көргендей актіге толтырып, ешбір жалғандыққа, көз жұма қараушылыққа жол бермеулеріне негізделгеніне көз жеткіздік. Осы бағытта жұмыс жалғасын таба берсе, жаңа жоба өз нәтижесін беріп, жолаушылар тасымалы қызметіндегі осал тұстар айқындалып, сала жұмысы жандана түсері сөзсіз. 

Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Әлемде
26.08.2026
Жапонияда Токио – Нагоя маглев желісінің құрылысы қайта жандануы мүмкін
Жаңалықтар
26.08.2026
Қазақстанда қала маңы электр пойыздары жаңартылады
Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жүк тасымалы
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты