«Барқыт» жолдарды қамтамасыз етеді
Жаңалықтар
18.10.2016, 12:13
Соңғы жылдары салалық жарыстың көш басынан табылып, жүлделі орыннан түспей келе жатқан Бурабай курорты рельс дәнекерлеу кәсіпорыны солтүстік және шығыс өңіріндегі жол шаруашылықтарының қажеттіліктерін өтеп, өз міндеттерін абыроймен атқарып келеді. Ұзындығы 25, 70, 100, 120 метр болып келетін жаңа рельстерді жасалу технологиясына қарай басын қосып, ұзынөлшемді рельстерді пісіріп шығаратын кәсіпорынның негізгі қызметі «барқыт» жолдарды қамтамасыз ету болып табылады.
Сонымен қатар пайдалануға жарамды ескі рельстерді түзеп, қайта қалпына келтіру және олардан ұзынөлшемді немесе 25 метрлік рельс бунақтарын дәнекерлеп шығару, қала берді ПРСМ – Жолдағы рельсті дәнекерлеу машинасымен рельс бунақтарын қалпына келтіру, сондай-ақ, жолдағы рельстерді жөндеу, яғни рельстің тозып кеткен бастарын, бағыттағыш бұрмалардың айқастырмаларын балқытып қаптастыру, байланыстырушыларды пісіру жұмыстарымен де айналысады. Мұның сыртында, Жол және құрылыстар департаментінің тапсырысы бойынша жолдың үстіңгі құрылымына қажетті материалдар, атап айтқанда, рамалық рельстер, ауыспалы рельстер, рельстік байланыстырушылар, фигуралық рельстер дайындайды. Кәсіпорын былтыр ескі жарамды рельстермен көп жұмыс істепті. Ал биыл жаңа рельстерді пісіріп, дәнекерлеуде екен. Бұрындары рельс бунақтарын пісіру үшін 25 метрлік рельстер Ресей, Украинадан сатып алынатын болса, биылдан бастап жаңа рельстер Ақтөбедегі рельс-арқалық зауытынан жеткізілуде. Және бір атап өтерлігі, бұл рельстерді Бурабай курорты рельс дәнекерлеу кәсіпорнының мамандары ұзынөлшемді рельстерді тасымалдауға бейімделіп жасалған арнайы құрамдармен өздері әкелетін көрінеді, өйткені ҚТЖ мен АРАЗ арасындағы келісімшарт осындай.
Өндірістік-техникалық бөлім бастығы Сергей Барботько алға тартқан деректер, расымен биыл тоғыз айда ескі жарамды рельстермен жұмыс істеуге басымдық берілмегенін айқындай түседі. Айталық, жөнделген ескі жарамды рельстерден 18,453 км/п ұзынөлшемді рельс бунақтары дайындалып, межелі тапсырма 78 пайызға орындалған. Бұған ұзынөлшемді рельстерді пісіру үшін жөндеуге келіп түскен ескі рельстердің көбісінің әбден тозығы жеткені де әсер еткен. Сәйкесінше, теңгергіш рельстер жоспары да межесінен табылмаған. Рельс бунақтары көбінесе блок-учаскелерге дейін ұзартылған телімдерге және теңгергіштері жоқ біржақты рельс телімдеріне пісірілген. Сөйтіп, былтырғыға қарағанда биыл есепті мерзім ішінде Р65 ескі жарамды рельстерден ұзын өлшемді бунақтарды пісіру 120 км/п аз болып отыр.
2016 жылдың бірінші жартыжылдығында 100-120 метрлік рельстерді қабылдау үшін қабылдау қоймасына жүк көтергіш жабдықты орната отырып, қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ, ТУ СТ АО39745182-045-2010 сәйкес, 120,100,7 метрлік жаңа рельстерді 800 метрлік ұзынөлшемді бунақтарға дейін жеткізіп пісіру бойынша бағдарлық картасымен бірге технологиялық үдерістер жасалып, енгізілді, ол РСП-1 цехтарында орнатылған жабдықтарға қарай пісіруге ыңғайлы етіп жасалған. 120 метрлік рельсті ұзынөлшемді бунақтарға бейімдеп пісіру бір уақытта екі технологиялық линиямен жүргізіліп, бірден рельстасушы құрамдарға тиеледі, – дейді бөлім бастығы.
Сергей Барботько Франция, Австрия, Ресей, Украина сияқты елдердің өндірісінен шыққан технологиялық жабдықтарды пайдаланып отырған кәсіпорында жұмыскерлерге қолайлы еңбек жағдайы жасалғанын айтады. Жаңа жабдықтардың енгізілуімен жұмыс едәуір жеңілдеп, өнімділігі арта түскен. Әрі шапшаңдығы да артқан. Бұған жабдықтарды компьютермен басқару көмегін тигізуде екен.
Мысалы, осыдан он үш жыл бұрын кәсіпорын толықтай қайта құрылымдалып, жаңа келбетке ие болғанға дейін бір түйіспені пісіруге шамамен 7-8 минут шамасында уақыт жұмсалатын болған, ал компьютерлік бағдарлама негізінде жұмыс істейтін К-1000 дәнекерлеу машинасын орнатылғаннан бері бұл операция 3 минут ішінде жүзеге асырылуда. Ал Францияның Жейсмар фирмасынан шыққан PRV-250 станогының жөні тіптен бөлек. Оған иненің жасуындай барлық жарықшақты анықтап түсіріп алу үшін фрезамен бір-екі мәрте өтіп шықса, жетіп жатыр.
Біздің рельс дәнекерлеу кәсіпорнының негізгі қызметі – рельс бунақтарын пісіру. Көбінесе, жаңа 25 метрлік рельстерден біз темір жолдарға төселетін ұзындығы 150 метрден 800-ге дейін жететін ұзынөлшемді түйіспесіз бунақтарды жасап шығарамыз. Ал бұл бунақтар пойыздардың қозғалыс жылдамдығын еш алаңсыз көтеруге, жолаушылардың өздерін ыңғайлы сезінуіне мүмкіндік береді. Себебі, түйіспе жолдардағыдай селкілдеу жоқ, сол себептен мұндай жолдарды ауызекі тілде «барқыт» жолдар деп атайды. Оның үстіне, түйіспесіз жолдардың проблемалары да жоқ. Мәселен, түйіспе жолдарда болттар мен өзге де тетіктердің жағдайын үнемі бақылауда ұстау керек. Біздің цехта «айдауға қарсы рельсті пружин» дайындайтын цех бар. Мұнда аты айтып тұрғандай, жолдың үстіңгі қабатына қажетті «айдауға қарсы» материал дайындалады, жол шаруашылықтары жиі тапсырыс беретін бұл материал пойыздардың жүрісі кезінде рельстердің орнынан қозғалып кетпеуін қамтамасыз етеді, – дейді өндірістік-техникалық бөлім бастығы Сергей Барботко.
Бүгінде кәсіпорында түрлі ұлт өкілдерінен құралған үш жүздей адам бір атаның баласындай ынтымақ-бірлікпен жұмыс істеуде. Цехтарда техника қауіпсіздігінің сақталуы міндеттелсе, сәйкесінше, жұмысшылар мен шеберлер арнайы киім-кешек, қорғану көзілдірігімен қамтамасыз етілген, зиянды еңбек жағдайы саналатындықтан тегін сүт таратылып тұрады. Әртүрлі мамандықтың тізгінін ұстаған мамандар кәсіпорында 10-ға жуық жұмыс түрін жүзеге асырады. Кәсіпорын цехтарындағы жұмыстардан бөлек РДК қызметкерлері жол үстінде ПРСМ техникаларымен жол үстінде рельс бунақтарын қалпына келтіру, пісіру жұмыстарын атқаруда. Бұл жұмысқа қатысты жоспар көрсеткіші көтеріңкі. Айталық, тоғыз айда 8790 түйіспені пісіру межеленсе, бұл тапсырма 2225 түйіспеге артық орындалыпты. Сондай-ақ, бағыттағыш бұрмаларды айқастырмаларын қалпына келтіру, рельстің тозған аяқ жағын балқытып құю, жолдағы рельстерді жөндеу, айталық, тозған аяқ жақтарын құю, бағыттағыш бұрмаларды әрлеу сияқты жұмыс жоспары да толығымен орындалуда екен.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
22.07.2026
Жас теміржолшылар Абай еліне рухани саяхат жасады
Әлемде
22.07.2026
Ауғанстанның Пәкістан арқылы өтетін транзиттік саудасы күрт қысқарды
Әлемде
22.07.2026
Өзбекстанда «Ташкент – Хиуа» бағыты бойынша қосымша жүрдек пойыз іске қосылады
Жолаушылар тасымалы
22.07.2026
Елімізде жолаушылар пойыздарын спутниктік интернетпен қамтамасыз ету жалғасуда
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ қызметкерлеріне арналған барлық сервис енді бір платформада
Инфрақұрылым
21.07.2026
Ақтөбе облысында вокзалдарды жаңғырту барысы тексерілді
Спорт
21.07.2026
Теміржолшы Эльбрус шыңында ҚТЖ туын көтерді
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойызы Алматыда өрт сөндіруге қатысты
Қауіпсіздік
21.07.2026
Теміржол өткелдерінде профилактикалық рейдтер жалғасуда
Сұхбат
21.07.2026
Теміржол тарихындағы ең ірі жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда
Әлеумет
21.07.2026
ҚТЖ атынан хабарласатын телефон алаяқтары көбейді
Жаңалықтар
21.07.2026
Еліміздің вокзалдарында кедергісіз орта қалыптасуда
Цифрландыру
21.07.2026
Ақтөбе теміржолы цифрландырудың жаңа деңгейіне өтуде
Инфрақұрылым
21.07.2026
ҚТЖ жыл басынан бері темір жолдың 686 шақырымын жаңартты
Жаңалықтар / Мұрағат
21.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №55 21 шілде 2026 жыл
Аймақтар
20.07.2026
ҚТЖ компаниядағы мемлекеттік тілдің үлесін 92 пайызға жеткізуді көздеп отыр
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
№81/82 «Нұрлы жол – Орал» Тальго пойызында әйелдер вагоны іске қосылады
Инфрақұрылым
20.07.2026
ҚТЖ Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысын жеделдетеді
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ ISO халықаралық төрт стандарты бойынша сертификаттарға ие болды