Интенсивті тренингтер онлайн-режимінде өтуде

Жаңалықтар
21.08.2020, 09:21
Оқуға 2 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ұлттық компаниясында «Нөлдік жарақаттану» стратегиясын іске асыру шеңберінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлері «Қауіпсіздіктің мінезқұлық диалогы», «Жұмысты тоқтату», «Салдарсыз оқиғалар» тақырыптары бойынша еңбекті қорғауды басқару саласындағы құзыреттерді арттыру бойынша оқыту семинарларын ұйымдастыруда.

Интенсивті тренингтер онлайн-режимінде өтуде. Вебинарлар барысында PowerPoint-таныстырылымдар, бейне-фотоматериалдар көрсетіледі. Қатысушылар нақты уақыт режимінде чатта оқытушыларға сұрақтар қою мүмкіндігіне ие.

«Қауіпті жұмысты тоқтату – бұл оқиғаның алдын алу, демек, ауыр жарақаттар мен өлім-жітімнің алдын алу мүмкіндігі», – дейді семинарды ұйымдастырушылар. Олардың алдында «Нөлдік жарақат» Vision Zero тұжырымдамасының талаптарын сақтай отырып, теміржолшыларды өзін-өзі ұстауын, яғни іс-әрекетін ынталандыру міндеті тұр. Осы ретте, мінез-құлық қауіпсіздігі диалогы екі маңызды аспектіні қамтитынын айтар едік.

Біріншісі, кадрлардың кәсібилігі. Өндірістердегі технологиялық процестер үнемі жетілдіріліп отырады, мұндай жағдайда тек кәсіби мамандар ғана сапалы және сенімді жұмыс істей алады. Алайда, олар да кейде қателіктер жіберіп алады.

Міне, осындай жазатайым оқиғалардың барлық фактілерін талдай келе «ҚТЖ» ҰК» АҚ өндірістік қауіпсіздік және экология департаменті, көптеген оқиғалар, жарақаттар мен апаттар, шын мәнінде, жағдайлар мен жабдықтарға байланысты емес, адамдардың қауіпті әрекеттері мен жүріс-тұрысы салдарында орын алып жатады деген қорытындыға келді.

Екінші аспект – ол қауіпсіз жүріс-тұрысты ынталандыру. Осы ретте, ұлттық компанияда «Мінез-құлық диалогтары» – «Өндірістік қауіпсіздік» модулінде қызметкерлерге арналған мобильді қосымша әзірленген болатын. Ол еңбек қорғау саласындағы ықтимал тәуекелдерді жедел хабарлап, басшылықтың әрекет етуіне, сондай-ақ қауіпті жағдайларды жою жөніндегі шаралардың орындалуын бақылауға мүмкіндік береді. Яғни, әрбір қызметкер қауіпті әрекеттер мен жағдайлар туралы хабарлап, қауіпті жұмысты тоқтату қажеттілігі туралы мәлімдей алады, ол үшін оқиғаны мобильді қосымша арқылы автоматтандырылған жүйеге енгізу жеткілікті.

Әрі қарай оқиғаны басшылық бақылауына алып, кемшіліктерді жою және болашақта оны қайталамау үшін шаралар қабылданатын болады. Мобильді қосымша арқылы фото/бейнефайлдарды онлайн режимінде жіберуге болады. Қызметкердің денсаулығына немесе өміріне қауіп төнгені туралы және сол учаскедегі жұмысты тоқтату немесе шара қабылдау үшін хабарламаны жасырын түрде хабарлауға да болады. Теміржолшыларға арналған мобильді қосымшаны пайдаланғаны үшін 4-тен 130 АЕК-ке дейін ынталандыру сыйақысы қарастырылған. 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды